«Дружба» кітапханасында «Книгочей» балалар клубының мүшелеріне «Күлкілі тышқан» шығармашылық шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларға қолөнер жасауда пайдалануға болатын табиғи материалдардың алуан түрлілігі туралы айтып берді. Содан кейін барлығы ынтамен күлкілі тышқан жасап, оған емен жаңғақтары, жаңғақтың қалпақшалары, үйеңкі мен қарағайдың тұқымдары, шырша, жапырақтар, қарағай инелері қажет болды.
2024 жылғы 20 қыркүйекте 6697 әскери бөлімінің жеке құрамымен драматург Оралхан Бөкейдің 81 жылдығына орай «Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты ауызша журнал өткізілді. Жеке құрамға аңыз адамның өмірі мен шығармашылығы, кітап көрмесі таныстырылып, бейнебаян көрсетілді. Сарбаздар аңыз адам туралы сұрақтар қойып, жауап алынды.
«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова ат. № 20 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары үшін «Латын әліпбиіне жол» атты пікірлер тоғысуы өткізілді. Шақырылған қонақ – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрымжанова Әсемгүл Шопырқызы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және осы процестің ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар диспут барысында кириллицадан латын графикасына көшу мәселесіне өз пікірлерін білдіріп, осы өзгерістің оң және теріс жақтарын қарастырды. Іс-шара соңында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
20 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Ұлттық ою-өрнек түрлерін жасау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханашы ою-өрнек қазақтың бұрынан келе жатқан қол өнері екенін және оның қандай түрлері болатынын айтып өтті. Балалар С. Төленбаев, М. Өмірбекованың «Қазақтың ою-өрнектері» және «Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары» кітаптарындағы ою-өрнек түрлерімен, жолдарымен танысып, өз қолдарымен қағаздан әр түрлі ою түрлерін жасады.
ҚР Президентінің Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының басымдықтарын насихаттау мақсатымен «Дорожный» кітапхана-филиалында келушілердің назарына «Адамдарға қамқорлықпен пен қарау» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жолдаудан басқа көрмеде маңызды құжат туралы жұртшылық пен мемлекет қайраткерлерінің пікірлері ұсынылған. Кітап көрмесінде ел Тәуелсіздігінің кезең-кезеңімен қалыптасу тарихына, Қазақстанның экономика, сыртқы саясат, ғылым, мәдениет және білім саласындағы жетістіктеріне арналған кітаптар ұсынылған. Көрмеде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Жолдаудан басқа, маңызды құжат туралы жұртшылық пен мемлекеттік қызметкерлердің ойлары ұсынылған. Қазақстанның Азия және Еуропа бағыттарындағы сыртқы саясаты, егемен Қазақстанның қарым-қатынасы туралы Қ.-Ж. Тоқаевтың «Сыртқы саясат векторлары» кітабына ерекше назар аударылады. Барлық оқырмандарды тақырыптық сөремен танысуға шақырамыз.
«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғатқа күзгі экскурсия» шарасы өткізілді. Балалар жылдың ең әсем және көркем кезеңі, табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы ақпарат алды. Жас зерттеушілер қоршаған әлемді бақылауды үйренді: жазғы және күзгі ағаштардың айырмашылықтарын анықтады, жапырақтардың әуенін тыңдады, жұмбақтарды шешті. Үйірме қатысушыларына табиғат туралы әдебиет қызық болды. Р. Сәтімбеков пен Р. Әлімқұловтың «Қызықты биология», А. Иващенконың «Сокровища растительного мира Казахстана» және басқа басылымдар табиғаттың таңғажайып әлемімен таныстырады. Жас натуралистер экскурсиядан риза болып, көп әсер алды.
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназиясының 9 «Д» сыныбындағы оқушылар үшін Қазақстан Республикасында Еңбек күніне арналған «Еңбек және құрмет» атты бейнепрезентация өткізді. Іс-шараның басында кітапханашы Президент Қ.-Ж. Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын атап өтті. Одан кейін ол әр түрлі мамандықтағы адамдар туралы, олар Костанай облысында ғана емес, Қазақстанның барлық жерінде еңбекқорлық, жауапкершілік және өзіне, өміріне шынайы және адал қатынасымен нағыз үлгі болатынын айтты. Өзінің ерен еңбегімен біздің өңірімізді Камшат Доненбаева, Нина Полтавец, Нариман Исмагулов, Сайран Буканов және тағы басқа көптеген адамдар даңққа бөлеген. Іс-шара соңында кітапханашы «Еңбек – бақытқа апарар жол» тақырыптық сөресінде ұсынылған И. Дьячковтың «Наши звёздные и беззвёздные герои», «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері» және басқа кітаптармен таныстырды.
2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қаларлық күндер күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бүкіл ел болып оқиды. Осы іс-шара аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері №13 мектеп оқушылары үшін «Сөйлейтін кітап күні» атты әдеби карнавалын өткізді. Кітапханашы акцияның шығу тарихымен таныстырып, биыл көпшілік оқуға «Менің атым Қожа» повесі таңдалғанын атап өтті. Соңында жазушының басқа да шығармалары ұсынылды.
2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен мәдениет және спорт министрлігі «Парасат жолы» жобасын құрды. Жобаның негізгі міндеті – қоғамда құндылықтарды, ұлттық мәдениет пен руханиятты қалыптастыру. Н. Островский атындағы ОҚК оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатпен таныстырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық үшін жүктелетін жауапкершілік туралы баяндайды, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажеттігін аңғартады, барлық азаматтарды аталмыш қоғам індетіне қарсы тұруға шақырады.