Кітапхана – руханият діңгегі

Кітап – адамзат өркениетінің темірқазығы, ұлттың рухани қазынасы. Қай дәуірде болсын, қоғамның ілгерілеуі мен өркендеуі білім мен руханиятқа, яғни кітапқа сүйенетіні сөзсіз. «Кітап оқымағанның ойы жетім» деген қанатты сөз қазіргі заманға да дәл келеді. Жаһандану кезеңінде ұлттық болмысымызды сақтап қалудың, өркениетті ел ретінде дамудың бірден-бір жолы – оқу мәдениетін қалыптастыру. Ашық сана, сыни ойлау, заман ағымына сай даму – барлығы да кітап оқудан басталады. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып келеді. Ол Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, сапалы білім мен құндылықтарға негізделген кітаптардың басылуына баса мән беріп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Осы стратегиялық бастаманың нәтижесінде, елімізде 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып ресми түрде бекітілді. Бұл – ұлт руханиятына көрсетілген зор құрмет пен кітапқа деген жауапты көзқарастың жарқын көрінісі.
Ұлттық кітап күні аясында «100 кітап» атты ұлттық сауалнама қолға алынды. Бұл – қазақстандықтардың әдеби талғамын зерделеуге бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық жоба. Сауалнама нәтижесінде ел руханиятына үлес қосқан ең құнды шығармалар мен авторлар анықталатын болады. Сауалнама қорытындысы 10 тамыз – Абай күні жарияланады.
Біздің облыста да кітапхана саласын дамыту мен жаңғыртуға айырықша көңіл бөлінуде. Таяуда облыс әкімдігінде өткен отырыста өңір басшысы Құмар Ақсақалов қазіргі заманғы кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, өсіп-өркендеуге, шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға арналған кеңістік екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мәдениет пен руханияттың қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, оны ұлттық бірлік пен сана қалыптастырудағы негізгі фактор ретінде бағалады.
Бүгінгі таңда Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Электронды ресурстарға кең қолжетімділік үшін WEB-RABIS жүйесі енгізілді, бұл оқырмандарға онлайн форматта да қызмет алуға мүмкіндік береді. Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы және «Станционный» кітапхана-филиалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кітапхана рухани байлықтың ордасы болса, кітапханашы – соны сақтап, ұрпаққа жеткізуші жанашыр тұлға. Мемлекет тарапынан осы мамандық иелеріне құрмет пен қолдауды күшейту бағытында ерекше көңіл бөлініп, 24 қазан Кітапханашылар күні ретінде ресми түрде атап өтіле бастады. Бұл күн жас ұрпақ арасында кітапханашы мамандығына деген қызығушылықты арттырып, оның қоғамдағы маңызды рөлін айқындай түседі.
Қостанай өңірінде жүзеге асып жатқан жобалар мен жаңғырту жұмыстары – осы идеяның нақты әрі сәтті көрінісі. Бүгінгі таңда кітапханалар көпфункциялы мәдени кеңістіктерге айналуда. Бұл кітапхана қызметінің жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.

Еуразия жүрегінде

Астана күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалы «Мирас» ҚМҮ №2 филиалымен бірлесіп «Еуразия жүрегінде» виртуалды экскурсиясын өткізді.
Кітапханашы елорданың басты көрікті жерлері – «Бәйтерек», Ақорда Президентінің резиденциясы, «Атамекен» этносаябағы, «Думан» ойын-сауық кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы, елорданың ескерткіштері мен мүсіндері туралы айтып берді. Қатысушылар «Геометрия Астаны» бейнеролигін тамашалап, Астана туралы түрлі-түсті кітаптармен танысты. Содан кейін викторина өткізілді.
Іс-шара «Чудо-Чадо» балалар орталығының «Кескіндеме және сурет» үйірмесінің жетекшісі Елена Ивановна Тюринаның «Елорданың көрікті жерлері» шеберлік сабағымен аяқталды.

Ән сал, домбыра, сыңғырла, домбыра!

Шілде айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және қазақтың ұлттық музыкалық аспабы саналатын музыкалық аспап – Домбыра күні атап өтіледі.
Ағымдағы жылдың 4 шілдесі Ұлттық домбыра күні аясында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында шағын ауданның кіші және орта буын балалары арасында «Ән сал, домбыра, сыңғырла, домбыра!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы домбыраның пайда болуына байланысты «Ақсақ Құлан» тарихы мен аңызын айтып берді. «Қазақстанның аты аңызға айналған күйшілері мен жыраулары» атты презентация көрсетіліп, одан балалар қазақтың ұлы композиторлары мен жырауларының өмірбаяндарымен танысты. Сондай-ақ қазақ композиторлары мен әншілері, Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сынды домбыра өнерінің ұлы классиктері туралы кітаптар көрсетілді. Кітапханашы домбыра қазақ халқының өмірінің бір бөлшегі болғандықтан, көптеген қазақ ақындары өз шығармаларында домбыра туралы жазғанын атап өтті.
Қорытындылай келе қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің «Домбыра» поэмасынан үзінді оқыды.

