Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» балалар үйірмесінің мүшелері үшін «Қайырымды Аяз Ата» атты оригами сабағы өткізілді. Балалар ақ және қызыл қағаздан оригами техникасы арқылы Аяз атаның мүсінін қуана бүктеп, Атадан кішкентай тәтті сыйлық алды.
2024 жылғы 17 желтоқсанында № 22 ОМ 7 «В» сынып оқушылары үшін «Северный» кітапхана-филиалында әнші, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазақтың бұлбұл қызы – Бибігүл» атты музыкалық кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы әншінің өмірбаяны, оның шығармашылығы туралы айтып берді. Оның «Бұлбұл» және «Вальс о весне» әндері шырқалды. Іс – шара соңында оқушылардың назарына «Қазақтың бұлбұлы – Бибігүл» атты кітап көрмесі ұсынылды.
13 желтоқсанда «Дорожный» кітапхана-филиалының кітапханашысы №23 мектептің 11 «Б» сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздік шежіресі» атты слайд-әңгіме өткізілді. Тәуелсіздік беттері туралы әңгіме барысында Қазақстан Республикасының айтулы оқиғалары туралы кітаптар ұсынылды. Оқушылар қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін оқыды. Викторина «Сен Қазақстанды білесің бе?» инновациялық «додекаэдр» технологиясын қолдану арқылы өткізілді. Осының барлығы салтанатты эмоционалды атмосферасын, өз еліне деген мақтаныш сезімін тудырды.
2024 жылғы 13 желтоқсанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Тәуелсіз Қазақстан уақыт призмасы арқылы» атты кітапханалық журфикс өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облысы бойынша ТЖД, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашылар Тәуелсіз Қазақстан тарихының парақтары, ел тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары Жәнібек пен Керей туралы, «Алаш-Орда» қоғамдық-саяси партиясының қызметі және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімеледі. Электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Патриоттық өлеңдер мен Б. Мәденов, Р. Қақанова орындауында әндер орындалды. Ұйым басшылары жиналғандарды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа лебіздерін арнады. Шара «Атамекен» әні мен «Ел тәуелсіздігі – Қазақстан шежіресіндегі Алтын жол» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды.
2024 жылғы 13 желтоқсанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 орта мектептің 7 «А» сынып оқушылары үшін «Алтын күн аспаны» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы біздің Отанымыз туралы өлеңдер оқыды, содан кейін 1986 жылғы желтоқсанда ҚазКСР астанасы мен басқа да қалаларда өткен митингтің мәні мен салдары туралы айтып берді. «Біздің тәуелсіз Қазақстан» онлайн викторинасы өткізілді. Содан кейін балаларға «Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары» деректі фильмі көрсетілді. Іс-шараға «Біздің тәуелсіз Қазақстан» тақырыптық сөре дайындалды.
«Южный» кітапхана-филиалы «Тәуелсіздік-елдің басты құндылығы» көрме – викторинасын ұсынады. Көрмеде ұсынылған, мемлекеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін кітаптар ел егемендігі тарихындағы айтулы оқиғалар туралы баяндайды және өткеніміздің жарқын жақтарын көрсетеді. «География», «Тарихи тұлғаны тану», «Саясат», «Тарих» төрт бөлімнен тұратын викторина көрмесіне викторина сұрақтарына жауап беруге және көрмедегі кітаптардың көмегімен дұрыс жауап табуға шақырылған кітапхана қонақтары қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» кітабы елімізде болып жатқан аса маңызды оқиғаларды, «Мәңгілік ел Қазақстан» фотоальбомын – Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын беретін фотосуреттері бар басылымды көрсетеді. Осы және басқа басылымдарды оқуға көптеген себептер бар, өйткені бұл қызықты және танымдық болады! Барлығын кітапханаға шақырамыз!
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қонай» кітапхана- филиалында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты әдеби-сазды композициясы өтті. Кітапханашы Тәуелсіздіктің қалыптасуының басты белестері, алғышарттары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтып, кітаптар мен газеттерден мақалалар ұсынды. Қатысушылар Желтоқсан оқиғасының себептерін, 16 желтоқсанда еске алатын Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы білді. Шара барысында ұлттық музыка әуенімен Чапаев негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушылары Тәуелсіздік, Отанға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқыды, мысалы Қ. Рысқұлбековтың «Ақтық сөз» өлеңі оқылды. Соңында «Желтоқсан желі» әні шырқалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК-да «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Тәуелсіз Қазақстан – тарих беттерінде» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің қысқаша тарихын айтып берді. Тазагуль Жаркинбаевнаның орындауында «Жолыққан қандай жақсысы» әні шырқалды. Тыңдаушылардың назарына «Исторические вехи становления независимого Казахстана» атты бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, кітапханашы Желтоқсан оқиғасы тақырыбына тоқталды. Митингке қатысушылар Қайрат Рысқұлбеков, Кенжегүл Молданазарова, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шара соңында «Самое дорогое» фильмінің үзіндісі көрсетілді.
А. С. Пушкин атындағы ҚБК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Үй туралы сүйіспеншілікпен…» атты ауызша журналының беттеріне саяхат жасау үшін жоғары политехникалық колледж студенттерін шақырды. Кітапханашы тұсаукесерге байланысты көпұлтты ел туралы айтып берді. «Қазақстанның тың өлкесі», «Соғыстың қорқынышты жылдары (1941-1945)», «Қазақстанның белгісіз кезеңдері» және т. б. ауызша журнал беттерімен таныстырды. Соңында «Тәуелсіздік – егемендігімнің тірегі» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Қатысушылар М. Б. Қасымбековтің «Көшбасшы және Тәуелсіздік», Ж. Нәжімеденовтің «Мәңгілік ел – Қазақстан», С. Құсайыновтың «Қазақстан –қарашаңырағым» кітаптарымен танысты.
«Киевский» кітапхана-филиалында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Түрлі-түсті қағаздан өнер» сабағы өткізілді. Шара басында кітапханашы оригами қайшысыз, желімсіз қағазды бүктеу өнері екенін атап өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға көкөніс жасаудың қадамдық нұсқаулары бар «Оригами» кітабы ұсынылды. Қатысушылар түрлі-түсті қағаздан сәбіз көкөністерін жасау үрдісінен үлкен ләззат алды. Бұл шеберлік сабағы балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, топта жұмыс істеуге баулиды.