Алғыс айту – парызым

«Западный» кітапхана-филиалында индустриалды-педагогикалық колледж студенттері үшін алғашқы көктемгі мерекенің пайда болу тарихы туралы «Алғыс айту – парызым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы Алғыс айту күні барлық ұлттар мен ұлыстарды достық пен келісімде біртұтас тұтастыққа біріктіретін 9 жыл аталып өтілетіндігіне назар аударды.
Студенттер қонақжай қазақ жері туралы, қазақ халқының мейірімділігі туралы өлеңдер оқыды. Кітапханашы «Алғыс – ризашылықтың асыл қасиеті» кітап көрмесінің материалдарымен таныстырды, онда еліміздің аумағында тұратын халықтар туралы әдебиеттер, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылды.

Төрт түлігім – ырысым

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Төрт түлігім – ырысым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға төрт түліктің пірлері, төлдері туралы түсінік беріп, төрт түлігіміздің пайдалы жақтарын түсіндіріп өтті. Үйірме мүшелері төрт түлік туралы білетін мақал мәтелдер, тиым сөздерін айтып, Ө. Ақыпбекұлының «Төрт түлік, үй құстары, ит, мысық та – құт бәрі» кітабынан жұмбақтар шешті. С. Оспанұлының «Адамгершілік әліппесі», Р. Сәтімбеков, Р, Әлімқұлованың «Жануарлар әлемі», «Төрт түлік» кітаптарынан қой, түйе, сиыр, жылқы малдарына арналған өлеңдер, әңгімелер оқып, жануарлар әлемімен жақынырақ танысты.

Мәдениет – адал өмір

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Мәдениет – адал өмір» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Ол келушілерге құқық, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін ашатын басылымдармен танысуға мүмкіндік береді. Сөреге келесі кітаптар қойылған: Г. Ф. Поленов, «Уголовное дело Республики Казахстан» – Қазақстандағы қылмыстық процестің ерекшеліктерін, соның ішінде құқық нормаларын талдау және оларды қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыратын басылым; А. С. Ибраева «Правовая культура: проблемы теории и практики» – құқықтық мәдениетті құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізі ретінде зерттеуге және негізгі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге арналған кітап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына, заң жобаларына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына арналған материалдар жинағы, «Сыбайлас жемқорлықты қалай азайтуға болады?» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері, оның салдарын азайту жолдары және табысты тәжірибе мысалдары қарастырылған практикалық құрал.

Қазақ тарихының шежіресі

2025 жылғы 25 ақпанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қазақ хандығының шежіресі» тарих сағатын өткізді.
Кітапханашылар Жәнібек пен Керейдің алғашқы хандары тұсында Қазақ хандығының пайда болуының тарихи маңызды кезеңі туралы айтып берді. Қазақ мемлекеттілігінің дамуына зор үлес қосқан Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары және т.б. хандармен хронологиялық тәртіпте таныстырылды. Қазақ хандығы көрсетілген 1562, 1658 жылдардағы еуропалық зерттеушілердің карталарының иллюстрациялары студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ кітапханашылар Қазақ хандығының бас идеологы – Асан қайғы, тұңғыш тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати және оның әйгілі «Тарих-и Рашидиатты» еңбегі туралы айтып берді.
Сонында «Қазақ хандығына – 560 жыл» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Құрметті мамандық – құрылысшы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Западный» кітапхана- филиалында құрылыс колледжінің қабырғасында № 18 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларына арналған «Құрметті мамандық – құрылысшы» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы бастамасы туралы айтып берді. Бұл бастаманың мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, жастарды осы салаға тарту және еңбек нарығы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау болып табылады. Колледж қызметкері колледжде оқуға болатын мамандықтар туралы айтып, колледж туралы бейнеролик көрсетіп, оқушыларға экскурсия өткізді.
Сонында «Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары» тақырыптық сөресі ұсынылды.

Білу маңызды!

