Домбыра – қазақ халқының жаны

«Дружба» кітапхана-филиалында жас оқырмандар үшін Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Мирас» МДК № 2 филиалымен бірлесіп «Домбыра – қазақ халқының жаны» арт-калейдоскобы өткізілді.
Кітапханашы домбыраның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, оның құрылымы, домбыраның түрлері туралы айтып, осы музыкалық аспап, атақты музыканттар туралы әдебиеттер ұсынды.
Балалар «Атамекен» домбыра студиясының қатысушысы Жансая Қалымжанованың орындауындағы «Келіншек» күйін тыңдап, «Домбыра туралы аңыз» мультфильмін тамашалады.
Соңында балалар «Айтыс» басқатырғышын жинап, «Топай – хлопай» ойынына қатысты.

Бағдаршам – біздің досымыз

«Западный» кітапхана-филиалында «Бағдаршам – біздің досымыз» атты сұрақ-жауап сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашы балалармен бірге жол қозғалысы ережелерін ойын түрінде еске түсірді, бұл жазда өте өзекті. Олар жол қозғалысы ережелері, көлік түрлері туралы жұмбақтарды ойлап тапты, «Бәрін біл», «Белгілерді ата», «Ойлан тап» ойындарына қатысты. Сипаттама негізінде олар «Абайлаңыз, балалар», «Велосипедпен жүруге болмайды», «Жаяу жүргіншілер өткелі» және т.б. жол белгілерін тапты.
Қорытындылай келе, балалар «Жол академиясы» тақырыптық сөресіндегі кітаптармен танысты.

Өнер арқылы шығармашылық

2025 жылдың 28 маусымында Н.Островский ат. ОҚК ұжымы «Өнер арқылы шығармашылық» атты «Вдохновение» клубының отырысын өткізді. Көрермендерге электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Үйірме мүшесі Валентина Сансызбайқызы Сатубалдина әр саладағы шығармашылығы, сурет салуға, поэзияға деген құштарлығы туралы айтты. «Қылқалам мен қаламмен жасау» шеберлік сыныбын өткізді, оған клуб мүшелері белсене қатысып, арт-терапия дағдыларын дамытты.
Іс-шара ізгі ниет пен шабытқа толы болды.

Кітап құпиялары

«Дружба» кітапхана-филиалында «Оқитын балалар – гүлденген Қазақстанның болашағы» жобасы аясында жас оқырмандар үшін «Кітап құпиялары» атты қызықты әдеби квест ойыны өткізілді.
Квестке «Ханшайымдар» және «Патшалар» атты екі команда қатысты. Командалар келесі тапсырмаларды орындауда жарысты: «Қызықты жаттығулар», «Ынтымақты ұжым», «Құртты жина», «Ертегі өнері», «Байланыста», «Көрінбейтін аң». Қатысушылар әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтарды тауып, ертегілер бойынша жұмбақтарды құрастырды, әдеби кейіпкерлерді, әдеби қосымшаларды болжап, жоқ жануарлардың суретін салды, зейінділік пен ептілікке арналған тапсырмаларды орындады.
Әрбір тапсырманы орындағаны үшін балалар «Оқу – ең жақсы білім!» сөзінің бір бөлігін алды, қатысушылар оны құрастырып, сыйлықтарға ие болды!

Ертегіні тап

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №9 мектептің 1-4 сынып оқушыларымен «Ертегіні тап» атты ойын өткізді.
Кітапханашы балаларға ертегінің тәрбиелік мәні зор екенін түсіндіріп, ертегі түрлерін тізіп берді. Балалар экранда көрсетілген кейіпкерлер арқылы ертегі атауларын тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді, өздері оқыған ертегілерін айтып берді.
Шара барысында балаларға келесі кітаптар ұсынылды: «Әлем халықтарының ертегілері», «Андерсен ертегілері», М. Етекбаевтың «Алатау ертегілері», «Жануарлар туралы ертегілер», «Қазақ ертегілері» және «Ертегілер әлемінде» журналы.

