Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

А. С. Пушкин ат. ҚБК қызметкерлері жасөспірімдерде терроризм туралы түсінік қалыптастыру және балаларда терроризм туралы білімді жетілдіру мақсатында «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» атты бейнероликтер қаралымын ұйымдастырды, онда терроризм қаупіне қарсы тұру, жалған терроризм фактілері және кез-келген жаста білуге болатын көптеген мәселелер туралы ұсыныстар береді.
Бейнероликтерді қарау барысында кітапханашы алдын алу мақсатында қырағылық таныту қажеттігін атап өтті.

Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады

2025 жылдың 13 наурызында Н. Островский ат. ОҚК оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері үшін «Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады» атты деректі фильмін тамашалауды ұйымдастырды. Жүргізушілер терроризмге қарсы күрес мәселесінің өзектілігін атап өтті. Бейнероликті қарау кезекті рет сергек болу, бейтаныс адамдарға сенбеу, дүрбелең мен қауіп-қатерге бой алдырмау қажеттілігін көрсетеді.

Ұлттық тағам – ұлттық бренд

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушыларына «Ұлттық тағам – ұлттық бренд» этнографиялық шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Кездесудің қонағы болған «QAZAQ BREND» ұлттық өнімдерінің негізін қалаушы, кәсіпкер Кәкімбек Гүлнұр Өміржанқызы қазақтың ұлттық тағамдарының шығу тарихына тоқталып, жасалу технологияларын көрсетті. Сондай-ақ кездесу барысында қызметкерлер танымдық викторина өткізіп, қазақтың ұлттық тағамдары жайында түсініктерін молайтатын аспаздық кітаптармен түрлі тағамдардың мәзірі жайында мәлімет беретін кітап көрмесін жасақтады. Көрмені шебердің «QAZAQ BREND» тауарлары толықтырып, қатысушалар оларды шынайы көруге және дәм татуға мүмкіндік алды.

Кітап неден тұрады

Кітаптар біздің өмірімізге бала кезімізден еніп, өмір бойы бірге жүреді. «Қонай» кітапхана-филиалында 3-сынып оқушыларына «Кітап неден тұрады» атты кітапханалық сабағы өтті.
Кітапханашы кітаптың құрылымына тоқталды: мұқаба, супермұқаба, алдыңғы бет, титулдық бет, аннотация және иллюстрациялар. Ол қай жерде авторы, кітаптың атауы, баспасы және шыққан жылы көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ супермұқаба не үшін қажет екенін атап өтті.
Кітапханашы балаларға кітапханадан кітап алмас бұрын, кітапты дұрыс таңдауға көмектесетін қысқаша мазмұнын оқып шығуды ұсынды.

Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың!

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесі үшін Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған адамдар туралы «Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың!» атты танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларды әл-Фараби, Абай, Мұстафа Шоқай, Сәбит Мұқанов, Бауыржан Момышұлы және т. б. шығармаларымен таныстырды. Балалар Абай өлеңдерін оқып, Шәмші Қалдаяқовтың «Отан», «Менің Қазақстаным», «Байқоңыр» әндерін тыңдады. Шара соңында кітапхананың кітап көрмелерімен танысты: «Күнтізбе беттерін парақтағанда», «Біздің өлкеміздің атақты жерлестері» және «Мерейтойлық кітаптар».

Латын әліпбиі – тарихқа апарар жол

12 наурызда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 32 7 «А» орта мектебінің оқушылары үшін «Латын әліпбиі – тарихқа апарар жол» танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы оқушыларға латын әліпбиінің шығу тарихы туралы презентация, бейнеролик көрсетіп, «Кім жүйрік?» интеллектуалдық ойын ойнатылды. Балалар латын әліпбиі туралы көптеген қызықты ақпарат алды.

«Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар»

«Станционный» кітапхана-филиалында Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі безендірілді. Қазақстан Жазушылар Одағын басқарған қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі Сәбит Мұқанов түрлі жанрларда көптеген әдеби шығармалар жазды. Жазушының шығармалары 46 тілге аударылған және ол өзін жазушы ретінде ғана емес, сонымен қатар очеркист, публицист, әдебиеттанушы және зерттеуші ретінде көрсетті. Сәбит Мұқановтың есімі қазақ әдебиеті тарихында құрметті орын алады. Көрмеде оның кітаптары мен автордың өмірбаяны туралы жазылған материалдар бар: «Таңдамалы шығармалар» көптомдық басылымы, «Промелькнувший метеор», «Светлая любовь», «Школа жизни», «Қазақтың 100 поэмасы», «Тарихи тұлғалар» атты энциклопедиядан материал. Сонымен қатар, оқырмандар мерзімді басылымдардағы мақалалармен таныса алады: Ә. Қайырбековтың «Кәдімгі Сәбең әлемі», М. Мұқановтың «Қалам ұстағаннан басқа өнері жоқ еді, жарықтық!» және т. б.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Пластилиннен мүсіндеу

«Үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушілері
үшін А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері
«Пластилиннен мүсіндеу» шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Пластилинография алдында балалар «Отбасы» саусақ
гимнастикасының көмегімен саусақтарын созды. Олардың әрқайсысы дайын
сурет үлгісін алды, оны пластилин көйлекпен, қалпақпен және басқа
бөлшектермен безендіру керек болды. Балалар пластилин жұмсақ болу үшін
оны иледі, содан кейін біртіндеп өз суреттерін жасай бастады.
Соңында әр қатысушы қолөнерін көрсетіп, атқарылған жұмыс барысы туралы айтып берді.

«Көркем сөздің шебері»

Н. Островский атыңдағы ОҚК жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Сәбит Досановтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сәбит Досанов қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің барлық жанрларының дамуына зор үлес қосты. Жазушының қаламынан туған әдеби мұра көп жанрлы, көлемді, үлкен идеялық-эстетикалық мәнге ие. Көрмеге жазушының шығармаларының, пьесаларының, монографияларының, повестері мен романдарының көп томдық жинақтары, көптеген әңгімелер, очерктер, әдеби-зерттеу жұмыстары кіреді: «Жиырмасыншы ғасыр», «Аптаның сегізінші күні», «Тәуелсіздік толғауы», «Дауылды дала», «Ақбас бүркіт», «Соны іздер», «Қыран мен жылан», «Жусан иісті кимберлит» кітаптары және т.б. Сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар – Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Соңына өшпес, әдеби бай мұра қалдырды», Жұмабай Нәзеркенің «Болмысы бөлек қаламгер» газеттері қойылған.
Кітапхана оқырмандарын қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтермен таныс болуға шақырамыз.

Қасиет қонған – кұт мекен Қостанайым

Н. Островский ат. ОҚК «Қасиет қонған – кұт мекен Қостанайым» атты мазмұнды және танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған кітаптар оқырмандарды ежелгі және қазіргі заманғы қаламен таныстырады, қостанайлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі, қаланың тың жерлері мен көрікті жерлері туралы әңгімелейді.
Көрмеде «Қаһарлы жауды жеңген қаһармандар. Қостанайлықтар ‒ соғыс батырлары» кітабы ерекше орын алады. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ең жоғары дәреже ‒ Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жерлестеріміздің ерлігі туралы ақпарат жинақталған. Олардың есімдері туған жерін мақтан етеді. «Тарих парақтары. Истории строки» ‒ бұл мерейтойлық күнге арналған тарихи-публицистикалық жинақ облыстың тарихи мұрасын ашады.
Мұрағаттар мен тарихи-өлкетану мұражайының материалдарына негізделген доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Д. Легкийдің «Соғысқа дейінгі қала» кітабы оқырмандардың қызығушылығын тудырады.
Көрме өз оқырмандарын күтуде.