Қазақстан – келісім аумағы

«Южный» кітапхана-филиалында «Қазақстан – келісім аумағы» рухани сағаты өтті. №19 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары шақырылған қонақтармен кездесті – корей диаспорасының өкілі Мин Фёдор Микович және «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Бектеміров Ринат Вальтаевич.
Өз диаспораларының елшілері өз ұлттары туралы, жер аударудың қиындықтары, жергілікті халықтың көмегі мен төзімділігі туралы айтты. Балалар корейлер мен татар-башқұрттардың мәдени және ұлттық дәстүрлері туралы білді, өздерінің ұлттық және отбасылық дәстүрлері туралы айтты. Іс-шарада балалар толеранттылықтың не екенін біліп, толерантты адамға қандай қасиеттер тән екенін анықтады. Нақыл сөздің мысалында құрмет, сүйіспеншілік, түсіністік, келісім, басқасын сол қалпында қабылдау сияқты қасиеттер қозғалды. Іс-шарада өлеңдер, Мұхаммед пайғамбардың кеңестері, негізгі христиандық өсиеттер айтылды. «Достық дөңгелек биі» кезінде балалар өз еліне және бір-біріне жылы тілектерін жүректен жүрекке жеткізді.

Жүрегі ыстық, патриоттық ақын

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, Отанын жан-тәнімен сүйген патриот қаламгер Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жүрегі ыстық, патриоттық ақын» атты танысу кеші өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Жұбан Молдағалиевтің өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасап, оның поэзиясындағы патриоттық рух, ерлік пен елдік туралы идеяларды кеңінен талқылады. «Мен – қазақпын!» поэмасынан үзінділер оқылып, оқушылар мен қатысушылар жүрек тебірентер шумақтарға өз әсерлерін білдірді. Сонымен қатар, ақынның Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі мен оның майдандық лирикасы туралы айтылып, арнаулы слайд көрсетілімі ұсынылды. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ақын шығармашылығына арналған шағын әдеби композиция орындады.
Шара соңында «Қазақтың Жұбаны» атты кітап көрмесі ұсынылды.

#ОқыЖәнеЖең

14 қазан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 ЖББМ» КММ-де «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері 7 «А» және 5 «А» сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқушылар байқауыдың ережесімен таныстырылып, оның мазмұны, қатысу шарттары және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі толық түсіндірілді.
Кездесу соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, байқауға қызығушылық білдірді.

#ОқыЖәнеЖең

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ 8, 9 сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, конкурстың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы ақпараты бар екі тілде ақпараттық парақтар таратылды.

Бейбітшілік пен келісім жолы

18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі.
Бұл күн Алматыда Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өткен 1992 жылдан бастап есептеледі.
Осы мереке аясында А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары С. Мәуленов атындағы мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім жолы» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар эссе жазып, өлең оқып, «Келісім ағашына» тілектер жазды. Сонымен қатар, «Бейбіт елдің өркендеуі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

#ОқыЖәнеЖең

Чапаев негізгі орта мектебінің оқушыларына арналған «Қонай» кітапхана-филиалының кітапханашысы IV облыстық «Оқы және Жең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашы байқау ережесімен таныстырды. Шара барысында оқушыларға жадынамалар таратылды. Кітапханашы тіркеліп, байқауға белсенді қатысуға шақырып, оқушыларға сәттілік тіледі.

#ОқыЖәнеЖең

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейінде» 7, 8 сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, конкурстың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы ақпараты бар екі тілде ақпараттық парақтар таратылды.

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Н. Островский ат. ОҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі жұмыс істейді.
Көрмеде кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминалогия» кітаптары. Г. Бектұрғановтың «Этикалық стандарттар жемқорлыққа жол бермейді» (Заң газеті. – 2025. – Август. – С. 5), Х. Әлімханның «Предупредить распространение коррупции» (Юридическая газета. – 2025. – Апрель. – С. 7), Н. Кушеровтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте альтруизм» (AQIQAT. – 2019. – Ақпан. – С. 72) мақалалары және т.б.

#ОқыЖәнеЖең

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қостанай қаласының академиялық лицейі» мекемесінің 8, 9, 10 сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, конкурстың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы ақпараты бар екі тілде ақпараттық парақтар таратылды.

#ОқыЖәнеЖең

10 қазанда «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы Дружба жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, облыстық онлайн-байқау туралы әңгімеледі.
Ережемен таныстырды, қатысу шарттары, жүлде қоры туралы түсіндірді, сайтпен таныстырды http://kitap10.kz/ru, мұнда барлық тілек білдірушілер тіркеуден өтіп, ұсынылған кітаптарды оқи алады. Барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар табысталды, кітапханашы барлығын байқауға белсенді қатысуға шақырды.