Адам өміріндегі кітап және кітапхана

«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушыларына арналған «Адам өміріндегі кітап және кітапхана» атты кітапханалық-тарихи экскурсия өткізілді.
Кітапханашы балаларды кітапхана бөлімдерімен – абонементпен және оқу залымен, кітапхана мен кітаптарды пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстырып, олардың қалай жасалғаны және не үшін қажет екендігі туралы айтып берді.
Іс-шара барысында балалар кроссвордтар шешіп, кітаптар мен білім туралы жұмбақтар шешті. Экскурсия балаларды түрлі мерзімді басылымдармен, жарқын, түрлі-түсті журналдармен – «Балдырған», «Айгөлек», «Бала би», «Ертегілер әлемінде», «Три кота», «Смешарики», «Том и Джерри» таң қалдырды.
Іс-шара соңында кітапхана туралы мультфильмдер көрсетілді, балалар жағымды қосымша ретінде оқуға арналған бетбелгі-трекерлер алды.

Кітап білім бұлағы

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Кітап білім бұлағы» оқу аумағын өткізді.
Кітапханашы акцияның пайда болу тарихы туралы айтып, әдебиетте өз ізін қалдырған екі автордың шығармашылық жолына толық тоқталды. Тәкен Әлімқұловтың бай дәуірінен кеңес кезеңіндегі қазақ халқының өмір тарихын ашатын прозалық шығармалары туралы қысқаша мәлімет берді. «Телқоңыр», «Сейтек сарыны», «Елмен Жер» және т. б.
Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы қазақ поэзиясын байытты. Кітапханашы ақынның қалдырған рухани мұрасы «Аспан шақырады», «Үш томдық шығармалар жинағы» атты кітаптарын таныстырды. Оқушылар ақынның «Туған Ел», «Ел-жұрт» өлеңдерін және «Туған жер» өленің рөлдерге бөлініп оқыды.
Сонында «”Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы» тақырыптық көрмесіне шолу жасалды.

Жұмысшы мамандықтар әлемінде

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Жұмысшы мамандықтар жылы аясында № 9 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары үшін «Жұмысшы мамандықтар әлемінде» атты кәсіптік бағдар беру сағатын өткізді.
Кітапханашы мамандықтардың алуан түрлілігі және олардың адамдар үшін маңыздылығы туралы айтып берді. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылды. Балалар қандай мамандықтарға артықшылық беретінін айтып, журналист, агроном, дизайнер, дәрігер сияқты мамандықтарды тізіп берді.
Соңында «Барлық мамандықтар жақсы, қалағаныңды таңда» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Б. Малышевтың «Электросварщик», П. Федоровтың «Любитель печник» және т. б. кітаптар ұсынылды.

Шығыстың көрнекті ойшылы

Биыл Қазақстанда және бүкіл әлемде Шығыстың ұлы философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Бұл ғалым әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосты.
Н. Островский ат. ОҚК «Шығыстың көрнекті ойшылы» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде философтың еңбектері, оның логика, музыка және жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттары ұсынылған. М. Құл-Мұхаммедтің «Әл-Фараби» кітабы ұлы ойшылдың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған. Қ. Байпақовтың «Великий шелковый путь на территории Казахстана» кітабында өңірдің карталары мен иллюстрациялары ұсынылған, Шығыс Аристотелінің өмір сүрген және жасаған атмосферасын бейнелеуге көмектеседі. Қазіргі ғалымдар әл-Фарабидің идеяларын да назардан тыс қалдырған жоқ. Көрмеде Сания Ғалиеваның «Великий тюрок из Отрара» (Простор. – 2024. – №1) және Михаил Алейниковтың «Медико-философские воззрение Аль-Фараби» (Мысль. – 2024. –№6) мақалалары ұсынылған.
Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.

«Шығармашылық тарихы мен тағдыры»

(қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жылдығына орай)
11 ақпанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Шығармашылық тарихы мен тағдыры» атты тақырыптық сөре рәсімделді.
Көрмеге «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, сондай-ақ Қайсар Әлімнің «Кемердегі кәдімгі Мағауин» («Egemen qazaqstan». – 2024. – 19 қыркүйек) мақаласы қойылған, онда жазушының өмір жолы туралы айтылады. Мұхтар Мағауин түрлі тақырыптарда жазды. Оның «Вешние снега» романында керемет ғалым және ойшыл Қадырғали Жалайыри туралы айтылады. «Көк мұнар» романы ауыл мен қала арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне арналған, ал «Тазының өлімі» повесі адам мен жануардың қарым-қатынасына арналған. Автордың барлық шығармаларында адамның моральдық міндеттері байқалады.

