Тұлғалық қасиет

Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Тұлғалық қасиет» атты портрет-кеш өткізілді. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, марапаттары туралы әңгімелеп, автордың «Көкбалақ», «Қазақ тарихының әліппесі» шығармаларын ұсынды.
Тыңдаушылардың назарына атақты жазушы туралы оның әріптестері С.Елубайдың, С. Әбікенұлының естеліктері, сондай-ақ Б. Шайкеновтың «Мұхтар шыңы», Т. Жұртбайдың «Мағауияның бәйтерегі», Д. Белдеубайдың «Ана тілі» газетінде жарияланған «Баба тарихыңды білгің келсе, Мағауинді оқы» атты мақалалары ұсынылды.

Шығармашылық тарих және тағдыр ретінде

19 ақпанда «Северный» кітапхана-филиалында кеңестік және қазақстандық тарихшы, жазушы, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Шығармашылық тарих және тағдыр ретінде» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны ұсынылды. Жазушы шығармаларының тақырыптары мен идеялары талқыланды. Ақпараттық бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында кітап көрмесі ұсынылды.

Бауыржан Момышұлы. Батырдың жолы

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің 2 курс студенттері үшін «Бауыржан Момышұлы. Батырдың жолы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Фильм Кеңес Одағының Батыры, 1073-ші атқыштар полкінің командирі, қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының батырлық жолы туралы баяндайды.
Кітапханашы ҰОС майдандарында көрсеткен батырлығы үшін КСРО жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен Қазақстаннан жүздеген мың жауынгер марапатталғанын атап өтті.
Іс-шараға «Кітап бізге соғыс туралы естелік қалдырады» атты тақырыптық сөре рәсімделді. Сөреде Б. Момышұлының «За нами Москва», «Правда о войне», «Генерал Панфилов» және т. б. кітаптары ұсынылған.

Оқу әлемі

2025 жылғы 18 ақпанда «Строительный» кітапхана-филиалының ұжымы «Островок приключений» әдеби үйірмесінің мүшелеріне арнап «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауы бойынша «Оқу әлемі» атты кезекті ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шараға «Вдохновение» демалыс орталығының мүшелері қатысты. Кітапханашы атап өткендей, байқаудың мақсаты оқырманға назар аудару. Тұрақты оқу көзқарасты кеңейтеді және қызықты әңгімелесуші болуға көмектеседі. Қатысушыларға, байқауға қатысу үшін жарнамалық материалдар ұсынылды, олардың ішінен қатысушылардың шарттары мен жас санаттары, тіркелуге болатын сайт жазуы бар стикерлер табысталды. Байқаудың 1-ші турына ұсынылған: Бибігүл Қабиқызы «Тауқымет», Александра Суслова «Повести о двух Даньках», Оралхан Бөкеев «Поезда идут мимо», Иван Шухов «Горькая линия» кітаптары қызығушылықпен қаралды.
Кітапты оқыңыз, рахат пен ақшалай сыйлық алыңыз!

Міндеттімін және құқығым бар

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 13 НОМ оқушыларымен «Міндеттімін және құқығым бар» ситуациялық ойынын өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы балалардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, Бала құқықтары туралы конвенциямен толығырақ таныстырды.
Іс-шара барысында балалар ұсынылған жағдайдың оңтайлы шешімін тапты. «Құқығыңыз бар ма, жоқ па?» ойынында олар мектеп өмірінен қандай құқықтар бұзылғанын қарастырды. Ойынға қатысушылар ұсынылған жағдайға түсініктеме берді.
Қорытындылай келе, кітапханашы әр баланың өз құқықтарын құрметтеуді талап етуге құқығы бар екенін атап өтті, бірақ сонымен бірге ол басқа балалар мен ересектердің құқықтарын құрметтеп, ескеруі керек.
Кездесу соңында «Құқықтар мен міндеттер» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Қазақстандық поэзиядағы экология

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Юный эколог» клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстандық поэзиядағы экология». Іс-шараның басында «Табиғатты қорға» викторинасы өткізілді. Содан кейін кітапханашы отырысқа қатысушылардың назарын Қазақстанның көптеген ақындары мен жазушылары өз шығармаларында табиғат және оны қорғау тақырыбын көтергеніне аударды. Балалар Абай, Ы. Алтынсарин, І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, М. Мақатаев, М. Әлімбаевтың өлеңдерін оқыды. Отырыстың соңында балалар табиғатты қорғау – бұл біздің Отанымыздың сұлулығын сақтау және көбейту деген қорытындыға келді.
Іс-шараға «Сүю, бағалау және қорғау» тақырыптық сөресі дайындалды.

Қазақстан – халық тағдыры

«Дорожный» кітапхана филиалында «Қазақстан – халық тағдыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Қазақстанның тәуелсіздік кезеңдерін, елдің экономика, сыртқы саясат, ғылым, мәдениет және білім беру салаларындағы жетістіктерін баяндайтын басылымдар ұсынылған олардың ішінде: С. Құсайыновтың «Қазақстан-қарашаңырағым» кітабы мен Ж. О. Артықбаевтың «Қазақстан тарихы» еңбегі, ұлттық тарихтың маңызды кезеңдерін ашып көрсетеді: М. П. Губин құрастырған «Тың туралы естелік» альбомы бірнеше буын қазақстандықтардың тағдырына ықпал еткен маңызды оқиғаларды баяндайды.
Көрменің Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған екінші бөлімінде осы тарихи оқиғаның маңызды қырларын көрсететін материалдар ұсынылған.
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» бөлімі О. Дымовтың «Біз – Қазақстан халқы» атты кітабын қамтиды, онда елдегі халықтардың бірлігі мен әралуандығы айқын бейнеленген.
Көрменің басты экспонаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына арналған бөлім. Бұл жерде М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік жылнамасы» кітабы ерекше орын алады. Бұл басылым саясаткерлер, тарихшылар, саясаттанушылар және кең ауқымды оқырман қауым үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Асқар тау жарық жұлдыз

2025 жылдың 17 ақпанда Н. Островский ат. ОҚК қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын, жазушыдан қалған рухани мол мұраны насихаттау мақсатында «Асқар тау жарық жұлдыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге С. Мұқановтың өз бағасын алған 10-томдық шығармалар жинағы, 2-томдық шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа: «Адасқандар», «Аққан жұлдыз», «Балуан Шолақ», «Мөлдір Махаббат», «Өмір мектебі», «Сұлушаш» кітаптары, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар – «Сәбит Мұқанов» (Аңыз адам. – 2016. – қыркүйек. – Б.4), «Сәбит Мұқанов – өз заманының жазушысы» (Аңыз адам. – 2016. – қыркүйек. – Б.14), Амантай Кәкеннің «Тауқымет» (Жұлдыз. – 2020. – ақпан. – Б.177) журналдары қойылған. Кітапхана оқырмандарын қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтермен таныс болуға шақырамыз.