Н. Островский ат. ОҚК ұжымы үшін 2025 ж. 25 ақпаны сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес бойынша Қостанай қалалық ІІБ-нің полиция аға лейтенанты Сайынұлы С. Т. жиналғандарға алаяқтық әрекеттердің алдын алу шаралары туралы айтып берді. Мысалы: банк картасының деректемелерін, парольдерді, кодты, ЖСН және жеке куәлік нөмірлерін жария етпеу; онлайн сатып алулар үшін алдын ала төлем жасамаңыз, күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, электронды нысандарды толтырмаңыз және басқалар. Полиция қызметкері кітапханашылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында жиналғандардың әрқайсысына «Алаяқтардан сақ болыңдар!» атты жадынамалар табыс етілді.

Өз еркімен саумын

«Западный» кітапхана-филиалында «Золотой возраст» клубының қатысушылары үшін «Өз еркімен саумын» медициналық десанты өткізілді. № 4 емхананың дәрігері Шаменова Екатерина Граньевна маусымдық аурулар, симптомдар, алдын алу, инфекцияның ықтимал көздері туралы ақпаратпен бөлісті. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтен уақтылы өтудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Медбике Қуанышбаева Құралай Сапарғалиқызы келушілерді тексерді: көз қысымын өлшеді, холестерин деңгейін және қандағы қант деңгейін тексерді. Кітапханашы денсаулық туралы мерзімді басылымдарды ұсынды, салауатты өмір салты сабақтарына қатысу үшін «Денсаулық мектебіне» брошюралар мен шақырулар таратылды.

Чеховпен сырласу

2025 ж. 23 ақпанында Н. Островский ат. ОҚК «Лада» клубының мүшелері үшін ұлы орыс жазушысы Антон Павлович Чеховтың 165 жылдығына арналған «Чеховпен сырласу» атты портреттік кеші өткізілді.
Шараға қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Оның әдеби, қоғамдық және медициналық қызметі туралы білді. «Лошадиная фамилия», «Радость», «Торжество победителя», «Козел или негодяй», «Месть женщины» әңгімелерінен үзінділер оқылды. Чеховтың «Краткость – сестра таланта», «Искусство писать – это искусство сокращать» және т.б. кейінірек фразаға айналған афоризмдерін еске түсірді. Іс-шара «Прощайте, доктор Чехов» фильмінен үзінділермен сүйемелденді.
Сонында актер Игорь Ильинскийдің қатысуымен А. П. Чеховтың хикаялары бойынша «Эти разные, разные лица» фильмі көрсетілді.

Шабыт барлығында

2025 ж. 22 ақпанында Н. Островский ат. ОҚК «Шабыт» шығармашылық клубының отырысы өтті. Клуб мүшелері – Абдрахманов Жұмағазы Сейітқалтиұлы және Жұмағұлов Серікбай Жұмағұлұлы шығармашылық қызметі туралы әңгімеледі. Әр тілде ән орындау, кітап оқу және талқылау, шахмат ойнау олардың бос уақытында сүйікті ісі екені айтылды. Көрермендерге электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді.

Сүйікті мультфильм

Үйірме мүшелері «Ғажайып бөлме» кезекті рет «Дорожный» кітапхана-филиалына барып, өздерінің сүйікті «Колобок» мультфильмін тамашалады. Кітапханашы заманауи технологияларды қолданып, қызықты іс-шара өткізді! QR-кодтың көмегімен қатысушылар мультфильмді көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл процесті қызықты әрі интерактивті етті – балалар кодты өздері сканерлеп, көруге өтуге қатты қызықты. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Көрсетілімнен кейін мультфильмнің сюжетін талқылап, әсерлерімізбен бөлісіп, басқа халық ертегілерін де еске түсірдік. Осындай форматтағы сабақтар өте қызықты әрі танымдық екеніне көз жеткіздік, сондықтан оны болашақта міндетті түрде қайта қолданамыз!