Құдіретті талант

Ағымдағы жылдың 22 қазанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында егде жастағы балаларға арналған Евней Арыстанұлы Букетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның басында кітапханашы ақын, ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар Евней Букетов – академик, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушы, Қазақстанның химия-металлургия ғылымындағы басты тұлға екенін білді. Іс-шараның екінші бөлімінде оқушылар оның шығармаларымен танысты: «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества» және т. б.

Виват, кітапханашы!

22 қазан күні Н. Островский ат. ОҚК-да Кітапханашылар күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кітапханашыларды марапаттау рәсімі қошеметпен өтті. Күн сайын оқырмандардың игілігі үшін толық табыстылықпен еңбек ететіндер, қуаттандыратындар, шабыттандыратындар, жасайтындар атап өтілді.
Ұлы Отан соғысы туралы үздік book-трейлерге арналған байқаудың жеңімпаз оқырмандары дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ сертификаттармен марапатталды.
Жас мамандарды мамандыққа қабылдау қызықты өтті, әркім кітапханашылар қатарына қабылдау туралы куәлік алды. Жас кітапханашылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін «Три девицы под окном» сахналауында көрсетті.
Соңында барлық қатысушылар Жалмауыз кемпірдің сұрақтарына дұрыс және жылдам жауап берді. Музыкалық нөмірлерді «Мирас» ҚМҮ Қостанай –2 әншісі Жүсіпов Жеңіс сыйға тартты.

Менің Республикам, менің Қазақстаным

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «№ 13 НОМ» оқушыларына «Менің Республикам, менің Қазақстаным» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Бастауыш сынып мұғалімі Лазарчук Оксана Петровна қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Кітапхана қызметкері мерекенің басталу тарихын, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендік туралы декларациясының» қабылдануы, рәміздер, ұлттық валюта және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы айтып берді.
Кездесу барысында қатысушылар тәуелсіздіктің құндылығы, жастардың мемлекет дамуындағы рөлі және азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы талқылады.
Қазақстанның көрнекті қайраткерлері – Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлының сөздеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара «Барлығы сенің қолыңда» рефлексивті жаттығуымен аяқталды, қатысушылар Қазақстан Республикасы күніне арналған тілектерімен бөлісті.

Менің Отаным Қазақстан

Республика күні қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында « Менің Отаным Қазақстан » атты ақпараттық дайджест өткізілді.
Кітапханашы мерекенің тарихы, республиканың тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолы, жас елордамыз Астана, мемлекеттік рәміздер туралы әңгімеледі.
Шара «Менің Республикам» атты әдебиеттерге қысқаша шолумен аяқталды.

Менің Қазақстаным – менің арманым

«Западный» кітапхана-филиалында Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің арманым» атты пікірталас өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Кітапханашы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекет дамуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді.
Қатысушылар «Мен армандаған ел!», «Менің Қазақстаным», «Егер мен министр болсам» тақырыптарына дисскусия жасады, өз жетістіктерімен және білімдеріммен бөлісті, Отан, туған өлке туралы мақал-мәтелдер оқыды.
Соңында Индира Кобей мен Нұрлан Ташмағамбетов «Алаш аманаты» күйін орындады, кітапханашы балаларды «Менің елім – Қазақстан» кітап көрмесінің материалдарымен таныстырды.

Ғасырлар бойы өмір сүр, Менің Республикам!

Қазақстан Республикасы күніне орай 21 қазан күні «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №15 НМ сынып МДС оқушылары үшін «Ғасырлар бойы өмір сүр, Менің Республикам!» патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға Республиканың қалыптасу тарихы туралы ақпарат беріп, «Ел тарихын білесің бе» викторинасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, Қазақстан туралы әндер шырқады, «Қос алқа» қазақ биін көрсетті.
Іс-шара соңында «Менің Отаным» кітап көрмесіне қысқаша шолу жасалды.

Отаным – бақыт Ордасы

2025 жылғы 21 қазанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Қазақстандағы егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Отаным – бақыт Ордасы» атты тарихи экспресс өткізді.
Кітапханашылар студенттерді егемен мемлекеттің қалыптасу тарихы беттерімен таныстырды. Аудитория үшін Қазақстанның тарихи оқиғаларын бейнелейтін электронды презентация мен бейнероликтер дайындалды.
Оқырмандар «Керей мен Жәнібек хандары арасындағы диалог» қойылымын көрсетіп, Отан туралы қазақстандық авторлардың өлеңдерін патриоттық сезіммен оқыды. Каканова Розалина «Желсіз» әнін орындады.
Көрермендер үшін «Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.

Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шараның қонақтары № 2 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушылары болды.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушының өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығы туралы қызықты деректермен бөлісті. С. Бегалиннің шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында кітапханашы арнайы дайындалған, жазушының шығармалары мен зерттеу еңбектері қамтылған «Шығармашылығы – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Конституция – тәртіп пен заңдылықтың негізі

2025 жылғы 21 қазанда «Физика-математика лицейі» КММ «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Конституция –тәртіп пен заңдылықтың негізі» атты ақпараттық досье өткізді. 6 «А» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Кітапханашы 2025 жылы ел Конституцияның 30 жылдығын атап өткенін айтып, мерейтойлық датасын айтты. «Іргелі заң» презентациясы аясында оқушылар еліміздің басты заңының құрылу тарихын тыңдады. Балалар азаматтардың негізгі ережелері мен міндеттерімен танысты. Біздің елде тұратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын көрсететін Конституцияның кейбір тарауларына қатысты өз пікірлерін білдірді. «Біз өз Отанымызды жақсы көреміз!» викторинасының сұрақтарына жауап берді.
Кездесу көңілді және қызықты түрде өтті. Балалар көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты білді.