«Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың туғанына 105 жыл толуына орай, қаламыздың Жеңіс Паркінде №28 МГ-ның «Жас шекарашы» ӘПК курсанттарына «Ер есімі – ел есінде!» атты еске алу кешін өткізді.
Іс-шара 1 минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы С. Баймағамбетов жайында толық ақпарат берді, ал қатысушылар батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Біз бар болғаны 23 жасында ерлік көрсеткен, Ленинград майданында шайқасқан 47-ші атқыштар полкінің пулемет бөлімінің командирі, аға сержант, қан майданда ыстық оқ атылып жатқан пулемет амбразурасын кеудесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетовті мәңгі есте сақтаймыз!
Ер есімі – ел есінде!