Қазағымның қазынасы – домбыра

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында жазғы мектеп алаңындағы балаларға арнап «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты әдеби-сазды композиция өткізілді. Кітапханашы мерекенің тарихы, оның қазақ халқы үшін маңызы, домбыра халқымыздың мұрасы екенін және қазақ ауыз әдебиетінде домбырамен байланысты көптеген аңыздар, нанымдар мен әдет-ғұрыптар бар екенін айтты.
Қыздар «Арғынғазы», «Тебенкөк» және т.б күйлерді орындады. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Астана – түркі әлемінің астанасы

Астана күніне орай «Западный» кітапхана-филиалында «Астана – түркі әлемінің астанасы» атты слайд-саяхат өткізілді.
Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды, одан кейін кітапханашы әлемнің үздік сәулетшілері жасаған бірегей келбеті бар Қазақстан астанасы туралы айтып берді.
Балалар Астана туралы презентацияны үлкен қызығушылықпен тамашалап, елорданың сәулетімен танысты. Шара барысында «Астана – балалар көзімен» викторинасы өткізіліп, сұрақтарға жауап беріп, балалар өз білімдері мен эрудицияларын көрсете білді.
Соңында кітапханашы «Еліміздің бақ ордасы – Астана!» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Астананың өрлеуі – Қазақстанның өрлеуі

«Дорожный» кітапхана-филиалында Астана күніне арналған «Астананың өрлеуі – Қазақстанның өрлеуі» атты іс-шара өтті.
Кітапханашы балаларға Астананың тарихы мен оның жетістіктері туралы айтып берді, қаланың даму кезеңдерімен таныстырды. Балалар бейнебаянның тұсаукесерін қызығушылықпен тамашалады, елордаға келгеннен алған әсерлерімен бөлісті, сүйікті жерлері туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ олар елорда туралы өлеңдер оқып, ұсынылған иллюстрациялар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, интерактивті бөлімге қатысты.
Шара барысында танымдық және түрлі-түсті безендірілген басылымдар көрсетілді: «Астана», «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Астана. Жыр құшағында. Ән қанатында» энциклопедиялары, «Менің Қазақстаным» иллюстрацияланған кітаптар, сондай-ақ астанаға арналған фотоматериалдар.

Әнім де, сәнім де сен, Астана

Астана күнін мерекелеу аясында А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әнім де, сәнім де сен, Астана» атты сурет байқауын өткізді.
Шара шағын тәрбиелік мәні бар әңгімеден басталды, оның барысында кітапханашылар балаларға елорданың тарихы, оның «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО және т.б. сияқты мәдени және сәулеттік нышандары туралы айтып берді.
Байқаудың шығармашылық бөлімінде балалар өз астанасын өз көзімен көріп, сезінгендей бейнелеуге мүмкіндік алды. Қатысушылардың жұмыстары ашық түстер мен мерекелік көңіл-күйді көрсетті. Балалар Астананың символдары мен ұлттық элементтерге ерекше назар аударды. Қатысушылар өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін өз суреттерін ұсынып, астана туралы қысқаша айтып берді.
Жарыстың жас жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға тәтті тағамдар тарту етілді.

Жазыңыз кітаптармен жылы болғанын қалаймыз!

2025 жылдың 4 шілдесінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жазыңыз кітаптармен жылы болғанын қалаймыз!» атты библиокросс өткізді. Іс-шараға №5 «А» бастауыш мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагері қатысты.
Кітапханашы балаларға кітап оқудың пайдасы туралы айтып берді. Ол жаңа кітаптарды ұсынды: А.Туккерманның «Маған әже керек» романы, Е.Заболотнаяның «Дело о похищенной собаке» детективі және т.б. Қазақстан жазушыларының шығармаларын ұсынды: А. Суслованың «Повести о двух Даньках», Н. Құмардың «Көк байрақтай – көк жейде» әңгімелер мен ертегілер жинағы.
Балалар сайыстар мен викториналарға, әдеби жаттығуларға қуана қатысты. Ойындарда: «Ертегі кейіпкерінің есімін толықтыр», «Портретті шеш». Олар көзді байлап көңілді шығармашылық тапсырманы орындады: интерактивті тақтаға әдеби кейіпкер – Колобоктың портретін салды.
Қорытындылай келе, сыйлық ретінде балаларға арналған түрлі-түсті кітаптар, бетбелгілер, визиткалар, кітапханаға стикер шақырулар алды

Тұлғалар

2025 жылғы 4 шілдеде Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Тұлғалар» тақырыбына байланысты кезекті сабақ өткізілді. Клуб қатысушылары осы тақырып төңірегінде «қолбасшылық қабілеті», «жаугершілік саясаты», «күрескер», «адамзат», «мақсатшыл», «отар», «оқиға», «қайырымды», «көз жұму», «келіссөз», «қауіп төндіру», «құпия» т.б. жаңа сөздермен танысып, екеуара, топтық және жеке жұмыс жасап орындады. Тақырып бойынша: «Тұлғалар әлемі», «Мәтінге назар аударайық», «Сиқырлы жауаптар» сынды тапсырмалар орындады.

Астана – арман қала!

Елорда күніне орай «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Романтик» аула клубының балалар тобына «Астана – арман қала!» ақпараттық досьесін өткізді.
Кітапханашы елорданың құрылу тарихы мен көрікті жерлері, ескерткіштер мен мемориалдар, елорданың символдары туралы айтып берді. Жас тыңдармандар: «Қазақ елі» монументі, тас барыстарды көруге болатын көпір, үш қабатты тостаған түрінде жасалған субұрқақпен танысты.
Бәйтерек Президенттік мәдениет орталығы, «Думан» ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы туралы, 2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» атты үлкен, мамандандырылған халықаралық көрме өткенін білді.
Балалар Отанымыздың астанасы туралы тақпақтар оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Соңында «Мақтанышым – Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.