21 ақпанда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 18 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына «Еркеліктен құқық бұзушылыққа – бір қадам» атты құқық сағатын өткізді.
Оқушылардың назарына құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған презентация көрсетілді. Материалды бекіту үшін жаңа формат ұсынылды: балалар телефонның көмегімен QR-кодты сканерлеп, осы тақырып бойынша тестілеуден өтті.
Оқушылар жаңа ойлау жүйесін қызығушылықпен қабылдады және QR-кодпен жұмыс істеуді үйренді.
Еркеліктен құқық бұзушылыққа – бір қадам
