Біз мамандықты таңдаймыз, мамандық бізді таңдайды

2025 жылы 15 қаңтарда «Северный» кітапхана-филиалында «Біз мамандықты таңдаймыз, мамандық бізді таңдайды» тақырып төңірегінде диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға «Жас шекарашы» клубының мүшелері, ҚР Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің лейтенаттары Жалелов Ерасыл Султанович және Саужанов Осман Абаевич, Ауғанстан соғысының ардагері Пимичев Виктор Иванович қатысты.
Іс-шара барысында шекара қызметкерлері өздерінің осы мамандықты таңдаған себептерін, жұмыс барысын, кітапхана қызметкері Ахметжанова Лаура Тургумбайкызы өзінің оқыған мамандықтары жайлы айтып берді. Оқушылар мамандықтарға, жұмысқа қатысты қызықтырған сұрақтарын қойды.
Соңында мамандықтарға арналған тренинг өткізілді, оқушыларға сыйлықтар берілді.

«Сұлу жырлы, сұңқар ақын»

2025 жылдың 16 қаңтарында Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы, ақын, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлының 90 жылдық мерей тойына арналған «Сұлу жырлы, сұңқар ақын» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмеде кітапхана қорынан Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның «Иірім», «Егіз жолдар», «Көкейкесті», екі томдық өлең жинақтары т.б. еңбектері мен «Жұлдыз», «Мұқағали», «Аңыз адам» мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар, сондай-ақ ол туралы қанатты сөздер және әдебиеттер ұсынылған.

«Біз Сіздерді мадақтаймыз, Еңбек Қаһармандары!»

2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осы күнге «Біз Сіздерді мадақтаймыз, еңбек қаһармандары!» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге «Қостанайлықтар – еңбек Ерлері» атты кітаптар қойылды, кітапта еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және еңбекке адалдықтың үлгісі болған облысымыздың әрбір еңбеккері туралы баяндайды. «Өлкетану»кітабында туған өлке тарихының куәгерлер – Ж. Демеев, С. Буканов, К. Дөненбаева және т. б. туралы материалдар табуға болады. Л.Переверзевтің «Совхоздық бесжылдық» кітабында «Құрмет Белгісі» орденінің иегері «Краснопартизанский» совхозының құрылуы, дамуы, жұмысшылардың еңбектері мен жетістіктері, кәсіби шеберлігі сипатталған. С. Туленовтың «Менің туған өлкем» кітабы тың жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған. Қостанай ауданы тарихының жарқын беттері туралы баяндайды. Сондай-ақ, оқырмандар назарына «Қостанай–тың планетасы, В. Сидоровтың «Үлкен нан» және ЖЗЛ сериясынан «Нан мен металдың өлкесінде» атты кітаптар ұсынылды.
Еңбек Ерлері–бұл елдің қаймағы, адамдар олармен теңесу керек, олардың еңбек қызметі жастарға үлгі болуы керек.
Жұмысшы мамандықтар жылы–бұл жақын арада сұранысқа ие болатын, мамандықтар бойынша өзінді табу мүмкіндігі.

Ұлы Дала Әншісі

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Ұлы Дала әншісі» тақырыптық сөресі рәсімделді. Бұл тақырыптық сөреде «Литература Казахстана», «Қазақ әдебиеті», «Тарихи тұлғалар» энциклопедияларының өмірбаяндық материалдары, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы, «Ілияс Есенберлиннің поэзиясы» жинағы, Р. Жантыкеевтің Атбасардағы Есенберлин мұражайы туралы «Точки духовного притяжения», З. Москау «Родительский дом – начало начал» жазушының балалық шағы туралы және т.б мақалалары сияқты мерзімді баспасөз материалдары ұсынылды.

Соны іздер

Қазақ жазушысы Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Соны іздер» тақырыптық сөресі рәсімделді. Осы тақырыптық сөреде «Литература Казахстана» , «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясының өмірбаяндық материалдары, автордың шығармаларының жинағы, «Тәуелсіздік толғауы», «Хранители сокровенного» кітаптары, Б.Тұраштың «Жазушы Сәбит Досанов дүние салды» мақалалары сияқты мерзімді баспасөз материалдары және т. б. ұсынылған.

