2024 жылғы 13 қыркүйекте «Киевский» кітапхана-филиалында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күзгі пейзаж» атты кезекті кездесу өткізілді.
Шара барысында кітапханашы балаларға сәндік өнер техникасының тарихымен таныстырды. Қатысушыларға Т. Чепижконың «Апликации из листьев» кітабы ұсынылды. Балалар түрлі-түсті қағаздан контур бойымен пішіндерді қиып, сурет элементтерін жапсырады.
Month: September 2024
Шебердің қолы ортақ
2024 жылғы 13 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Ермексаздан бейне жасау» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларға ермексазбен жұмыс жасау ережелерін түсіндіріп, жұмыс істеуге үйретті. Балалар «Ерте, ерте, ертеде…», «Самые волшебные сказки», К. Чуковский «Сказки детям» ертегілерінен өздері ұнататын ертегі кейіпкерлері – қоян, түлкі, аюдың бейнелерін жасады.
Аққу-қаздар
2024 жылғы 13 қыркүйекте «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 мектептің мектепалды даярлық сыныбы балаларымен «Книгочей» әдеби үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Балалар «Гуси-лебеди» ертегісін қуана тыңдап, сұрақтарға мәтін бойынша жауап берді.
Қағаздан жасалған ғажайыптар
«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларды қағазды бүктеу өнерімен таныстырды, оларға оригами техникасында өз қолдарымен қызғалдақ жасауды ұсынды, жұмыс тәсілдерін көрсетті. Бүктеу әдістерімен түрлі-түсті қағаздан қолөнер жасау туралы кітаптар шолуы балаларға қызықты оригами әлемін ашты. Балалар күзгі гүлшоқтарынан әдемі гүлдер жасай отырып, өз қиялдарын жүзеге асыруға қуанышты болды.
Іс-шара соңында «Күзгі гүл палитрасы» дайын жұмыстардың көрмесі жасалды.
Күн
«Дорожный» кітапхана-филиалында «Күн» үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Жазғы демалыс аяқталды, балалар жазды қалай өткізгендері, қандай кітап оқығандары туралы айтты. Кітапханашы балалардың назарын «ОқыЖәнеЖең» екінші облыстық байқауы қазақ және орыс тілдерінде онлайн режимінде өтіп жатқанына аударды. Байқау шарттарымен таныстырып, ұсынылған кітаптары бар тақырыптық сөрені ұсынды. Балалар үйірмесінің қатысушылары қызығушылық танытты.
Соңында балалар зейінділікке, ептілікке, көрнекі есте сақтауға арналған үстел ойындарына қатысты.
Жаңа кітаптар
2024 жылғы 12 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз» үйірмесінің мүшелері үшін «Жаңа кітаптар» атты презентация өткізілді.
Балаларға кітапхана қорынан жаңа кітаптар ұсынылды. Қостанайлық авторлардың «Балаларға базарлық» атты жарқын иллюстрацияланған кітабы, оған: өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер топтастырылды. «Внеклассное чтение» сериясындағы «Рассказы русских писателей» жинағы, Ағайынды Гриммдердің «Ертегілер жинағы» керемет ертегілермен қуантады!
Отырыс қызықты өтті. Балалар көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылық танытты.
Ұшақ акробаты
«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» балалар клубының мүшелері үшін «Ұшақ акробаты» атты оригами сабағы өткізілді. Кітапханашы балаларға оригами өнерінің не екенін айтып берді. «Оригами. Лучшие модели от простого к сложному» кітабы ұсынылды, танысқаннан кейін балалар өте ерекше ұшақты бүктеп алды.
Созвездие юных талантов, встреча в рамках проекта Талантливые дети – талантливое завтра, ГДБ им. А. С. Пушкина, сентябрь 2024
Бәрін білгім келеді
11 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Бәрін білгім келеді» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларды «Ол кім, Бұл не?», «Сұрақ және Жауап» энциклопедияларымен таныстырып, кітаптардың тақырыптарын ашты. Үйірменің қатысушылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, кітаптар оқыды.
Ел өмірінің ырғағында
2024 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Ел өмірінің ырғағында» баспасөз сағатын өткізді. Кітапханашылар Елбасының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Білім, медицина, ауыл шаруашылығы, су, бизнес, инвестициялар сияқты бағыттарға баса назар аударылды. Кітапхана қызметкерлері 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың сөйлеген сөзінің бейнеролигі мен электронды тұсаукесері көрсетілді.
Баспасөз сағаты «Президент Жолдауынын беттерінен» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.