Қағаздан жасалған хан қоңыз

«Западный» кітапхана-филиалында «Умелые ручки» клубының қатысушылары үшін «Қағаздан жасалған хан қоңыз» шеберлік сабағы өткізілді.
Шара барысында балалар хан қоңыздар туралы қызықты мағлұматтар біліп, қағаздан тілек орындайтын хан қоңызды жасады. Балалар қызығушылық танытып, қолөнерді жасаудың барлық кезеңдерін аяқтады және дайын хан қоңызды бір-біріне қуана көрсетті. Енді балалар ең кішкентай жәндіктің де біздің планетамызға қажет екенін біледі.
Балалардың қолөнер бұйымдары көңілді, жарқын, ерекше болып шықты.

Әлемнің қасиетті жерлері

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесіне қатысушылар үшін «Әлемнің қасиетті жерлері» викторинасы өткізілді. Кітапханашы балаларды ЮНЕСКО-ның 11 Дүниежүзілік мұра нысандары мен еліміздің тарихи қалаларын қамтитын «Қазақстанның қасиетті географиясы» материалдарымен таныстырды. Шара барысында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Шара соңында Қазақстанның киелі жерлері туралы бейнеролик көрсетіліп, «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қассиетті жерлері» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.

Кішкентай ханзада

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы № 14-ші мектептің жазғы лагер балаларымен бірлесіп, белгілі француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің туғанына 125 жыл толуына орай «Кішкентай ханзада» атты ертегісін оқырмандармен дауыстап оқуды ұйымдастырды. Балалар ертегіні кезекпен оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойып талқылады. Кітаптың сюжеті бойынша мультфильм тамашалап, іс-шара соңында «Бірге оқимыз» атты көрмесімен танысты.

Дауыста, домбырам!

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Южный» кітапхана-филиалы «Балалар тұрағы» балаларды дамыту орталығының оқушылары үшін «Сиқырлы домбыра үндері» атты іс-шара өткізді.
Шара басында «Балалар тұрағы» балаларды дамыту орталығының вокалистері мен Қ. З. Нұрмағамбетованың жетекшілігімен «Un dala» домбырашылар ансамблі домбыра композициясын орындады.
«Un dala» домбыра ансамблі Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін, Кұрманғазының «Адай» күйін домбырада орындады.
Шараның қонағы суретші, мүсінші, қолөнерші Мұхаметқали Рахалиев болды. Мұхаметқали Рахалиев ең үлкен өнертабыстың бірі саналатын домбыраның пайда болу тарихы мен аңызына тоқталды. Жүргізуші бұл мерекенің бастаушысы болған Қазақстанда бұл мерекенің пайда болу тарихы, оның қазақ халқының болашағы үшін маңызы туралы айтып берді.
Шара соңында «Халықтың жаны – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Адам саудасы: қалай құрбан болмау керек?»

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Адам саудасы: қалай құрбан болмау керек?» тақырыптық сөресі дайындалды. Адам саудасы, құлдық – бұл тарихи терминдер емес, бүкіл әлемде бар қазіргі заманның нақты мәселесі.
Тақырыптық сөреде келесі кітаптар бар: «Қазақстан қылмыстық құқығы», Қ. Қайранбаев «Ар мен заң алдында» және мерзімдік басылымдар материалдары: Бану Әділжан «Адам саудасына – ауыр жаза» («Egemen Qazaqstan»), Б. Бейсенұлы «Адам саудасы: алаңдайтын жайт аз емес» («Ана тілі»), А. Ғалымұлы «Адам саудасы: тосқауыл бар ма?» («Qostanai tany»), А. Серикбаев «Живой товар» («Казахстанская правда») және т.б. Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Адам саудасына жол жоқ», «Қалай адам саудасының құрбаны болмау керек» атты жадынамалар мен бетбелгілер ұсынылған.
Адам саудасы мәселесіне тереңірек үңілгісі келетіндердің барлығын тақырыптық сөренің материалдарымен танысуға шақырамыз.