#ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 орта мектептің 6 «А», 7 «Б» және 8 «А» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.

ОқыЖәнеЖең

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №122 НОМ» КММ 5-6 сыныптардың оқушыларына «ОқыЖәнеЖең» атты облыстық онлайн – байқауы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында байқаудың мақсаты, шарттары, қатысу ережелері мен марапаттау рәсімі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.
Кітапханашы оқушыларды белсенді қатысуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға шақырды.

Доп

«Западный» кітапхана-филиалында «Умелые ручки» үйірмесінің мүшелері үшін «Доп» шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар шығармашылық процеске қуана кірсіп, доптың үлгісін пластилинмен безендірді. Жұмыс үшін балаларға пластилин, шаблон және жақсы көңіл-күй қажет болды. Жұмыстар жарқын және түрлі-түсті болып шықты.

#ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ оқытушылары үшін заманауи тұлғаны оқу мәдениетін дамыту мақсатында «PRO-движение #ОқыЖәнеЖең» ақпараттық сұхбатын өткізді.
Кітапханашылар IV облыстық онлайн-конкурстың негізгі ережелерін, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Байқау екі тілде – Қостанай облысының тұрғындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілетінін атап өтті.
Конкурсты өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды. Аудитория назарына конкурс туралы толық ақпараты бар ақпараттық парақшалар ұсынылды.

«Смешариктермен» ойнаймыз

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» кітап үйірмесінің мүшелері мен олардың достары үшін «Смешариктермен ойнаймыз» атты ойын-сауық өткізілді. Кітапханашы балаларды түрлі-түсті журналмен таныстырды, барлығы бірге Смешариктермен болған қызықты оқиғаларды оқыды, содан кейін үстел ойындарын ойнады, филвордтар мен кроссвордтарды тапты, логикалық есептер мен криптограммаларды шешті, суреттерді бояды – өйткені бұл қызықты әртүрлілік осы керемет журналдың беттерінде ұсынылған. «Смешариктерден» жалықпайсыздар!

#ОқыЖәнеЖең

9 қазанда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ № 115 оқушыларымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кітапханашы IV облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауының ережесімен таныстырды. Оның шарттары, қатысушыларға қойылатын талаптары және өткізу мерзімдері туралы айтты.
Іс-шара соңында балаларға ақпараттық парақшалар табыс етілді, сондай-ақ конкурсқа белсенді қатысуға шақырылды.

#ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №6 жалпы білім беретін мектептің 5 «В» және 10 «А» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.

#ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №18 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 7 «Б» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.

#ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «ОЗАТ» МАТМЛИ 6 «Б», 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.

Алаш мұрасының адал шырақшысы

2025 жылдың 7 қазанында «Северный» кітапхана-филиалы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қазақ ақыны, жазушысы, журналист Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш мұрасының адал шырақшысы» атты портрет кешін өткізді.
Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның қонағы, әнші Алпыс Абзал домбырада М.Дулатовтың «Таза бұлақ» әнін орындады, ал танымал әнші Алпысов Серік М. Дулатовтың бейнесінде «Қаншеңгел» әнін орындады.
№ 28 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кітапханашы Тазагүл Жарқынбаева «Қазақ осы» әнін орындады.
Іс-шара соңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті басшысының Қостанай облысы бойынша орынбасары, полковник Мадияр Бақытұлы, №28 мектеп-гимназиясының директоры Жансая Бақытбекқызы және «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі Разья Мұхтарқызы қатысушыларға ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді.