Тарих беттерін парақтаймыз

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері 2024 жылдың 10 желтоқсанында Дмитрий Максимович Легкийдің «От техникума к училищу» кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл кітап 2024 жылы Қостанай қаласының 145 жылдығына орай жарық көрді.
Іс-шараға: ардагерлер кеңесінің, Қостанай қаласының мәдениет және білім бөлімінің өкілдері, мұрағат қызметкерлері, тарихи-өлкетану мұражайының, жоғары және орта оқу орындарының қызметкерлері, қалалық кітапханалардың өкілдері, студенттер, Дмитрий Легкийдің туыстары мен жақындары қатысты. Көрермендер үшін ұсынылып отырған кітап-монографияның мазмұнын көрсететін электронды презентация дайындалды.
Шара қонақтары Дмитрий Легкийдің жаңа кітабының шығуымен құттықтады, автор ұйым өкілдеріне өз кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар шара барысында ән шырқалып, күй тартылды. Кітаптың тұсаукесері кітап авторы мен қонақтарға көптеген жағымды әсер қалдырды.

1986 жылғы Желтоқсан

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 негізгі мектеп оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «1986 жылғы Желтоқсан» атты хронограф өткізді.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Бұдан әрі кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, маңыздылығы мен дамуы, республикамыздың тарихи беттері, жетістіктері, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың тәуелсіз мемлекет ретінде танылуы туралы айтып берді.
Тыңдаушылар Қазақстанға арналған өлең жолдарын оқыды, «Біздің Қазақстан» бейнеролигі тамашалап, «Сұрақтарға жауап беру» ойынына қатысты.
№ 9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Қазыбекқызы Ермағамбетова өз сөзінде мұндай іс-шаралардың патриотизмді қалыптастыруда, өз еліне, өз Отанына деген құрмет сезімін оятуда маңызы зор екенін атап өтті

Сәлеметсің бе, қыс мезгілі!

«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін «Сәлеметсің бе, қыс мезгілі!» іс-шарасы өткізілді.
Қыс – жылдың әдемі және ертегі мезгілі, ол өзімен бірге көптеген қуаныш, ойындар, мерекелер және, әрине, ертегі-қысқы кітаптар әкеледі. Жас оқырмандар қыс айлары туралы көптеген қызықты нәрселерді білді, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын бөлігінде балалар табиғат құбылыстары туралы қысқы жұмбақтарды шешіп, ойындарға, «Қысқы викторина», «Қыс не істеді?» викториналарға қатысты. Бұл күні балаларға ғажайыптар мен сиқырдың қысқы әлеміне енуге іс-шарада ұсынылған кітаптар көмектесті. Балалар Г. Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы», С. Я. Маршактың «12 ай», «Морозко», «Ақшақар» және т.б. сүйікті қысқы ертегілерінің сюжеттері мен кейіпкерлерін еске алды.

Өмірі өлеңмен өрілген ақын

Қазақтың ақын қызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Өмірі өлеңмен өрілген ақын» атты жыр сағаты өтті.
Кітапханашы ақын қыздың өмірбаяны, қызметі және шығармашылығымен таныстырды. Поэзия сағатында жазушының «Дала менің қазынам, жыр сандығым», «Туған жер, туған ауыл қымбат маған», «Әйелдерге ода» және т.б. өлеңдері оқылды. Сондай-ақ кітапханашы кітапхана қорындағы «Дауа», «Шілде» кітаптарын және В. Распутиннің повесть мен әңгімелері аудармасы бар «Аударма» кітабын сыйға тартты.
Шара соңында М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза қыз» әні орындалды.

Орманға досыңмен бар!

2024 жылғы 9 желтоқсанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Орманға досыңмен бар!» іс- шарасы өтті. Іс-шараға № 25 орта мектебінің мектапалды даярлық оқушылары қатысты.
Балалар үшін экологиялық ағарту мақсатында серуендеу- танымдық бағыттары ұйымдастырылды. Серуендеу барысында, балалар адамның табиғатты қорғаудағы ролін түсініп, экологиялық мәселелермен танысты. Кітапханашы табиғатта адамның өзін қалай ұстауы жөнінде естеріне салды. Балалар табиғат туралы өлеңдерді оқыды, викториналық сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті, орман жайындағы аңыз әңгімелерді тыңдады, орман не үшін қажет деген ойды тұжырымдады.
Іс шара соңында балалар мектептің жанындағы саябақта құстарға тамақ ішуге орындар жасады.

Таңдау! Немесе ешқайда бармайтын жол

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназия оқушылары үшін «Таңдау! Немесе ешқайда бармайтын жол» атты ақпараттық минут өткізді. Презентация арқылы кітапханашы ата-ана құқығының маңыздылығы туралы айтты. Ата-аналар баласының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті екенін атап өтті. Баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты.
2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ұсынды. Ол баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, балалардың денсаулығын сақтауға, өмір сүруге, жеке бас бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа құқығы бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екендігі туралы айтылды.
Шара соңында «Предупреждён – значит вооружён!», тақырыптық сөремен таныстырып, буклеттер таратылды.

Қасиетті Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары

2024 жылдың 6 желтоқсанында «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ғ. Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ 3 сынып оқушылары үшін «Қасиетті Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында еліміздегі қасиетті орындар, кесенелер жайлы ақпарат берілді. Деректі бейнеролик көрсетілді. Оқушылар 4 топқа бөлінді, төрт түрлі кесененің суреттері берілді, оқушылар кесененің атын тауып, сол жайлы берілген ақпаратты айтып, тақырыпты бекітті.

Біз өмірді таңдаймыз!

«Дружба» орта мектебінің сегізінші сынып оқушылары үшін «Біз өмірді таңдаймыз!» атты кітапханалық квилт өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіретін жаһандық проблемалары – нашақорлық, алкоголизм, ЖИТС, бұл проблемалардың шығу тегі, адамдарға немен қауіп төндіретіні туралы айтып берді.
Балалар олардан қалай аулақ болу керектігін талқылады, содан кейін әрқайсысы өз өмірін бақытты ету үшін не қажет екенін түрлі-түсті қағазға жазды. Балалар осы стикерлерден түрлі-түсті квилт жасады.
Барлық қатысушылардың қызығушылықтары әртүрлі, бірақ бәрі ең бастысы: отбасы, достары, үйі, сүйікті ісі екенін атап өтті. Шара соңында барлығына «Өзіңді күту» жадынамасы берілді.

Қағаздан жасалған қолөнер

6 желтоқсанда «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушыларымен бірге «Қағаздан жасалған қолөнер» атты шеберлік сыныбы өтті. Кітапханашы балаларды қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету бойынша Гульянц Э. К. «Учите детей мастерить», Роговин А. «Хочу сделать Сам» басылымдарымен және «Маленькие художники» журналымен таныстырды. Қатысушылар түрлі-түсті қағаздан бақалар жасады, барлық жұмыстар ерекше және қызықты болып шықты.

Кітапқұмарлар

2024 жылдың 6 желтоқсанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында №25 мектептің мектепалды даярлық сыныбының балаларымен «Кітапқұмарлар» әдеби үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Кітапханашы «Дюймовочка» ертегісін оқыды. Балалар мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.