Іс-шара 1 минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы С. Баймағамбетов жайында толық ақпарат берді, ал қатысушылар батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Біз бар болғаны 23 жасында ерлік көрсеткен, Ленинград майданында шайқасқан 47-ші атқыштар полкінің пулемет бөлімінің командирі, аға сержант, қан майданда ыстық оқ атылып жатқан пулемет амбразурасын кеудесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетовті мәңгі есте сақтаймыз!
