Оқу – өмір стратегиясы ретінде

2025 жылдың 15 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған «Оқитын ұлт» жобасын қолдау мақсатында «Оқу – өмір стратегиясы ретінде» атты ақпарат+ іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға Қостанай филиалының «ЧелМУ» ЖБ ФМББМ студенттері қатысты. Жастар оқуды насихаттауға, ойлау мен интеллектті дамытуға бағытталған жобаның ережесімен танысты. Кітап көрмесінде «Оқу әлемі –жас!» оқуға ұсынылатын әдебиеттер ұсынылды. Студенттер ұлы жазушылар: М. Әуезов, А. Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша белсенді пікірталас жүргізіп, Д. Канеман, В. Смилдің шығармашылығын білуге ниет білдірді.

Ұшатын жәндіктер

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» үйірмесінің қатысушыларына «Ұшатын жәндіктер» сурет сабағын өткізді.
Үйірмеге қатысушылар қағаз, акварель бояулары мен түрлі-түсті маркерлердің көмегімен көбелек ұшатын жәндіктерін үлкен қызығушылықпен бояды.
Көбелектерді салу қыздарға барлық шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектесті.

Отбасы – алтын діңгек

«Қонай» кітапхана-филиалында көпбалалы Айтбаевтар отбасымен «Отбасы – алтын діңгек» кездесуі өтті.
Кітапханашы Отбасы Күні мерекесінің тарихы, сондай-ақ отбасылық құндылықтар туралы айтып берді. Отбасы мүшелері қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығы туралы, өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтты.
Балалар отбасылық мерекелерді бірге өткізетінін, бос уақытында қолөнермен айналысатынын, барлық мектеп және кенттік іс-шараларға қатысатынын және белсенді өмір сүретінін айтты.

Оқитын әулет

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Оқитын» ақпараттық-дайджестін өткізді.
Кітапханашылар «Оқитын ұлт» ұлттық жобасымен таныстырды. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оқу мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді. Жобаның негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Іс-шара барысында «Кітап – білімге көпір» кітап көрмесіне шолу жасалды, А. Құнанбаевтың «Қара сөздері», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Д. Исабековтің «Гаухартас» және т. б. кітаптар ұсынылды.
Соңында «Оқитын ұлт жобасы» бейнеролигі көрсетілді.

Көбелек

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» үйірмесінің қатысушыларына «Көбелек» оригами сабағы өткізілді.
Кітапханашы балаларға В. Грудановтың көбелегі туралы жұмбақ өлең оқыды, ал балалар оны тапқанда, барлығы бірге оригами техникасында әдемі көбелек жасап, оны ашық түстермен бояды.

Бақытты отбасы – бақытты ел

«Южный» кітапхана-филиалында шағын аудан тұрғындары үшін «Жанұя» балалар ауылының 25 жылдығына арналған «Бақытты отбасы – бақытты ел» пайдалы ақпарат сағаты өткізілді.
Жүргізушілер балалар үйлерінің тарихы туралы айтып, олардың дамуының негізгі кезеңдерін атап өтті. Біздің Президент Қ.-Ж. Тоқаев әр баланың құқығын қорғауды талап ететінін мәлімдеді. Біздің жерімізде дүниеге келген кез келген бала – қазақстандық. Мемлекет оған қамқорлық жасауы керек.
«Жанұя» балалар ауылының директоры және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, балалардың өмірі, олардың білімі, тәрбиесі, медициналық қызмет көрсетуі және басқа да аспектілері туралы әңгімеледі.
Іс-шара «Жұлдыз» домбыра студиясының «Балбырауын» күйін орындауымен жалғасты. «Парковка» балалар студиясының гитаристері «Сансара» әнін орындады. Кітапхана оқырманы Бакуменко Галина Петровна ана туралы өлең оқыды.
Іс-шара соңында «Менің отбасым – менің мақтанашым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Оқитын мектеп

12 қыркүйекте «Дружба» кітапхана-филиалында Дружба жалпы білім беретін мектебінің тоғызыншы сынып оқушыларына арналған «Оқитын мектеп» библиодәрісі өткізілді.
Кітапханашы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар жобаның миссиясы, жоба қандай мақсатты топтарға бағытталғандығы, жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар туралы білді. Сондай-ақ, кітапханашы сараптамалық комиссия оқу үшін таңдаған, кітапханада бар кітаптарды көрсетіп, барлығын жобаға қатысуға шақырды.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы отбасы күніне орай Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттері үшін «Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі» атты ашық әңгіме өткізді.
Кітапханашылар отбасылық құндылықтардың қоғамдағы рөлі, рухани-мәдени мұраның тәрбиелік маңызы туралы айтып берді. Студенттер мен жүргізушілер арасында ашық әңгіме болды, әкелер мен балалардың қарым-қатынасы, үлкендерге құрметпен қарау сияқты тақырыптар қозғалды.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы бейнероликтер көрсетілді. Студенттер викторинаға, мақал-мәтелдер байқауына белсенді қатысып, әр отбасының дәстүрлерімен бөлісті.

Табиғат құбылыстары

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларына «Табиғат құбылыстары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы балаларға әртүрлі табиғи құбылыстар туралы айтып, табиғатта қауіпті жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіретін танымдық бейнеролик көрсетті.
Әңгімелесуден кейін балалар табиғат тақырыбындағы суреттерді – ағаштарды, гүлдерді, тастарды құмарлықпен бояп, кітап беттеріндегі жарқын пейзаждарды тамашалап, айналадағы әлемнің сұлулығынан ләззат алды.

Оқу – табысқа апарар жол

«Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында М. Қозыбаев ат. № 23 жалпы білім беретін мектептің оқытушыларына арналған «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Оқу – табысқа апарар жол» атты дәріс-шолу өткізді.
Кітапханашылар бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Жобаның негізгі ережелерін, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. «Оқитын педагог» педагогтары арасында интеллектуалдық квиз өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды.
Іс-шара барысында «Өзіңізге кітапқа оқуға уақыт беріңіз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, онда педагогтарға арналған жоба аясында оқуға ұсынылған кітаптар қойылды. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасы», Халед Хоссейнидің «Тысяча сияющих солнц», Стивен Ковидің «7 навыков высокоэффективных людей» және т. б. кітаптары ұсынылды.
Іс-шара соңында қостанайлық жазушы А. И. Суслованың осы жобаның маңыздылығы туралы бейнеролигі көрсетілді.