Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Менің бақытты отбасым» атты оқырман отбасының байқауын өткізді.
Байқауға отбасылар қатысты: Юрьевтер, Ким және Махмудовтар. Іс-шараның басында кітапханашы мерекенің тарихымен таныстырды. Байқау 7 кезеңнен тұрды: «Семейный портрет», «Заморочки в бочке», «Народная мудрость гласит», «Знаю ли я своего ребёнка», «Устами младенца», «Веселые нотки», «Читаешь ты, читаю я, читает вся моя семья!».
Оқырман отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері мен хоббилері, сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы әңгімеледі. Олар мақал-мәтелдер құрастырды, әндердің аттарын тапты, өлеңдер оқыды.
Іс-шараға қатысушылар байқаудың барлық кезеңдерінде белсенділік пен тапқырлық танытты, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды.
Month: September 2024
Менің болашақ кітапханам
2024 жылдың 06 қыркүйегінде «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Менің болашақ кітапханам» атты кітапханаға экскурсия өткізді.
Кітапхана қызметкерлері балаларды жылы қарсы алып, кітап әлеміне қызықты саяхат жасауды ұсынды. Балалар кітапхана тарихы туралы әңгімені үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кітапханашы балаларды кітаптар мен журналдар жинағымен таныстырып, кітаптарды дұрыс ұстау, кітапты қалай таңдау және оқу залында өзін қалай ұстау керектігі туралы әңгімеледі.
Соңында шара жүргізушілері кітаппен жаңа қызықты кездесулер тілеп, балаларды кітапханаға жиі келуге шақырды.
#ОқыЖәнеЖең
Менің отбасым – менің байлығым
Отбасы күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балабақша-мектеп-интернат Қостанай арнайы кешені» КММ 5-7 сынып оқушылары үшін «Менің отбасым – менің байлығым» атты сабақ-ойын өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы отбасының әр адамның өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып берді. Балалар викторина сұрақтарына жауап берді, «Репка» ертегісін қоюға қатысты, кітаптар және журналдармен танысты.
Сонында кітапханашы Тазагуль Жаркинбаевна орындауындағы «Ана, әке туралы» әні шырқалды. Балалардың күлімсіреуі, жылы және тікелей, балалардың жан жылуы осы күз күнінде бәрімізді жылытып, күлімсіреуге мәжбүр етті.
Террорсыз әлем
2024 жылғы 5 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында «Террорсыз әлем» тақырыптық сөре ұсынылды. Ұсынылған кітаптар Қазақстандағы терроризм мен экстремизм мәселелерін ашады, олар ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін үлкен қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Заңы терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерімен таныстырады. Қ. Рахмановтың «Ислам экстремизм мен ланкестікке қарсы» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, Ислам терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы куәландыратын белгілі қоғам және дін қайраткерлерінің мазмұнды мақалалары жинақталған. Сондай-ақ, «жиһад», «фундаментализм», «радикализм» сияқты күрделі ұғымдарға талдау жасалады. Кітап оқырмандардың кең ауқымына арналған. Терроризм мен экстремизм қазіргі өмірдің бір бөлігі. Сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!
Әр түрліміз, бірақ жақынбыз. Мәдени тұтастық
2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Киевский» кітапхана-филиалында «Түрліліктегі бірлік» тақырыбындағы «Ғажайып алаң» қызықты ойыны өткізілді, ол Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналып ұйымдастырылды. Кітапханашы тойдың шығу тарихы, туған халқымыздың тағдыры мен тілін қорғауға бүкіл өмірін арнаған А. Байтурсынұлының қызметі туралы айтып берді. Ол қазақ алфавитін, графикасын, құрылымын және орфографиясын жасап, ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.
Іс-шара барысында, нағыз телевизиялық шоудай, әйгілі ойынның символы болып табылатын секторлармен қамтылған барабан негізгі атрибут болды. Ойыншыларды үш тур бойынша іріктеу кезінде оқырмандар беларусь және украин жұмбақтарын шешіп, ұсынылған сөздер арасынан қазақша үндес татар сөздерін тапты. Ең қиын кезең супер ойын болды. Дегенмен, олар қиындықты жеңіп, Тауке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған Бөгенбай батырдың атын тапты.
Тіл – баға жетпес мұра
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері, Жастар сарайында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – баға жетпес мұра» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің концепциясы 4 бөлімнен тұрды: «Тілдің ғасырлық тарихы», «Тарихта қалған есім», «Тілдердің қауымдастығы – халықтардың бірлігі», «Қазақ тілімен – болашаққа». Қазақ әліпбиі, графикасы, құрылымы мен орфографиясын келешек ұрпаққа мұра еткен А. Байтурсынұлы тұлғасына құрмет ретінде «Тарихтағы есім» атты бөлім ұйымдастырылған.
Тіл – татулық тірегі
2024 жылғы 05 қыркүйек күні «Западный» кітапхана-филиалында «Озат» МАТЛМИ оқушылары үшін «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өткізілді. Кітапханашы тілдің тарихына тоқталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі жарияланғанын атап өтті. Оқушылар төрт кезеңнен тұратын: I кезең – «Бәйге», II кезең – «Полиглот», III кезең – «Ғажайып алаң», ІV кезең – «Жорға» сайыстарына белсенді қатысты.
Іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Тату-тәтті отбасымыз
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері Отбасы, махаббат және адалдық күніне арналған «Тату-тәтті отбасымыз» атты отбасылық ойын-калейдоскоп өткізді.
Кітапханашы барлығын мерекемен құттықтап, биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды деп айтып, және Қазақстанда әр жыл сайын отбасы күні белгілі бір ұранмен өтетінін атап өтті.
«Саулықтың жолында – барлық отбасы!» деген ұранмен ойын бағдарламасы өткізілді. Себебі дені сау өмір салтына дайындық өзінен-өзі пайда болмайды, ол адамның балалық шақтан басталады, ең алдымен, ол туылған және тәрбиеленген отбасы ішінен қалыптасады.
Кітапханашы «Өмір салты – денсаулық» кітап көрмесінің библиографиялық шолуын өткізді. Балалар сау өмір салтына, денсаулығына күтім жасауға, шынығуға, спортпен айналысуға, ойын ойнауға көмектесетін кітаптармен танысты. Балалар қызықты эстафеталарға «Қаппен секіруге», «Допты өткізу», «Қасықтағы картоп» және обручпен жүгіруге қатысты. Сондай-ақ «Ромашканы жина» және «Белдік» сияқты қызықты ойындар ойнады. Шара ұйымдастырушылары балалармен бірге қуаныш пен мерекенің атмосферасына батыруға мүмкіндік алды!
Қазақстан халқы тілдері күнімен!
Бұл-ҚР халқының әмбебап мерекесі, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеуге құрмет. Республиканың барлық мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептерінде, жоғары және орта білім беру ұйымдарында және ғылыми мекемелерінде ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, тілдік конкурстар, поэтикалық кештер, кітап көрмелері және басқа да іс-шаралар өтеді. Жалпы, Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған 300-ден астам ауқымды іс-шаралар өткізіледі.