Көңілді балық аулау

«Дружба» кітапхана-филиалында «Көңілді балық аулау» шығармашылық шеберлік сыныбы «Кітапқұмар» клубының мүшелері үшін ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларға «Ластама, жарат!» экологиялық конкурсының басталғаны туралы айтып берді, онда кез келген адам пластик не басқа да қалдық материалдардан қолөнер заттарын, безендірулер немесе пайдалы нәрселер жасауына болады. Балалар ескі картон қораптан және коктейль түтіктерінен «Көңілді балық аулау» ойынына арналған заттарды жасады да, балық аулаудан қызықты сайыс ұйымдастырды!

Бос материалдан жасауды үйренеміз

«Строительный» кітапхана-филиалында 2024 жылдың 3 қазанында «Ластама, жарат!» қалалық конкурсы аясында «Бос материалдан жасауды үйренеміз!» атты шеберлік сыныбы өтті. Бұл шара «Островок приключений» үйірмесінің мүшелері үшін ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысушылар, Костанай қаласындағы «Вдохновение» демалыс орталығы мен «Арман» мүгедектер қоғамының жастары, енді қажетсіз болған заттарға екінші өмір сыйлауды мақсат етті. Өздері қолмен ескі және қажетсіз заттарды дерлік жаңа, пайдалы әрі тартымды нәрселерге айналдырды! Олар «Ұлу» ойыны үшін қолда бар материалдардан бұйым жасады.
Ынтымақтастықтағы шығармашылық позитивті көңіл-күй қалыптастырады, көркемдік-эстетикалық дәмді, қиялды дамытады, қоршаған әлемге деген ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелейді және организмді сауықтырады.

Адамның анатомиясы: инфекциялық аурулардың алдын алу

«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін «Адамның анатомиясы: инфекциялық аурулардың алдын алу» атты іс-шарасы өтті. Кітапханашы балаларға түрлі ауруларды қалай танып, алдын алу шаралары арқылы көптеген аурулардан қалай сақтануға болатынын айтып берді. Балалар инфекциялық аурулардың алдын алудың өсіп келе жатқан организм үшін өте маңызды екенін түсінді, олар өз өмірлерін дұрыс ұйымдастыруды (вакцинация, гигиена ережелерін сақтау, шынығу) үйренуі керек. Ж. Акимбаеваның «Денсаулық еліне саяхат» атты кітабы мен «Адам денесі» иллюстрацияланған анықтамасы балаларға денсаулықты сақтаудың түрлі жолдарын табуға мүмкіндік берді.

Пластикалық ыдыстың екінші өмірі

3 қазанда «Дорожный» кітапхана-филиалында «Солнышко» үйірменің мүшелері «Пластикалық ыдыстың екінші өмірі» атты шебер қолдар іс-шарасына жиналды.
Кітапханашы «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы айтып берді, табиғат туралы өлеңдер оқыды, табиғаттанушы жазушылар Е. Чарушин, В. Бианки, М. Пришвин, К. Паустовскийдің кітаптарын ұсынды.
Пластикалық және басқа қоқыстарды қажетті заттарға және қызықты композицияларға айналдыру идеясын, «Солнышко» үйірмесінің қатысушылары іс жүзінде көрсетіп, пластикалық бөтелкеден қолөнер вазасын жасады.
Кітапханада тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалануға арналған іс-шара үлкен өнертабыс пен қиялмен өтті.

Алтын жасты ардақтаймыз

2024 жылғы 02 қазанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Алтын жасты ардақтаймыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеде «Мерейі үстем әулет» мақаласы, Т. Есімжановтың «Кішкене күн» шығармасы ұсынылды. А. Суслова, А. Баянды, М. Әлімбаевтың кітаптарында балалар сүйікті әжелері туралы, олардың нәзік және жылы қолдары туралы қызықты өлеңдер мен ертегілерді оқи алады.

Денсаулығыңды сақта

02 қазан күні «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Денсаулығыңды сақта» атты танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларды «Саулық пен сымбат», «Саулық кілті өз қолында», «Как устроено тело человека» кітаптарымен таныстырды. Денсаулыққа қатысты кеңестер берілді.

Талғамы ерек, ерекше талғам

2024 жылдың 01 қазанда Н. Отровский ат. ОҚК қызметкерлері «Лада» және «Шабыт» клубтарының қатысушылары үшін Қарттар күніне арналған «Талғамы ерек, ерекше талғам» атты ойын-байқау бағдарламасын өткізді. Кітапханашы мерекенің құрылу тарихы туралы баяндады. Тілектер, өлеңдер айтылып, музыкалық нөмірлер тыңдалды. Клуб мүшелері «Алтын күз» және «Күзгі жапырақтың түсуі» сайыстарына белсенді қатысты. Мереке көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды, қатысушылардың әрқайсысы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Қостанай облысы өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша көшбасшылар үштігіне кіруге ұмтылуда.

Қостанай облысы өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша көшбасшылар үштігіне кіруге ұмтылуда. Бұл жолдағы маңызды қадамдар – «KamLitKZ» ЖШС зауытын іске қосу және KIA зауытын салу.

🔷«KamLitKZ» ЖШС зауыты өнімдерді құюды бастады, 1000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда, бұл өңірдегі жұмыспен қамту деңгейіне оң әсерін тигізеді. Зауыт жылына шамамен 164 мың шойын бұйымын өндіретін болады, ал 2024 жылы 2400 өнім шығару жоспарланған.

🔷Құрылысы 2023 жылдың қараша айында басталған KІА зауыты республиканың тәуелсіздігі кезеңінде салынған өңірдегі ең ірі кәсіпорын болады. Ол іске қосылған кезде 1500 жаңа жұмыс орны ашылып, зауыттың қуаттылығы жылына 70 мың автокөлік құрайды деп жоспарлануда.

🔷Бұл жобалар экономикалық өсуге ықпал етумен қатар, кадрлар даярлауға және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

https://www.instagram.com/reel/DAnAEGVN7WV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Қарттарым – асыл қазынам

2024 жылғы 01 қазанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері кітапхана ардагерлері үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қонақтар «Тұмар» өнерлі жастар клуб мүшелерінің орындауында өздерінің сүйікті әндерін орындады, студенттер өлең оқып, би биледі.
Т. Л. Рудковская өзінің өткен жұмысы туралы естеліктерімен бөлісті. Мереке бойы кітапхана ісінің ардагерлеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй тілектері айтылды. Мерекенің соңы шай дастарханына жалғасып, ардагерлер көңілді әңгіме құрып, жастық шақтарын еске алып, сүйікті әндерін шырқады.