Н. Островский атындағы ОҚК оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрме сыбайлас жемқорлық сынды әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілерімен таныстыруға арналған. Көрмеге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы», «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық» (мәні, мәселелері, алдын алу) кітаптары мен мерзімді басылымдары, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы» кітабы, Төлебаевтың «Ақиқат» республикалық қоғамдық-саяси журналында жарияланған «Жемқорлықпен күрес – мемлекет қауіпсіздігі» атты мақаласы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» республикалық ақпараттық-насихаттық журналында жарияланған Е. Степаненконың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен тұлғаны дамытудағы отбасының рөлі» атты мақаласында автор «отбасы, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлу керек, өйткені оның санасы, құқықтық мәдениеті, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті осыған байланысты» делінген. Гогольдің «Мёртвые души» поэмасы, «Ревизор» комедиясы, А. С. Грибоедовтың «Горе от ума» сияқты көркем әдебиеттер де ұсынылған. Жазушылар өз шығармаларында оқырмандарға әсер етіп, осы мәселеге назар аударуға тырысады.
Category: Жаңалықтар
Көріну емес, болу
«Киевский» кітапхана-филиалында «Көріну емес, болу» тақырыбында кітап сөресі ұйымдастырылды, бұл сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспекттеріне арналған. Көрмеде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты», «AQIQAT» және басқа да мерзімді басылымдар мен кітаптар ұсынылды. Мысалы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» мақаласында мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған заңнаманы жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылданатыны туралы айтылған.
Сондай-ақ, қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсатта пайдаланудың болмауы мен мүмкін еместігіне назар аударылған. Әдебиет жанрында да белгілі шығармалар ұсынылды, мысалы: Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасы, А. С. Грибоедовтың «Ақылдың азабы» комедиясы және басқалары. Өз шығармаларында жазушылар оқырмандарын әсер етуге тырысады және осы мәселенің маңыздылығына назар аударады.
Сіздің құқығыныз бар
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сіздің құқығыныз бар» атты байланыс сағатын өткізді. Іс-шараның басында кітапханашы Бала құқықтары туралы конвенциямен таныстырды. Балалар «Құқықтық сандық» ойынына қатысып, «Бала және заң» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Балалар кітапханашының сұрақтарына белсенді жауап беріп, баланың құқықтарын білді.
Қоқыс үйіндісінен – керемет заттар
«Ластама, жарат!» кітапханашылар мен оқырмандардың бірлескен шығармашылық байқауы аясында А. С. Пушкин ат. ҚБК қалдық материалдан қолөнер жасау бойынша «Қоқыс үйіндісінен – керемет заттар» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында кітапханашы қатысушылардың назарын күнделікті өмірде адамдар өздері байқамай, көптеген қызықты заттар мен материалдарды қоқыс жәшігіне тастайтынына аударды. Мұқият қарасақ, әдеттен тыс нәрсеге айналдыруға болатын қоқысты табамыз.
Сабақ барысында жас шеберлер түрлі материалдардан: жаңғақ қабығынан, картон қағаздан қолөнер дайындады.
Өткізілген сабақтың нәтижесінде балаларда қалдық материалды пайдалану мүмкіндігі туралы идеялар қалыптасты.
Үлкен әженің ойыншығы
«Дружба» кітапхана-филиалында «Ластама, жарат!» байқауы аясында «Үлкен әженің ойыншығы» тақырыбымен «Книгочей» балалар үйірмесінің мүшелері үшін өте қызықты шығармашылық шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға олардың үлкен әжелері мен аталары мүлдем басқа ойыншықтар ойнағанын айтты: серсо, ысқырық, ұя салатын қуыршақ және басқалар. Бильбок ойыншығы туралы толығырақ айтып берді, ол сондай-ақ закидушка, боличе, болеро, кока деп аталады. Содан кейін балалар өз қолдарымен кәдімгі пластикалық бөтелке мен қақпақтардан бильбоке жасап, оны түрлі-түсті жабысқақ таспалармен және сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен жапсырмалармен безендірді.
Таза аула – таза аудан
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Западный» кітапхан-филиалының қызметкерлері «Таза аула – таза аудан» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырды. «Военный городок» ауданының көшелеріне шығып, аудан тұрғындарына өз аулаларында, көшелерінде тазалық сақтауға кеңес беріп, «Таза Қазақстан» бетбелгілер мен бүктемелерді таратты. Кітапханашылар кітапхана ауласын қоқыстардан тазалап, сенбілік өткізді.
Кітапхана ақпаратын іздеу құралдары: каталогтар, картотекалар, индекс
№ 22 ОМ 8 «Д» сынып оқушылары үшін «Северный» кітапхана-филиалында «Кітапхана ақпаратын іздеу құралдары: каталогтар, картотекалар, индекс» атты кітапхана сабағы өткізілді. Іс-шараның басында оқушылар «Каталог», «Индекс» ұғымдарымен танысып, карточкалық каталогтың құрылымы туралы білді. Іс-шараның барысында балалар анықтамалық басылымдармен танысты, энциклопедияларда, анықтамалықтарда және сөздіктерде ақпаратты іздеу тәсілдері туралы айтылды. Алфавиттік және жүйелі каталогтарды қолданып, балалар өздеріне қажетті кітапты оңай таба алды. Сондай-ақ олар «ББК», кітаптарды қалай дұрыс орналастыру туралы білді.
Іс-шара соңында балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.
Каталогтар мен картотекалар
9 қазан күні «Западный» кітапхана-филиалында КИПК 1 курс студенттері үшін «Каталогтар мен картотекалар» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында каталогтар мен картотекалардың түрлері туралы түсінік беріліп, каталогтар мен картотекаларға арналған карточкаларды толтыру ерекшеліктеріне де назар аударылды. Студенттер алфавиттік, жүйелік каталогтармен, картотекалармен практикалық тапсырмаларды орындады.
Іс-шара соңында «Энциклопедиялар мен сөздіктер – сенің оқудағы адал көмекшілерің» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қазақтың біртуар ұлы
Жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Қазақтың біртуар ұлы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кітапхана оқырмандарына «Тернистый путь» кітабы, «Жүз тұңғыш» жинағы, М. Асанның «Тұлғалар тұғырындағы татулық» мақаласы, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығы ұсынылады.
Өз қолыңмен желпуіш жасау
«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларға пластикалық шанышқылардан, атлас ленталардан және шілтерден өз қолдарымен желпуіш жасауды ұсынды. Басында балалар желпуіш дизайнының нұсқаларын ойлап тапты, содан кейін өнімді жасау бойынша қадамдық нұсқаулықпен танысты. Бұған кітапханашы ұсынған кітаптар көмектесті: Пломер Анна «Мастерим из подручных материалов», кітап сериясы «Умелые ручки» «Фигурки из бумаги», кружок «Умелые ручки». Жұмыс барысында үйірмеге қатысушылар қиял мен шабыттылық көрсетті. Үйірме соңында балалар дайын жұмыстарды бағалап, ең жақсысын таңдады.