Еңбек түбі – береке

18-қыркүйек күні «Западный» кітапхана-филиалында «Еңбек түбі –береке» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреге К. Укиннің «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлер», Б. Даниловтың «Выбор пути», И. Сикорскийдің «Сто одна профессия пилота» кітабы ұсынылды және «Мысль» «Костанайские новости», «Біздің Костанай» «Қостанай таңы» атты мерзімді басылымдардан мамандық таңдау, еңбексүйгіштік, жауапкершілік өзіне және өмірге шынайы адал көзқарасы нағыз үлгіге айналған адамдар туралы мәліметтер ұсынылды.
Тақырыптық сөремен толығырық танысуға «Западный» кітапханасына келіңіздер!

Абайлаңыз, балалар!

«Южный» кітапхана-филиалында №19 орта мектептің 2 «Б» сынып оқушылары үшін «Абайлаңыз, балалар!» құқықтық әліппе іс-шарасы өткізілді. Қостанай облысы ІІБ патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенанты Асқаров Жәнібек Болатұлы қатысты. Жәнібек Болатұлы жол бойында өзін қалай ұстау керектігін айтып, велосипедпен жүру ережелерін түсіндірді.
Шара барысында балалар жол қозғалысы ережелерінің пайда болу тарихын, алғашқы бағдаршамның қалай пайда болғанын біліп, «Рұқсат етілген және тыйым салынған», «Бағдаршамның үш жарығы» ойындарына және «Жасыл жарық» викторинасына белсенді қатысты. Балалар жол белгілерінің түрлері туралы білімдерін жол қозғалысы ережелері бойынша жұмбақ құрастыру арқылы бекітті.
Соңында «Жол қозғалысының ережелері құрметке лайық» атты тақырыптық сөре ұсынылды.

“Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм”

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті. Спикерлер Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ әрбір қазақстандыққа еліміздің болашағын айқындайтын маңызды тарихи оқиғаға қатысуға мүмкіндік беретін, алдағы референдум туралы түсіндірді.

Тас кітаптың парағын аударған

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай, 6697 бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының сарбаздарының қатысуымен «Тас кітаптың параған аударған» атты тарихи сағат өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы өмірбаяны мен еңбек жолы, шығармалары, жетістіктері жайлы баяндады. Әлкей Марғұланның 1978 жылғы «Қазақ радиосында» жазылған үнтаспасы қойылған бейнежазба көрсетілді. Сарбаздар ғалымның еңбектері туралы сұрақтар қойды. Іс-шара «Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл» атты кітап көрмесімен танысумен аяқталды.

В области активно реализуются крупные инвестиционные проекты

В области активно реализуются крупные инвестиционные проекты. 17 сентября на заседании акимата Костанайской области обсуждались вопросы социально-экономического развития региона по итогам 8 месяцев, а также вопросы подготовки к паводковому периоду 2025 года.

В текущем году значительная часть государственной поддержки была направлена на агропромышленный комплекс. Охвачены практически все этапы производства основных сельскохозяйственных культур и животноводства. Объем финансовой поддержки в этом секторе возрос на 75% по сравнению с предыдущим годом, составив порядка 175 млрд тенге. Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/847658?lang=ru

Балалық шаққа саяхат

2024 жылғы 18 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында «Балалық шаққа саяхат» атты шағын-кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме қазақ балалар жазушысы, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған. Ақынның ұсынған шығармашылығы ұлттық әдебиеттің маңыздылығын насихаттау және рухани мұраны сақтау болып табылады. «Балалық шаққа саяхат» өмірбаянында автор өзінің кедей, қиын балалық шағына шақырып, оны өте әсем және көңілді сипаттайды. «Өлгендер қайтып келмейді» романы соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі ауылдың күнделікті өмірін бейнелейді. «Менің атым Қожа» әңгімесі, әртүрлі күлкілі оқиғаларға түсетін тентек Қожа және ізденімпаз жасөспірім туралы. Жазушы өз кейіпкерлері туралы шынайы және қарапайым, жақсы, мейірімді әзілмен айтады!
Көрме материалымен танысуға шақырамыз!

“Ludi Latini” латын тілі мерекесі

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында, А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы «”Ludi Latini” латын тілі мерекесі» тақырыбында ойын өткізді.
Кітапханашы қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына көшірудің негізгі себептері мен болашағына тоқталып, қазіргі таңда латын графикасының көптеген елдерде қолданылып жүргенін түсіндірді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, презентация арқылы латын қарпімен түрлі тапсырмалар жазып, жаңа әліпби арқылы сөйлемдер құрастырды.

Әлемнің сегізінші ғажайыбы

«Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы алтыншы сынып оқушылары үшін «Әлемнің сегізінші ғажайыбы» атты қызықты кітапханалық сабақ дайындады, ол адамзаттың ең басты құндылығы – кітаптарға арналды. Балалар жазудың эволюциясы, кітап тарихы мен баспа өнері жайында, «жақсы стиль» және «есіңе сақта» деген тіркестердің қайдан шыққандығы, «қызыл жолдан жазу» туралы біліп алды.
Кітапханашы ең ерекше кітаптардың қалай көрінетіндігі – олар балаларға арналған ойыншық кітаптар, фигуралы кітаптар, «дәмді» кітаптар, ең үлкен және ең кішкентай кітаптар, 3D кітаптар, ең ерекше атауларға ие кітаптар туралы айтып берді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға ең қызықты әрі заманауи кітап үйлері – кітапханалар туралы видеоролик көрсетілді. Ал кітапханалық сабағымыздың соңында балаларға кітапханада «ең-ең» кітапты табу тапсырмасы берілді және оны басқаларға ұсыну міндеті жүктелді. Осылайша, ең қалың, ең үлкен, ең кішкентай, ең қорқынышты, ең күлдіргі және ең қызықты – 3D анимациясы бар кітап табылды. Міне, осындай қызықты формада балалар әлемнің сегізінші ғажайып – кітабы туралы көбірек білді!

Жолдау – ел ертеңінің бағдары

13 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» атты тақырыптық сөре безендірілді. Тақырыптық сөреде Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының мәтіні ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 томдық еңбектері мен мерзімді басылымдарынан талқылау материалдары да ұсынылған.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөремен танысуға шақырамыз.

Алпамыс Батыр

2024 жылғы 13 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғындары үшін көшеде промоакция өткізді. Акция «Алпамыс Батыр» эпосының алғашқы басылымының 125 жылдығына арналды. Кітапханашылар мыңжылдық аңыздың мәдени-тарихи мұрасы туралы айтып берді. Қатысушыларға батыр және оның ерліктері туралы ақпараттық бүктемелер ұсынылды.