Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ

Н. Островский ат. ОҚК «Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс уақыты, емдік дене шынықтыру, адамның гигиенасы мен экологиясы туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған.
«Жасару құпиясы» кітап-күнделікте адам баласының аурмай ұзак ғұмыр кешуі мен жаңару әдістерін қамтитын салауатты өмірсырлары теориялық және практикалық жақтарынан баяндалады.
Адам денсаулығы дегеніміз не, ол неге байланысты және адам өз денсаулығын сақтау үшін не істей алады деген сауалдардың жауабын «Денсаулық энциклопедиясы» оқулығынан табуға болады.
Доктор Уиллет «Салауатты тамақтану химиясы» кітабында көптеген оқырмандарға созылмалы аурулардың алдын алуға көмектесетін мәзір үлгілері мен соңғы рецепттерді ұсынады.
Көрмеге қойылған кітаптар денсаулықты бағалауды, сақтауды және нығайтуды үйренуге көмектеседі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

2025 жылдың 11 сәуірінде «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 6697 ә/б Ұлттық ұлан сарбаздарына «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға қостанайлық ақын-прозашы, педагог, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Қостанай филиалының орыс әдебиеті секциясының жетекшісі Александра Ильинична Суслова және ақсақал, кітапхананың белсенді оқырманы Абдрахманов Жұмағазы Сейітқалиұлы қатысты.
Жұмағазы Сейітқалиұлы «Ладная семья» халықтық астарлы әңгімесі туралы айтып, Алина Әбдірашитованың «Халықтар достығы» өлеңін оқыды, содан кейін А. И. Сусловамен әңгіме өтті, оның барысында біздің оқырмандар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қостанай Ассамблеясының құрылу тарихын білді. Сондай-ақ, ақын Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен Морис Симашконың 100 жылдығына және Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған әдеби жобалар туралы айтып берді, олар ағартушылық сипатқа ие және жастарды туған өлкеге, өз еліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу үшін маңызды.
Александра Ильинична Қазақстан халқының рухани келісімін бейнелейтін өз шығармашылығы туралы айтып берді. Оқырмандар назарына «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Жұлдыздарға ұмтылу

11 сәуірде «Дружба» кітапхана-филиалында Дружба жалпы білім беретін мектебінің бесінші сынып оқушыларына Байқоңыр ғарыш айлағының 80 жылдығына және Ғарышкерлер күніне арналған «Жұлдыздарға ұмтылу» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы ғалымдар К. Э. Циолковский, С. П. Королёв және басқалар, ғарышкерлер Ю. Гагарин, А. Леонов, В. Терешкова, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, адамзаттың ғарышта алғашқы қадамдарын қалай жасағаны, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы туралы әңгімеледі. Содан кейін балалар Дружба ауылында тұрып, оқыған ғарышкер Дмитрий Петелин туралы біліп, оның ғарыштан бейне хабарламасын көрді.

Гүлді қиял

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Радуга» шығармашылық клубының жұмысы жалғасуда. Бұл жолы қатысушылар үшін «Гүлді қиял» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Қарапайым қағаз сүйкімді гүл себеттеріне айналды.
Балалар сурет салды, қиып-кесіп қиялдады, бір сөзбен айтқанда – жасады. Шеберлік сағаты жас қатысушыларға көктемгі атмосфера, шабыт пен қуаныш сыйлады!

Тамсандырған тәттілер әлемі

А. С. Пушкин ат. балалар кітапханасының қызметкері «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушыларын «МАРТ» ойын-сауық сауда орталығында «Cookieskst» зімбірлі тәттілер кондитерлік ұйымы ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатына қатыстырды.
Үйірме мүшелері зімбір печеньесін жасауды үйренді.

Кәсіптер калейдоскопы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «Книгочей» үйірмесінің қатысушылары үшін № 25 ЖББОМ «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Кәсіптер калейдоскопы» іс-шарасы өтті.
Кітапханашы балалардың назарын әр мамандық өзінше қажет және қызықты екендігіне аударды. Балалар қандай мамандықтар бар екенін білді. Дж. Родаридің «Чем пахнут ремёсла» өлеңі оқылды. Балаларға өз жұмысында керемет нәтижелерге қол жеткізген еңбекқор адамдар туралы баяндайтын «Еңбек Ерлері» кітабы ұсынылды. «Сөзді аяғына дейін айтыңыз» ойыны өткізілді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алып, жұмбақтар шешіп, әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді.
Соңында балалар түрлі мамандықтағы адамдарды суреттеді.

Кітап – біздің досымыз

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Солнышко» клубының қатысушылары үшін «Кітап – біздің досымыз» ақпараттық сабағы өтті. Сабақты барысында балалар сөрелердегі кітаптарды қарап, өздерінің әсерлерімен бөлісті, көлемі, беттер саны, иллюстрациялардың болуы және ата-аналарымен бірге оқығысы келетін кітаптарды атап өтті. Балаларға кітаптар туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдер ұсынылды. Содан кейін, балалар ертегілерге арналған иллюстрацияларды қарап, қай ертегіден алынған батыр екенін білді.
Сабақ нәтижесінде балалардың кітапқа деген қызығушылығы артты.

Гербера гүлдері

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» үйірмесіне қатысушыларға «Гербера гүлдері» атты шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында қатысушылар түрлі-түсті қағаздармен, желі мен қайшыны пайдаланып, кішкентай бүршіктер жиынтығын жасауды үйренді, содан кейін гүл жапырақшаларды қайшының ыңғаймен жолақ, жапрақшалар Гербералар деп аталатын жарқыраған кемпірқосақ гүлдері пайда болды.
Бұл шеберлік сабағы балаларға қызығушылықтары мен шеберлік деңгейіне қарамастан, қолөнер әлеміндегі мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Ауа райы

2025 жылғы 10 сәуірде Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Ауа райы» тақырыбына байланысты кезекті сабақ өткізілді. Бұл кезекті сабақ ауа райы жайлы толық ақпарат бере білуге, машықтандыруға арналды.
Клуб қатысушылары осы тақырып төңірегінде боран, жел, салқын, ыстық, жаңбыр, бұршақ, найзағай т.б. жаңа сөздермен танысты. «Сиқырлы мәліметтер», «Мәтінге назар аударайық», «Жасырын сөз» сынды тапсырмалар орындады.
Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Жазушы – Кітапхана – Оқырман

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Жазушы –Кітапхана – Оқырман» атты дөңгелек үстел өтті, оған ақын, жазушы, ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серікбай Оспанов, ыбырайтанушы Б. Сүйінкина, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры К. Мешітбаева, сондай-ақ А. Байтұрсынов ат. НМ, А. Бірімжанов ат. №115 және «Qazbilim» ұлттық лицейінің оқытушыларымен оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқу әуесқойлары кітап туралы, оқудың пайдасы туралы, өзара ынтымақтастық туралы пікірталас жүргізді. Жазушы Серікбай Оспанов өз еңбектері туралы айтып берді, балалар ақын шығармашылығынан «Жеті ата», «Ахмет ата», «Күй аңыздар» өлеңдерін оқыды, ал кітапханашылар әдебиетке шолу жасап, балаларға ребустар мен шағын викторина ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар QR-код арқылы балалар әдебиетінің қазынасын толықтыратын құнды еңбектерін ұсынған кітапханашыларға алғыстарын білдірді.