Өткен заман батырлары туралы

15 мамырда «Строительный» кітапхана-филиалында «Островок приключений» әдеби үйірмесінің мүшелері үшін «Өткен заман батырлары туралы» тарихи экскурс өткізілді.
Қатысушылар «Вдохновение» демалыс орталығы Қостанай ерікті мүгедектер қоғамы. Кездесу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім», Б. Момышұлының «За нами Москва», Б. Васильевтің «А зори здесь тихие», М. Шолоховтың «Судьба человека» кітаптары ұсынылды. Соғыс туралы шығармалар туралы әңгіме бейнероликтермен сүйемелденді.
«Өз халқының бақытына туған» кітап көрмесінде соғыс туралы кітаптар ұсынылған. Көрмеге қойылған әдебиеттер көкжиегін кеңейтіп, оқуға баулиды.
Отырыс танымдық өтті!

Жүзім

«Западный» кітапхана-филиалында «Умелые ручки» клубының қатысушылары үшін «Жүзім» шебер-сыныбы өткізілді.
Кітапханашы балалармен бірге қағаздан қолөнердің әртүрлі әдістерін қолданды. Балалар қағаздан, лентадан және түрлі-түсті қарындаштардан жүзім шоғырын жасады. Барлық жұмыстар жарқын және түрлі-түсті болды.

Таза аула

2025 жылдың 15 мамырында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» экологиялық сенбілігі өтті. Сенбілікке № 25 НОМ 3 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы викторина өткізді, балалар табиғат туралы өлеңдер оқыды.
Кітапхана аумағында арамшөптерді жұлу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Жер – адамдар планетасы» тақырыптық сөресі дайындалды.
Соңында әр бала «Табиғаттағы мінез-құлық ережелері» жадынамасын алды.

Соғыс күйдірген жолдар

15 мамырда «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Саха Республикасының Ұлттық кітапханасы (Якутия)» МКК «ДТК-оқу орталығымен» онлайн-кездесу өткізді.
Іс-шараның басында қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«ДТК-оқу орталығы» қызметкерлері якут ақындар мен жазушылар туралы айтып, майдангер жазушылар туралы ақпарат берді. Белла Анциферованың өлеңдерін оқып, «Соғыс жаңғырығы» презентациясын ұсынды.
№ 122 НМ оқушылары С. Гудзенко, Ж. Жабаев, М. Әлімбаев және т. б. өлеңдерін оқыды.
Әбенова Қарлығаш К.Симоновтың «Жди меня» өлеңін оқыды, «Асыл мұра» клубының қатысушысы «Әлия» әнін орындады, «Кружева» вокалдық тобы «Огонек» және «Журавли» әндерін, «Арулар» би тобы «Пусть не будет войны» биін орындады.
Іс-шара өте әсерлі және танымдық болып, тыңдаушылардың жүрегінде терең із қалдырып, оларды бейбітшілік бағасы мен кеңес халқының ерлігі туралы ойлауға мәжбүр етті.
Онлайн-кездесу соңында «Жеңіс күнінен 80 жыл» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Менің әнім сен үшін, туған елім

«Киевский» кітапхана-филиалында жазушы, композитор, өнертанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Менің әнім сен үшін, туған елім» атты бейне-досье ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды Илья Жақановтың шығармашылығымен таныстырып, әр жылдары белгілі бір өмірлік жағдайлардың әсерінен оның әйгілі «Толағай», «Данияр-дыңәні», «Жайлаукел кештері», «Еділ мен Жайық» және т.б. әндерінің қалай жасалғаны туралы әңгімеледі.
«Илья Жақановпен шығармашылық кеш» бейнеролигінен үзінді көрсетілді, автордың өзінің және халық композиторларының әндері шырқалды, олардың шығармашылығын зерттеуге ол өз өмірін арнады.

Сиқырлы кастрюль

15 мамырда «Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» балалар үйірмесінің мүшелері үшін «Волшебная кастрюлька раскрывает секреты соли и сахара» кітабының дауыстап оқулары өткізілді. Балалар «Если хочешь быть здоров – правильно питайся» сериясынан ойын-сауық кітап-ертегіні қуана тыңдады, тұз бен қанттың пайдасы мен зияны туралы сұрақтарға жауап берді, тамақ туралы жұмбақтар шешті. Іс-шара «Сложи полезные продукты в корзинку» кітабындағы ойынмен аяқталды.

Менің әнім сен үшін, туған елім

«Киевский» кітапхана-филиалында жазушы, композитор, өнертанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Менің әнім сен үшін, туған елім» атты бейне-досье ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды Илья Жақановтың шығармашылығымен таныстырып, әр жылдары белгілі бір өмірлік жағдайлардың әсерінен оның әйгілі «Толағай», «Данияр-дыңәні», «Жайлаукел кештері», «Еділ мен Жайық» және т.б. әндерінің қалай жасалғаны туралы әңгімеледі.
«Илья Жақановпен шығармашылық кеш» бейнеролигінен үзінді көрсетілді, автордың өзінің және халық композиторларының әндері шырқалды, олардың шығармашылығын зерттеуге ол өз өмірін арнады.

Мамандықтар

2025 жылғы 14 мамырда сәуірде Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Мамандықтар» тақырыбына байланысты кезекті сабақ өткізілді.
Клуб қатысушылары осы тақырып төңірегінде жүргізуші, заңгер, дәрігер, есепші, ғалым, аспаз жаңа сөздермен танысып, екеуара, топтық және жеке жұмыс жасап, диалогтар оқыды. Тақырып бойынша «Жасырын мамандық», «Сиқырлы жауаптар», «Мамандықтар әлемі», «Жасырын сөздер» сынды тапсырмалар орындады.
Бұл сабақ әр түрлі мамандықтар туралы мәтін жазу қабілетін дамытуға мүмкіндік берді. Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Спорт – денсаулық кепілі

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің жетекшісі қатысушыларға арнап «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында шынығу сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – үйірме қатысушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру. Орталық саябақ алаңында велотренажерлерде, степперде, жүгіру жолында түрлі жаттығулар жасалып, спорттың денсаулыққа оң әсері туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Бұл шара қыздарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Қыздар белсенділік танытып, жақсы әсер алды.

Мен сенімен Ленинградтан сөйлеп отырмын…

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері оқырмандарға көрнекті орыс ақыны Ольга Федоровна Берггольцтің туғанына 115 жыл толуына орай «Мен сенімен Ленинградтан сөйлеп отырмын…» батылдық сабағын ұйымдастырды.
Ольга Берггольц – қоршаудағы Ленинградтың символына айналған ақын, оның дауысы Ұлы Отан соғысының ең қиын күндерінде қала тұрғындарын қолдап, шабыттандырды. Оның өлеңдері терең патриотизмге, төзімділікке және адамгершілікке толы.
Батылдық сабағында балалар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Өлеңдерден үзінділер, сондай-ақ соғыс уақытындағы күнделік жазбаларынан үзінділер оқылды. Берггольцтің өмірі туралы сирек кездесетін фотосуреттермен, дәйексөздермен және материалдармен бейне презентация балалардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында кітапханашы кітапхананың кітап қорынан шығармалар ұсынып, О. Ф. Берггольцтің «Говорит Ленинград» кітабынан үзінді оқыды.