Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі

«Южный» кітапхана-филиалында Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі» атты тарихи репортаж өтті. М. Хакімжанова атындағы № 20 орта мектептің 7 «Ә» сыныбының оқушылары Қазақстан аумағында тамыры VII–VIII ғасырлардан бастау алатын ақша белгілерінің пайда болу тарихына экскурсия жасады.
Іс-шараға шақырылған қонақтар – Қазақстан Ұлттық Банкі ҚФ қызметкерлері экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Ахметжанова Дина және жетекші маман Мырзатаева Азиза Қазақстанның өз ұлттық валютасын қандай қиын жағдайларда әзірлегені және қабылдағаны туралы айтып, банкноттар мен мерейтойлық монеталардың үлгілерін көрсетті. Балалар «Сен білесің бе?» викторинасына белсене қатысты.
Іс-шара соңында жүргізуші «Теңге – біздің мақтанышымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Таза қала үшін таза көше!

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза қала үшін таза көше!» атты экологиялық флайер акциясын өткізді. Кітапхана қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында қоршаған ортаның ластану қаупі туралы парақшаларды Маяковский мен Чкалов көшелерінің қиылысында таратты. Бұл ТББЗ ықшамауданының көшелері, онда көптеген ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үйлер орналасқан. Кітапханашылар жұмыстың нәтижесі қала тұрғындарының көше тазалығын сақтауға деген қызығушылықтарын артады деп үміттенеді.

Теңге – тәуелсіздік символы

Ұлттық валюта күні қарсаңында «Станционный» кітапхана-филиалында № 15 ОМ 7 сынып оқушылары үшін «Теңге – тәуелсіздік символы» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларды ұлттық валютаның пайда болу тарихымен таныстырды, қай елде алғаш рет теңге басылды, сондай-ақ валютаның авторы кім екенін айтты. Оқушылар жағдайды талдап, жұмбақтарды шешіп, ақша туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, өлең оқыды.
Іс-шара соңында «Теңге – тәуелсіздіктің кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі»

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері 2024 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай оқырмандарға «Ұлттық валюта теңге – егемен Қазақстанның символы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық валютаның елдегі және әлемдік қоғамдастықтың рөлін ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Айдархановтың 2008 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақстан Республикасының валюталық құқығы» атты кітабы валюталық заңнаманың қалыптасу және даму тарихын ашады. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақстан монеталары» кітабы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және 1993-2021 жылдар аралығында шығарылған монеталардың толық топтамасын ұсынады. 2023 жылғы 15 қарашада «Қостанай таңы» газетінде жарияланған А. Айқадамовтың «Тұғыры биік теңге» мақаласы, «2023 жылдың маусым айында шыққан «Ой» журналында «Тарихи әділеттің салтанаты: теңгенің оралуы» атты мақаласы жарық көрді. Қазақстанның монеталары мен банкноттары ұлттық бренд болып табылады. Бұл кітап көрмесі қазақстандық патриотизмге, еліміздің атрибуттары мен рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етеді.

Білім бәрінен маңызды

Ұлттық валюта күні қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында «Білім бәрінен маңызды» атты іскерлік ойыны өтті. Кітапханашы ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, теңгенің айналымға енгізілуімен, теңгенің қай елде басылғанын, ақша бірлігінің авторларының аты-жөнін, қазіргі Қазақстандағы теңге валютасының мәнімен таныстырды. Балалар қаржы ойындарына қатысты, экономикалық жұмбақтарды шешті, мақал-мәтелдерді жалғастырды, басқа елдердің ақша атауларын білді.

Күзгі ағаш

2024 жылдың 8 қарашасында «Станционный» кітапхана-филиалында «Почемучка» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күзгі ағаш» тақырыбында кезекті кездесу өткізілді. Балаларға Е. Шилкованың «Аппликация» кітабы ұсынылды. Бұл кітаптан балалар әртүрлі материалдармен жұмыс жасауды, және түрлі қолөнер жасауды үйренді. Балалар құрғақ жапырақтарды пайдаланып, ағаштың тәжін қалыптастырды, жапырақтарды картонға жапсырды. Ағаш діңі боялды.

Таза Қазақстанның таза болашағы

«Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дружба» жалпы білім беретін мектебінің сегізінші сынып оқушыларына «Таза Қазақстанның – таза болашағы» экологиялық дайджестін дайындады.
Қатысушылар назарына халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаты болып табылатын бағдарламаның басталуы туралы интернет-сайттардан алынған материалдар ұсынылды. Кітапханашы бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелер туралы мерзімді басылымдардағы мақалаларға қысқаша шолу жасады, бағдарламаны Қостанай облысында ілгерілетуге баса назар аударылды.
В. Вахненко «Зеленая зона – для души и тела», В. Мелехова «Зазеленеет, засверкает, заблестит» Қостанай облысында өткізілген акциялар, флешмобтар және челлендждер туралы мақалалар ұсынылды.

Пластилин тарихы

«Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» клубының қатысушылары үшін «Пластилин тарихы» атты мастер-класс өткізілді. Кітапханашы жаңа техника-пластилиндік кескіндеме туралы айтып берді. Балалардың назарын «Балалар әлемі» журналы мен А. Роговиннің «Хочу сделать сам» кітабына аударды. Бұл әдіс бойынша балалар пластилиннен әдемі ваза жасады. Содан кейін олар вазаны кезең-кезеңімен гүлдермен безендірді.

Қостанай жерінің мақтанышы

«Дружба» кітапхана-филиалында Қазақ жазушысы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қостанай жерінің мақтанышы» тақырыптық полкі рәсімделді. Осы тақырыптық сөреде «Қазақстан әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», «Қостанай облысы» энциклопедиясының, И. Дьячковтың «Менің Отанымның даңқты патриоттары» кітабының, А. Ермоловичтің «Бейімбет Майлин» мақаласының өмірбаяндық материалдары «Айналасында», «Ата-бабадан қалған асыл сөз» жинағы, сондай-ақ автордың «Қызыл жолақты тон», «Ел сыры», «Көшпелі маххабат» кітаптары ұсынылған.

Туған өлке туралы өлеңдер мен әндер

2024 жылдың 8 қарашасында «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Совершенство» клубының мүшелері үшін «Туған өлке туралы өлеңдер мен әндер» атты әдеби калейдоскоп өткізді. Шара қонағы қостанайлық ақын Татьяна Кайгородцева болды, ол өз шығармашылығы туралы айтып, Отан, Қостанай туралы өлеңдерін оқыды.
Қатысушыларға «Өлеңдерімен, ақындар ғұмырлы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Жергілікті ақындардың кітаптарымен танысқан оқырмандар Ғафу Қайырбеков, Мариям Хакімжанова, Ақылбек Шаяхмет, Олег Щербинин, Петр Черныш және басқа да авторлардың өлеңдерін оқыды. Белсенді оқырман Галина Петровна Бакуменко Қазақстан туралы ән шырқады. Татьяна Кайгородцеваның өлеңдері, сондай-ақ басқа да қостанайлық ақындардың өлеңдері біздің жүрегімізге еніп, бізді де, ұрпақтарымызды да ұзақ уақыт толғандырады.