Библиолицей

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Кітаптарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбына арналған сабақ өткізді. Қатысушыларға кітапхана қорын есепке алу (қордың  құрамы мен қозғалысы, сондай-ақ оның сақталуы туралы ақпаратты тіркеу) барысы түсіндірілді.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Д. М. Утегенова басылымдардың (газеттерден басқа) және жарияланбаған материалдардың барлық түрлері үшін қорды есепке алудың негізгі бірліктері: басылым атауы (кіріспе сөзді қамтитын құжат),  басылым данасы  (қорға енгізілетін немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір жеке бірлігі) екендігін түсіндірді. Кітапханалық-библиографиялық жіктелім бойынша жұмыс жасауды үйретті.

Басылымдар көбіне жүйелі-алфавиттік ретте қойылатындығы жеткізілді. Жүйелі ретпен орналастыру кезінде құжаттар білім салалары бойынша, ал ішінде – авторлар (әліпби бойынша) немесе атауы бойынша орналастырылатындығы, жүйелі тәртіп кітапханалық жіктеме кестелеріне сәйкес белгіленетіндігі баяндалды.

Сабақ барысында қызметкерлер РАКАЖ бағдарламасы бойынша кітаптарға аналитикалық жазуды жасау тапсырмасын орындады.