Қуаныш сиқыры кітап беттерінде

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Жазғы демалыстан соң жаңа оқу жылында құрбыларымен қайта қауышқан қыздар сағынышпен өрілген жүрек тілегін ерекше сыйлыққа айналдырды. Олар құрбыларына арнап, ішінде тәттілер мен жүрекжарды тілектер жазылған кішігірім кітапша формасындағы бонбоньеркалар жасады. Бұл жылы әрі мәнді сыйлық достықтың нығаюына кепілдік береді. Сонымен қатар, бонбонерка жасау арқылы қыздар тек тәтті сыйлық беріп қана қоймай, жүректен шыққан ерекше өнер туындысын дүниеге әкелді.

Сыбайлас жемқорлық желісінде

«Строительный» кітапхана-филиалында оқырмандар назарына «Сыбайлас жемқорлық желісінде» тақырыптық наразылық-сөресі ұсынылған.
Көрмеде мерзімді басылымдар мен құқықтық тақырыптағы кітаптардың материалдары бар. «Государственная служба в Республике Казахстан» жинағы Ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды ұсынады, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің бірқатар аспектілерін қамтиды. Қ. Қайранбаевтың «Ар мен заң алдында» кітабында бүкіл Қазақстан халқының назарында болған ауыр және күрделі істердің заңды шешімі баяндалады. А. Лукиннің «Заң және заман» журналында жарияланған «Развитие антикоррупционной политики страны» мақаласында экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері көтеріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы елдің халықаралық имиджі қарастырылады.
Құрметті оқырмандар! Тақырыптық сөренің өзекті материалдарымен танысуға шақырамыз.

О, ғажайып жаз!

«Южный» ккітапхана-филиалында «Друзья природы» үйірмесінің мүшелері үшін «О, ғажайып жаз!» жаз туралы кітаптарды дауыстап оқу өткізілді.
Шара басында кітапханашы балаларға жылдың ең тамаша мезгілі туралы айтып берді.
Жаз – барлығы ерекше жақсы көретін және балалар мен ересектер үшін ең көп күткен уақыт. Балалар жазғы уақытты не үшін күтетіндері, жазда немен айналысқанды ұнататындары туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар жаз туралы жұмбақтарды табуға белсене қатысты.
Үйірмеге қатысушылар Валентина Берестованың, Марина Дружининаның өлеңдерін, Виталий Биянкидің «Синичкин календарь» әңгімелері, «Денискины рассказы» циклінде Виктор Драгунскийдің «Он живой и светится» әңгімелерін ықыласпен тыңдады. Шара соңында қатысушылар өздерінің жаз мезгілін қағаз бетіне түсірді.

Абайдың музыкалық мұрасы

2025 жылдың 6 тамызында «Северный» кітапхана-филиалында «Абайдың музыкалық мұрасы» атты музыкалық-поэзия кеші өтті.
Іс-шараға №6697 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері қатысып, Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Өлең оқуына, өнерпаздар Мәдина Бекболатова мен Қожабек Тапаевтың домбырамен «Көзімнің қарасы» әнін орындауына ерекше назар аударылды.
Іс-шара әскери қызметкерлерге Абайдың рухани мұрасы мен ұлттық құндылықтарымен танысуға мүмкіндік берді.

Жолда жүру ережесін сақтайық

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тәрбие сағатын өткізді.
Кітапханашы балаларға жол қозғалысы ережелерінің қалай пайда болғанын, алғашқы бағдаршамның қашан және қай жерде пайда болғанын, бағдаршамның үш түсі нені білдіретінін, жол ережесін білу мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді.
Сонымен қатар, Қ.Сәттібайұлының «Елгезек бағдаршам, тоқ-қуат және басқалар» және Андрей Усачевтің «Правила дорожного движения» кітаптарымен таныстырды. «Көшелер мен жолдар заңдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған жол қозғалысы ережелері бойынша жарқын суреттелген кітаптар, брошюралар мен буклеттер ұсынылды.

Мемлекетіміздің негізгі заңы

Ағымдағы жылдың 6 тамызында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында жас және орта жастағы балаларға арналған «Мемлекетіміздің негізгі заңы» атты іс-шара өтті.
Шара басында кітапханашы Ата заңымыздың қалыптасу тарихына тоқталып, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Ол 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің басты заңы екенін айтты. Балалар оның 9 бөлімнен тұратынын білді. «Қазақстан Республикасы Конституциясының қысқаша тарихы» атты бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.