Курочка Ряба

2025 жылдың 10 қазанында «Дорожный» кітапхана-филиалы «Солнышко» клубының қатысушыларымен «Курочка Ряба» орыс халық ертегісіне арналған кітапханалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында кітапханашы ертегінің астарында жатқан оқиғамен таныстырды. Оқылымнан кейін сюжетті қызу талқылауға ұласып, балалар қойылған сұрақтарға ынтамен жауап беріп, алған әсерлері мен ойларымен бөлісті. «Курочка ряба» ертегісі өмірдегі қарапайым бақыттың қадірін үйретеді.
Іс-шара соңында «Курочка ряба» мультфильмі көрсетілді.

Күзгі қолшатыр

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Кітапханашы балаларды көлемді аппликация техникасымен таныстырды, көптеген әдемі және ерекше қолөнер бұйымдарын жасауға болатындығын айтты. Шебер-сынып аясында балалар өз қолдарымен «Күзгі қолшатыр» көлемді аппликациясын жасау идеясын негізге алды.
Әңгімелесу барысында балалар қолшатырдың астына «жасырылған» кітаптармен танысты – бұл «Времена года» иллюстрацияланған брошюрасы, А. К. Черепановтың «Умелые ручки» сериясындағы «Фигурки из бумаги» кітабы, Н. Ю. Васнецова «365 советов юному мастеру» және басқа да басылымдар.
Жұмыс барысында балалар қағаздан конустар жасауды, оларды негізге мұқият жабыстыруды, қолшатырларды ашық күзгі жапырақтармен безендіруді үйренді. Қолшатырлар жарқын және әртүрлі болды!
Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.

Күз мысық Леопольдпен бірге

11 қазанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Книгочей» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күз мысық Леопольдпен бірге» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шарада балалар ертегіні мұқият тыңдады. Ертегіні оқығаннан кейін кітапханашының сұрақтарына жауап беріп, ертегі кейіпкерлері туралы әңгімеледі.
Соңында үйірме қатысушылары басты кейіпкерлерді, әр кейіпкердің озық ерекшеліктерін суреттеді. Балалар тапсырманы сәтті орындады.

Жасөспірім және заң

«Северный» кітапхана-филиалында 22 ОМ 10 «Б» сынып оқушыларына арналған «Жасөспірім және заң» атты диалогтік платформа өткізілді.
Іс-шараға «Қостанай қалалық ІІБ Солтүстік полиция бөлімі» ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Кендирбаева Роза Бақытбекқызы және полиция капитаны Аксенкина Яна Витальевна қатысты.
Балаларға жасөспірімдерге арналған заң туралы ақпарат берілді.
Роза Бақытбекқызы оқушыларға қажетті ақпарат беріп шағын бейнеролик көрсетті. Оқушылар өздеріне маңызды сұрақтар қойып, керекті жауаптарын алды.

#ОқыЖәнеЖең

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 30 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» сынып оқушылары арасында IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн оқу байқауын насихаттау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, байқаудың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы екі тілдегі ақпараттық парақтар таратылды.

#ОқыЖәнеЖең

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 орта мектептің 6 «А», 7 «Б» және 8 «А» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.

ОқыЖәнеЖең

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №122 НОМ» КММ 5-6 сыныптардың оқушыларына «ОқыЖәнеЖең» атты облыстық онлайн – байқауы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында байқаудың мақсаты, шарттары, қатысу ережелері мен марапаттау рәсімі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.
Кітапханашы оқушыларды белсенді қатысуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға шақырды.

Доп

«Западный» кітапхана-филиалында «Умелые ручки» үйірмесінің мүшелері үшін «Доп» шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар шығармашылық процеске қуана кірсіп, доптың үлгісін пластилинмен безендірді. Жұмыс үшін балаларға пластилин, шаблон және жақсы көңіл-күй қажет болды. Жұмыстар жарқын және түрлі-түсті болып шықты.

#ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ оқытушылары үшін заманауи тұлғаны оқу мәдениетін дамыту мақсатында «PRO-движение #ОқыЖәнеЖең» ақпараттық сұхбатын өткізді.
Кітапханашылар IV облыстық онлайн-конкурстың негізгі ережелерін, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Байқау екі тілде – Қостанай облысының тұрғындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілетінін атап өтті.
Конкурсты өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды. Аудитория назарына конкурс туралы толық ақпараты бар ақпараттық парақшалар ұсынылды.

«Смешариктермен» ойнаймыз

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» кітап үйірмесінің мүшелері мен олардың достары үшін «Смешариктермен ойнаймыз» атты ойын-сауық өткізілді. Кітапханашы балаларды түрлі-түсті журналмен таныстырды, барлығы бірге Смешариктермен болған қызықты оқиғаларды оқыды, содан кейін үстел ойындарын ойнады, филвордтар мен кроссвордтарды тапты, логикалық есептер мен криптограммаларды шешті, суреттерді бояды – өйткені бұл қызықты әртүрлілік осы керемет журналдың беттерінде ұсынылған. «Смешариктерден» жалықпайсыздар!