«Әбу Насыр әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы»

2025 жылғы 14 қаңтарында «Узкоколейный» кітапхана филиалында Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әбу Насыр әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде оқырмандар Ұлы философтың өмірі мен шығармашылығы туралы біле алатын энциклопедиялар, автордың шығармалары, мерзімді басылымдар ұсынылған. Философия, математика, музыка теориясы, астрономия бойынша аса көрнекті ғалымның еңбектері, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық трактаттар ортағасырлық Шығыс философиялық ойының дамуында орасан зор рөл атқарды. 2024 жылғы № 9 «Мысль» журналында Б. Тохтахуновтың «Әл-Фарабидің рухани мұрасы» мақаласынан оқырман Ұлы мұғалімнің мұрасын зерделеу жөніндегі ғылыми орталық туралы, оның атына көп көңіл бөлінетіні туралы, сондай-ақ көптеген қалалардың көшелері мен республикамыздағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аталғаны туралы біле алады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің кітапханамызға көрмемен танысуға шақырамыз!

«Құдіретті сөздің дүлдүлі»

2025 жылдың 14 қаңтарында Н. Островский ОҚК қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршының бірі Жамбыл Жабаевтің кітапхана қорынан жасақталған бірегей басылымдардың ұсынылуымен ақынның өмір жолы және шығармашылығына арналған «Құдіретті сөздің дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жыршының кітаптары бүгінгі күнге дейін оқырмандардың ықыласына бөленіп келеді. Көрмеге жыраудың өз бағасын алған 10- томдық шығармалар жинағы, ақынның ел аузында сақталған айтыстары мен өлеңдері, көп жылғы ізденістерінен туындаған «Жамбыл әлемі», «Жамбыл Жабаев», «Жамбыл энциклопедия» атты пайдаланушылардың ақынның шығармашылығына қызығушылығын оятты.
Кітапхана оқырмандарын қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтермен таныс болуға шақырамыз.

«Рухты асқақтатар рәміздер»

Н. Островский атындағы ОҚК оқырмандары үшін «Рухты асқақтатар рәміздер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының басты рәміздері қазақстандықтардың құндылықтарын бейнелейді: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық және жарқын болашаққа ұмтылу. Кітап көрмесіне «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы», Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтерді ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы материалдар, олардың нобайлармен жұмыс істеу естеліктері қамтылған. Бұл кітап көрмесінде мерзімді басылымдарындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған: Болысбай А. «Мемлекеттік рәміздер ұлықтау – ақыл», Құрманғали А. «Мемлекеттік рәмізге деген құрметтен басталады» мақалалары берілген. Мемлекеттік рәміздерге арналған кітап көрмесі қазақстандық патриотизмді насихаттайды, оқырмандар мен өскелең ұрпақты ел рәміздерін құрметтеуге тәрбиелейді.

#ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 19 жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық ұжымы арасында облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқаудың шарттары мен мақсаты туралы айтып, Ережемен таныстырып, барлық ақпарат жарияланған https://kitap10.kz/ сайтын ұсынды. Соңында кітапханашылар ұстаздарды сайысқа белсенді қатысуға ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен ата-аналарды тартуға шақырды.

#ОқыЖәнеЖең

01 ақпанда III облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауы басталады. Осы мақсатта «Узкоколейный» кітапхана-филиалының кітапханашылары № 25 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқаудың шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып, Қостанай облысының әрбір тұрғынының кітап оқу ғана емес, сол үшін ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Кітапхана қызметкерлері байқау қазақ және орыс тілдерінде, үш жас санатында өткізілетінін атап өтті, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер үшін 01 ақпанынан бастап байқаудың https://kitap10.kz/ ресми сайтында тіркелу қажеттігін айтты.