Туған өлкенің тарихы

Чапаев негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушылары үшін «Қонай» кітапхана-филиалында «Туған өлкенің тарихы» ақпараттық дайджесті өткізілді. Кітапханашы облыстың білім беру тарихы, оның дамуы мен жетістіктері туралы айтып берді. Облыс орталығының көрікті жерлері туралы. Сондай-ақ, Қостанай облысының киелі және естелік орындары, өлкенің атақты адамдары туралы айтып берді.
Іс-шара соңында Қостанай облысы, облыс орталығы, энциклопедиялар, өлкетану бойынша хрестоматия, туған өлкенің өткені мен бүгіні туралы баяндайтын кітаптар ұсынылған «Менің туған өлкем» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Есенин – кең байтақ жердің ұлы

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Жас эколог» экологиялық клубының қатысушылары үшін орыс ақыны Сергей Есениннің туғанына 130 жыл толуына орай «Есенин – кең байтақ жердің ұлы» атты іс-шара өткізілді.
Кітапханашы қатысушыларға ақынның балалық шағы, әдебиеттегі алғашқы қадамдары, өмірінің бақытты және қайғылы сәттері туралы айтып берді. Оқушылар ақынның «Отговорила роща золотая…» өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдады. Әңгіме презентация көрсетілімімен бірге жүрді. Оқушылар үшін Сергей Есенин туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар Сергей Есениннің өлеңдерін оқыды.

Кішкентай оқырмандарға арналған көңілді ертегілер

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Кішкентай оқырмандарға арналған көңілді ертегілер» тақырыбында № 2 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушыларының қатысуымен ертегі серуені өткізілді. Кітапханашылар «Қызыл телпек» ертегі желісі бойынша ойындар ойнатты. Адасып кеткен Қызыл телпекті оқушылар Бабай әжеймен бірігіп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы Қызыл телпектің әжесімен қауыштыруға көмектесті. Серуен барысында оқушылар Бабай әженің жұмбақтарын шешіп, маршрут картасы арқылы келесі аялдамаға жетіп, жануарлардың құлақтары арқылы суреттерін тапты. Бұдан кейінгі серуен аялдамасында аяқталмаған ертегінің суреттерін салып, ертегі атауын анқтады. Соңғы аялдамада әртүрлі ертегілер бойнша пазлдар құрастырды. Оқушылардан ертегі серуені барысында ұнаған сәттері мен туындаған қиындықтар жайында пікірлері сұралды.
Іс-шара соңында кітапханашылар оқушыларды «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Мектеп, отбасы, кітапхана: оқырмандардың қызығушылығын дамыту тәсілі

«Балалар кітапханасы–мектеп–отбасы» жобасы аясында оқу мәселесін зерттеу мақсатында А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Мектеп, отбасы, кітапхана: оқырмандардың қызығушылығын дамыту тәсілі» атаулы оқырман конференциясы болып өтті.
Кітапхана қонақтары және конференция қатысушылары болған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, педагог Ә. Әмірұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, танымал педагог А. И. Суслова, кітапхана демеушілері, қолдаушылары Д. М. Ахметова, А. М. Куйшинова. Сонымен қатар Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Н. Нұрланұлы, № 2 мектеп-лицейінің мұғалімі Т. А. Татарчук және кітапхананың тұрақты түрде үзбей оқитын отбасылары Джаушовтар мен Гуляевтер де қатысып, тақырыпқа сай көтерілген мәселелерді қозғап, балалар кітапханасы мен мектеп, отбасы болып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтуге ықпал ететін көптеген құнды, ескерерлік орынды пікірлерімен бөлісті. Кітапхананың жас оқырмандары Арманбек Мұхаммедали, Даниил Зубаль, Аян Усембаев сүйікті өнер туындыларынан үзінді оқыды.
Конференция барысында кітапхана қызметкерлері көрермендер болған «Qazbilim» ұлттық лицейі мен № 2 мектеп-лицейінің оқушыларымен карточкамен жұмыс, жұмбақ жасыру сынды пікір-алмасу ретін өткізді.
Жиынға қатысушылар, отбасы тәрбиесімен ұштасқан тәрбие негізін жалғастырушы мектеп пен балалар кітапханасы болып қала бермек деп кездесуді қорытындылады.

Нағыз оқырман болу, оқу, ойлану, үйрену

10 ақпан күні «Дорожный» кітапхана-филиалында «Жәй ғана ОҚЫ!» жобасы аясында «Нағыз оқырман болу, оқу, ойлану, үйрену» атты танымдық сағат өткізілді. «”QazBilim” ұлттық лицейі», 8 «А» сынып оқушылары қатынасты.
Кітапханашы балаларға кітапхана рухани демалып, жаңа дүниелерді танып, білімді кеңейтетін тамаша орын екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол кітапхананың тарихы, көрнекті тұлғалар мен балаларға арналған әдебиеттер туралы айтты.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Кітапханашы балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оята білді.