Халыққа және елге қызмет ету

14 қаңтар күні «Станционный» кітапхана-филиалында № 15 ЖМ 8 сынып оқушылары үшін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, профессор Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
Кітапханашы авторының өмірбаянымен, кеңінен танымал «Тау жолы», «Екінші өмір» романдары, «ХХ ғасыр» эпосы, «Белая аруана» повесі, «Қазағым-ай, қайда кетіп барасын» өлеңдер жинағы және тағы басқа шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ ол еліміздің көптеген театрларында қойылған «Дауыл», «Завтра бюро», «Тозақ шеңбері» пьесаларын жазғанын атап өтті.
Сонында «Кітапты жаныңмен сүй» кітап көрмесіне шолу жасалды.

#ОқыЖәнеЖең

2025 жылдың 14 қаңтарында Н. Островский атындағы кітапхана қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназиясында» КММ «#ОқыЖәнеЖең» үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға байқаудың мақсаты: қала тұрғындарының назарын заманауи тұлғалардың кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне аудару керек екенін түсіндірді. «#ОқыЖәнеЖең» онлайн оқу байқауын өткізу туралы ережесімен таныстырды, электронды презентация және бейнеролик көрсетіп, байқаудың ережелері мен 2024 жылғы қорытындысына тоқталды. Мұғалімдер мен оқушылар онлайн оқу байқауына қызығушылық танытты.

#ОқыЖәнеЖең

2025 жылдың 13 қаңтарында Н. Островский атындағы кітапхана қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 14 негізгі орта мектебі» ҚММ «#ОқыЖәнеЖең» облыстық онлайн байқауын насихаттау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

2025 жылдың 13 қаңтарында Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» облыстық байқауын түсіндіру мақсатында үгіт – насихат жұмыстарын өткізді. Және осы байқаудың мақсаттары мен міндеттері, байқаудың шарттары мен ережесі туралы қысқаша баяндалды. Сондай-ақ 3-ші кезеңнің жас санаттарына қарай С. Бегалин «Бала Шоқан», Б. Қабиқызы «Тауқымет», М. Мағауин «Әңгімелер жинағы» шығармалары таңдалғаны жөнінде ақпарат берілді.

Қалам иесі

«Қостанай облысының тұлғалары» жобасы аясында «Киевский» кітапхана- филиалының қызметкерлері журналист-жазушы Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толуына орай №9 мектеп оқушылары үшін «Қалам иесі» атты дауыстап оқу өткізді.
Шара басында кітапханашы жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы толығырақ айтып өтті. Кітап көрмесіне қойылған автордың таңдаулы туындыларынан балалар өлеңдер оқыды, ұсынылған шығармалардан қызықты үзінділер оқылды. Шара соңында балалар жазушының шығармашылығы туралы сұрақтар қойды.

#ОқыЖәнеЖең

№22 орта мектептің педагогикалық кеңесінің отырысында «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауы бойынша түсіндірме әңгіме өткізді.
Баяндамада жалпы жұртшылық арасында кітап оқуды насихаттау, жазба сөз бен қаламның беделі мен мәртебесін көтеру, оқымайтын ортада оқуды дамытудың басым бағыттарына тоқталды.
Онлайн байқаудың шарттары, кезеңдері мен Ережесі толығырақ сипатталды.

ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының ұжымы физика-математика лицейінің педагогикалық ұжымы арасында облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқаудың шарттары мен мақсаты туралы айтып, Ережемен таныстырып, барлық ақпарат жарияланған https://kitap10.kz/ сайтын ұсынды.
Педагогикалық ұжымы ақпаратқа қызығушылық танытты, ал кітапханашылар мұғалімдерді ата-аналар мен оқушылар арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысуға шақырды.

Елбасы жолдауы – Болашаққа бағдар

09 қаңтар 2025 жылы кітапхана-филиалы «Строительный» Елбасы жолдауы – Болашаққа бағдар атты тақырыптық сөре ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 02 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» жолдауының мазмұнын ашатын, көп қырлы құжат ел дамуының стратегиялық бағыттарын қамтиды. Тақырыптық сөреде «Дәстүр», «Мысль» журналынан, «EGEMEH QAZAQCTAH» газетінен ел дамуындағы елеулі табыстар туралы мақалалар ұсынылған. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім берудің маңыздылығы техникалық және кәсіптік білім беру реформаларын жүзеге асыру мен жұмысшылардың, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру туралы пікірлер ұсынылды.
Құрметті оқырмандар! Сізді тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.

ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхан-филиалының қызметкерлері облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында № 18 орта мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар презентациямен сүйемелденген байқаудың шарттары туралы айтып, байқаудың Ережесі мен жүлде қорымен таныстырып, байқау туралы барлық ақпарат жарияланған https://kitap10.kz/ сайтын ұсынды. Қорытындылай келе, мұғалімдердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайтын онлайн-байқауға қызығушылығы артып, талқылау барысында оқушылармен бірге байқауға қатысуға шешім қабылдады.