Мерекелер

2025 жылғы 14 науразда Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Мерекелер» атты кезекті отырыс өткізілді. Клуб қатысушылары осы тақырып бойынша жаңа сөздермен танысып, жұппен және жеке жұмыс жасады. «Мәтінге назар аударайық», «Сиқырлы ақпарат», «Кел, жаттығайық» сынды тапсырмалар орындады. Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Наурыз – көктем мерекесі

14 наурызда «Дорожный» кітапхана-филиалында «Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби – музыкалық сағаты өтті. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Жүргізуші Наурыз мерекесінің тарихымен және дәстүрлерімен таныстырды. Қатысушылар ән айтып, викторинаға белсенді қатысты. Белсенді оқырманымыз Жұмағазы Сейітқалиұлы мерекемен құттықтап, өлең оқып, ән шырқады. Барлық іс-шара мерекелік презентациямен сүйемелденді. Мереке «шашу» дәстүрінсіз болған жоқ. Іс-шара қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Терроризм қаупіне қалай қарсы туруға болады

2025 жылдың 14 наурызында Н. Островский ат. ОҚК оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері үшін «Жалған терроризм» атты деректі фильмін тамашалауды ұйымдастырды. Әр адам терроризмнің мәнін, және одан қорғанудың жолдарын білуі керек. Жүргізушілер бейтаныс адамдарға сенбеу, дүрбелең мен қауіп-қатерге бой алдырмау қажеттілігіне назар аударды.

БҰҰ миниатюрада

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «БҰҰ миниатюрада» ақпараттық досье өткізілді.
Кітапханашы Қазақстан аумағында қандай халықтар тұратынын, республикада қандай ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейтінін, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, оның қашан және не үшін құрылғанын, оның қызметі қандай заңдармен регламенттелетінін, сондай-ақ оның қызметі әлемдік деңгейде қаншалықты жоғары бағаланғанын айтып берді.
Сонында Ассамблеяның қызметі мен тарихы туралы, әртүрлі халықтардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихы туралы әдебиеттер ұсынылды.

Менің Отаным – Қазақстан

«Станционный» кітапхана-филиалында көрнекті тарихи тұлғалардың, ақындардың, жазушылардың, ғалымдардың, сондай-ақ Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атаулы және естелік оқиғаларына, мерейтойлық күндеріне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бірнеше бөлімдерден тұрады. Көрменің «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты бірінші бөлімінде – елдің конституциялық құрылысын дамыту туралы материалдар: С. Табановтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы», К. Айтхожинның «Мысль» журналынан «Конституционные ценности нового Казахстана» мақаласы және т.б. Көрменің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты келесі бөлімінде – Ассамблеяның қызметі, оның елдегі бейбітшілікті, келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы туралы баспа басылымдары мен құжаттар: О. Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан», О. Дымовтың «Мы, народ Казахстана…», В. Вишниченконың «Костанайская областная Ассамблея народа Казахстана: история создания и становления» және т.б. Көрменің «Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты үшінші бөлімі биылғы мерейтойлардың шығармашылығына арналған: әл-Фарабидің, Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбайұлының, Міржақып Дулатовтың. Оқырмандарған келесі кітаптар қызықты болады: Ж. Алтаев «Әл-Фараби – шығыстың ұлы ойшылы», Ш. Уәлиханов «Көп томдық жинағы», Абай «Шығармаларының академиялық толық жинағы», М. Дулатов «Оян, қазақ!» және т.б.
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында шығармалары бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала беретін екі ұлы жазушының есімдеріне ерекше назар аударылды – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов. Көрмеде олардың шығармалары ұсынылған: «Менің Қазақстаным», «Аспан шақырады», «Тұлпардың тағдыры», «Серый ястреб» және т.б.
2025 жыл Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың ел халқына Жолдауы аясында Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Көрмеде И. Дьячковтың К. Укиннің редакциясымен «Колыбель рабочих профессий», «Қостанайлықтар – еңбек ерлері» кітаптары, С. Окасовтың «Құтқарушы қырандар» кітабы және т.б. ұсынылған.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

А. С. Пушкин ат. ҚБК кітапханашылары А. Бірімжанов ат. ЖББМ оқушыларына «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» бейнероликтер топтамасының көрсетілімін ұйымдастырды. Сонымен қатар, оқушыларға лаңкестікке қатысты сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалды. Балаларға қауіпті жағдайдың алдын алу үшін, қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес берілді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы «Сиқырлы думан», «Алтыбақан», «Казахские конные игры», «Казахские детские игры» – «Сен білесің бе?» сериясынан, Б. Жұмабайұлы «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен және олардың шығу тарихымен таныстырды. Балалар ұлттық ойындардың алуан түрлілігін ашатын жарқын, түрлі-түсті кітаптарды қызығушылықпен оқыды. Іс-шара соңында оқушылар бес асық, қол тіресу ойынын ойнап өздерінің ептілігін, тапқырлығын, ойынға деген қызығушылығын көрсетті.

Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

14 наурызда «Станционный» кітапхана-филиалында оқырмандарға терроризм туралы бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы терроризм – бұл азап, үмітсіздік, қорқыныш екенін айтты. Лаңкестік шабуылдар жасаған адамдарды террористер деп атайды. «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» әлеуметтік бейнеролигі арқылы оқырмандар қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, терроризм қаупі бар әрекеттер, сондай-ақ бізді террористерден қорғайтын мамандықтары бар адамдар туралы білді.

Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

Ағымдағы жылдың 14 наурызында «Бір материал – бір апта» іс-шараларын іске асыру аясында «Узкоколейный» кітапхана-филиалының оқырмандары үшін «Как противостоять угрозе терроризма» және «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» бейнероликтері көрсетілді. Кітапханашы балаларға террорлық шабуылдар қаупі кезінде мінез-құлық ережелерін білу қаншалықты маңызды екенін еске салып, қауіпті жағдайларда қауіпсіздік шаралары туралы ескертті.

Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері М. Хакімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 9 сынып оқушылары үшін терроризм проблемалары мен оның адам тағдырына тигізетін әсерін қозғайтын «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» бейнероликтерін көрсетті. Қазіргі уақытта терроризм қазіргі әлемдегі адамзат қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады. Бейнероликтерді қарау кезінде балалар террорлық шабуылдар қаупі бар мінез-құлық ережелерін, қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білудің қаншалықты маңызды екенін түсінді.