Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырылғанына 30 жыл толуына орай «Бір аспан астында» тақырыптық сөресі рәсімделді. Тақырыптық сөреде «Народы Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығы, Олег Дымовтың «Мы, народ Казахстана» кітабы, «Казахстан : страна мира и согласия» фотокітабы ұсынылған. Ю. Каштелюктің «Культурное согласие» мақаласында «Мысль». – 2024. – №10 журналы) ҚХА құрылғанынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жылдарында өткен даму жолы туралы айтылады. Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және оның қатысуымен әдеби конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Олардың тақырыптары белгілі қазақстандық жазушылардың – әр түрлі этнос өкілдерінің, прозаиктердің, ақындардың, публицистердің шығармашылығы болып табылады, олардың мұрасы еліміздің мәдени бірлігінің символына айналды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің кітапханаға және көрмемен жақынырақ танысуға шақырамыз!
