Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында № 15 ОМ 6 сынып оқушылары үшін «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жаса, жайна Тәуелсіздік Қазақстан!» патриотизм сағатын өткізді.
Кітапханашы Тәуелсіздік өзге де мемлекеттердің басты байлығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада танымал өркендеген, дамушы елге айналғанын атап өтті. Қатысушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Сонында «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Астанам – мақтанышым

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларымен «Астана – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларды қаланың жетістіктерімен таныстырып, Елорданың тарихы туралы айтып берді. Балалар викторина сұрақтарына жауап берді, Елордаға арналған өлеңдер оқыды, Астанада болған кезеннің әсерлерімен бөлісті, қаланың көрнекі жерлері туралы әңгімеледі.
Соңында балалар «Астана. Жыр құшағында. Ән қанатында», «Менің жаңа Астанам», Ш. Шахайдың «Астана – менің жүрегім» кітаптарымен және «Мәдениет», «Балалар әлемі» журналдарымен танысты.

Мың бір мақал

2024 жылғы 12 желтоқсанда «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз!» үйірмесінің мүшелері үшін «Мың бір мақал» дидактикалық ойын өткізілді.
Кітапханашы балаларды қазақ фольклорының жанрларының бірі – мақал-мәтелдермен таныстырды. Балалар мақал-мәтелді құрастырып, қосу керек карталармен жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Олар Отан, достық, туған өлке туралы мақал-мәтелдермен бөлісті.
Қазақ мақал-мәтелдерін зерделеу, оларды түсіндіру өскелең ұрпаққа халық даналығы мен қазақтың ұлттық мәдениетін түсінуге көмектеседі.

Ызғарлы желтоқсан

«Дружба» кітапхана-филиалында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ызғарлы желтоқсан» еске алу сағаты өтті. Кітапханашы мерекенің тарихы, қалыптасуының негізгі күндері туралы және 1986 жылғы желтоқсандағы тоталитарлық жүйенің жаппай наразылығы Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы жол ашқаны туралы айтып берді. Бейбіт митингтің себебі, оның қалай өткені және қалай аяқталғаны туралы фактілер келтірілді. Қатысушылар наразылықтың кейбір қатысушылары – Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанованың қайғылы тағдыры туралы біліп, сол қорқынышты оқиғалардың кейіпкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Тәуелсіздік, Отан, ар-намыс және естелік туралы орыс және қазақ тілдерінде өлеңдер айтылды. Сондай-ақ, оқырмандар «Тәуелсіздік шежіресі» кітап көрмесінің материалдарымен танысты.

Оқу – табысқа жеткізеді

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанда «Узкокөлейный» кітапхана-филиалының «ЧИП: Оқимыз, танимыз, ойнаймыз» жобасы аясында №25 орта мектептің 3-сынып оқушылары үшін «Оқу – табысқа жеткізеді» атты іс-шара өтті.
Шара басында кітапханашы кітап оқудың рөлі мен пайдасы туралы айтып, шараға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқуға арналған кітаптарды сыйға тартты. Оқушылар «Кітапты не үшін оқу керек» деген астарлы әңгімені тыңдап, әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтарды шешті. Балаларға «Кім көп оқиды, көп біледі» викторинасы дайындалды.
Шара барысында балалар өздерінің сүйікті шығармаларынан өлеңдер мен үзінділер оқыды. Роман мен әңгімелерден, ертегілерден үзінділер тыңдалды. Қатысушылар оқығандары туралы өз ойларымен бөлісті.

Дәуір: оқиғалар, тағдырлар

2024 жылғы 11 желтоқсанда «Строительный» кітапхана-филиалында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Дәуір: оқиғалар, тағдырлар» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға № 15 орта мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.
«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» презентациясы 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда болған қайғылы оқиғалардың тарихын ашты. Кітапханашы Л. Асанова, С. Мұхаметжанов, Е. Спатаев сияқты сол бір аласапыран кезеңнің қатысушылары мен куәгерлерінің фотосуреттері мен пікірлерін ұсынып, Қайрат Рысқұлбековтың Отанына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Қатысушылар ұлттық батырларды еске алып, өз Отаны үшін мақтаныш сөздерін айтты. Тілек білдірушілер өлең оқыды, елге бақ-береке мен бейбітшілік тіледі!
Сонында тәуелсіз, егемен Қазақстанның қалыптасу жылдары туралы «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» кітап көрмесі ұсынылды.

Ақпараттық-аналитикалық құжаттама

«Кәсіпқой» клубының бесінші отырыстың барысында жылдық есепке қойылатын негізгі талаптар талқыланды. Статистикалық есептің формалары ұсынылды, мәтіндік есептің құрылымы таныстырылды.

Тәуелсіздік шежіресі

11 желтоқсанда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай педагогикалық колледжінің студенттеріне «Тәуелсіздік шежіресі» атты слайд-әңгіме өткізді.
Әңгіме мемлекетіміздің тәуелсіздігінің беттерінде слайдтар көрсетіліп, «Тәуелсіздік жетістіктері» кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолумен ұласты. Оқушылар қазақтың белгілі ақындарының Қазақстан туралы өлеңдерін оқыды. Викторина «Сен Қазақстанды білесің бе?» инновациялық «додекаэдр» технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Осының бәрі салтанатты эмоционалдық асқақтық атмосферасын, өз еліне деген мақтаныш сезімін тудырды, ал жастар өз Отанын тану процесіне белсенді қатысты.

Тәуелсіздік – менің елімнің еркін жолы

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 6 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Тәуелсіздік – менің елімнің еркін жолы» зияткерлік ойынын өткізді. «Ұлы адамдар», «Қазақстан табиғаты», «Бәйге», «Рәміздер» және «Затты тап» бес турдан құрастырылған ойын викторина түрінде өтті.
Ойын барысында қатысушылар Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған адамдардың есімдерін еске алып, мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен мемлекеттік рәміздердің рөлі туралы сұрақтарға жауап берді. Балалар Қазақстанның тәуелсіздік тарихын жақсы меңгергендерін, шапшаң әрекет етіп, ойларын ортаға салып, өздерінің эрудициясы мен мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін көрсетті.
Сонында «Сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным!» тақырыптық сөресі ұсынылды.

Кітаптың тұсаукесері

2024 жылғы 10 желтоқсанында «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Евгений Васильевич Шибаршиннің «На сломе эпохи» 5 томдық кітап жинағының тұсаукесерін өткізді. Өз сөзінде Евгений Васильевич 5 томдық кітап жинағында еліміздің түрлі кезеңдерде басынан кешкен оқиғалар, автордың субъективті пікірлері жазылғаны туралы айтты. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға қатысушылар үшін кітапхана қызметкері Тазагүл Жаркенбайқызы мен «Казачья воля» ансамблінің орындауында ән шырқалды.
Шара соңында Евгений Васильевич келген қонақтарға өз туындыларын сыйға тартты.