«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі»

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері 2024 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай оқырмандарға «Ұлттық валюта теңге – егемен Қазақстанның символы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық валютаның елдегі және әлемдік қоғамдастықтың рөлін ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Айдархановтың 2008 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақстан Республикасының валюталық құқығы» атты кітабы валюталық заңнаманың қалыптасу және даму тарихын ашады. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақстан монеталары» кітабы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және 1993-2021 жылдар аралығында шығарылған монеталардың толық топтамасын ұсынады. 2023 жылғы 15 қарашада «Қостанай таңы» газетінде жарияланған А. Айқадамовтың «Тұғыры биік теңге» мақаласы, «2023 жылдың маусым айында шыққан «Ой» журналында «Тарихи әділеттің салтанаты: теңгенің оралуы» атты мақаласы жарық көрді. Қазақстанның монеталары мен банкноттары ұлттық бренд болып табылады. Бұл кітап көрмесі қазақстандық патриотизмге, еліміздің атрибуттары мен рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етеді.

Білім бәрінен маңызды

Ұлттық валюта күні қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында «Білім бәрінен маңызды» атты іскерлік ойыны өтті. Кітапханашы ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, теңгенің айналымға енгізілуімен, теңгенің қай елде басылғанын, ақша бірлігінің авторларының аты-жөнін, қазіргі Қазақстандағы теңге валютасының мәнімен таныстырды. Балалар қаржы ойындарына қатысты, экономикалық жұмбақтарды шешті, мақал-мәтелдерді жалғастырды, басқа елдердің ақша атауларын білді.

Күзгі ағаш

2024 жылдың 8 қарашасында «Станционный» кітапхана-филиалында «Почемучка» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күзгі ағаш» тақырыбында кезекті кездесу өткізілді. Балаларға Е. Шилкованың «Аппликация» кітабы ұсынылды. Бұл кітаптан балалар әртүрлі материалдармен жұмыс жасауды, және түрлі қолөнер жасауды үйренді. Балалар құрғақ жапырақтарды пайдаланып, ағаштың тәжін қалыптастырды, жапырақтарды картонға жапсырды. Ағаш діңі боялды.

Таза Қазақстанның таза болашағы

«Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дружба» жалпы білім беретін мектебінің сегізінші сынып оқушыларына «Таза Қазақстанның – таза болашағы» экологиялық дайджестін дайындады.
Қатысушылар назарына халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаты болып табылатын бағдарламаның басталуы туралы интернет-сайттардан алынған материалдар ұсынылды. Кітапханашы бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелер туралы мерзімді басылымдардағы мақалаларға қысқаша шолу жасады, бағдарламаны Қостанай облысында ілгерілетуге баса назар аударылды.
В. Вахненко «Зеленая зона – для души и тела», В. Мелехова «Зазеленеет, засверкает, заблестит» Қостанай облысында өткізілген акциялар, флешмобтар және челлендждер туралы мақалалар ұсынылды.

Пластилин тарихы

«Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» клубының қатысушылары үшін «Пластилин тарихы» атты мастер-класс өткізілді. Кітапханашы жаңа техника-пластилиндік кескіндеме туралы айтып берді. Балалардың назарын «Балалар әлемі» журналы мен А. Роговиннің «Хочу сделать сам» кітабына аударды. Бұл әдіс бойынша балалар пластилиннен әдемі ваза жасады. Содан кейін олар вазаны кезең-кезеңімен гүлдермен безендірді.

Қостанай жерінің мақтанышы

«Дружба» кітапхана-филиалында Қазақ жазушысы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қостанай жерінің мақтанышы» тақырыптық полкі рәсімделді. Осы тақырыптық сөреде «Қазақстан әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», «Қостанай облысы» энциклопедиясының, И. Дьячковтың «Менің Отанымның даңқты патриоттары» кітабының, А. Ермоловичтің «Бейімбет Майлин» мақаласының өмірбаяндық материалдары «Айналасында», «Ата-бабадан қалған асыл сөз» жинағы, сондай-ақ автордың «Қызыл жолақты тон», «Ел сыры», «Көшпелі маххабат» кітаптары ұсынылған.

Туған өлке туралы өлеңдер мен әндер

2024 жылдың 8 қарашасында «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Совершенство» клубының мүшелері үшін «Туған өлке туралы өлеңдер мен әндер» атты әдеби калейдоскоп өткізді. Шара қонағы қостанайлық ақын Татьяна Кайгородцева болды, ол өз шығармашылығы туралы айтып, Отан, Қостанай туралы өлеңдерін оқыды.
Қатысушыларға «Өлеңдерімен, ақындар ғұмырлы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Жергілікті ақындардың кітаптарымен танысқан оқырмандар Ғафу Қайырбеков, Мариям Хакімжанова, Ақылбек Шаяхмет, Олег Щербинин, Петр Черныш және басқа да авторлардың өлеңдерін оқыды. Белсенді оқырман Галина Петровна Бакуменко Қазақстан туралы ән шырқады. Татьяна Кайгородцеваның өлеңдері, сондай-ақ басқа да қостанайлық ақындардың өлеңдері біздің жүрегімізге еніп, бізді де, ұрпақтарымызды да ұзақ уақыт толғандырады.

Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар

«Станционный» кітапхана-филиалында Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Б. Майлиннің «Ел сыры», «Шұғанның белгісі», «Қарашаш» және басқа да туындылары, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар: Д. Әбдірахмановтың «Тұғырлар биікі, тамыры терен-Би-аға» және басқалары болды.

Күзгі қолшатыр

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Әңгімелесу барысында балалар қолшатырдың астына «жасырылған» – «Времена года» иллюстрацияланған брошюрасы, А. К. Черепановтың «Умелые ручки» сериясындағы «Фигурки из бумаги» кітабы, Н. Ю. Васнецова «365 советов юному мастеру» және тағы басқа кітаптармен танысты. Жұмыс барысында балалар қағаздан конустар жасауды, оларды негізге мұқият жабыстыруды, қолшатырларды ашық күзгі жапырақтармен безендіруді үйренді. Қолшатырлар жарқын және әртүрлі болды.
Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.

Гендерлік тендікке қол жеткізу

2024 жылдың 8 қараша Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Гендерлік тендікке қол жеткізу» атты кітап көрмесің ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру бойынша материалдар, сонымен қатар кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, бұл гендерлік теңдіктің негізгі қағидасы болып табылады.
«Қазақстандағы әйелдер қозғалысы әлеуметтік жанғырудың көрінісі» кітабында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында, соның ішінде гендерлік саясатты енгізуде айтарлықтай рөл атқарған әйелдер туралы ашық көрсетілген. С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» сияқты көркем шығармасындағы кейіпкерлерінің образдары арқылы әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі ашылады. Ә. Құсайынқызы «AQIQAT» журналындағы «Ақысыз енбекті азайту – гендерлік тендіктің бір факторы» атты мақаласында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі отбасындағы теңдікті жақтайтындығын баяндайды.
Көрме қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін әйелдер үшін мотивация көзі болып табылады.