Мамандықтар калейдоскобы

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйекте «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Мамандықтар калейдоскобы» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде Жолдаудың негізгі тезистері мен білім беру саласындағы маңызды тақырыптар ұсынылған. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң, «Безопасность и охрана труда в Республике Казахстан» жинағы ұсынылды. Юрий Каштелюктің «Герои труда» атты мақаласына ерекше назар аудырылды, онда биылғы жылы өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы, еңбектің қоғамдық дамудағы негізгі рөлі туралы айтылған.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Бұл жерде барлығына есік ашық

2024 жылғы 17 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК «Бұл жерде барлығына есік ашық» атты экскурсия үйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай Жоғары медициналық колледжінің бірінші курс студенттері қатысты.
Шара барысында студенттер мекемені пайдалану ережелерімен және жұмыс режимімен танысты. Сондай-ақ кітапхананың ақпараттық ресурстары: кітап қоры, мерзімді басылымдар қоры, компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігі егжей-тегжейлі ашылды. Кітапханашы көрмелерге шолу жасап, жастарға арналған «Тұмар» клубы, «Жас жалын» студиясы туралы айтып берді.
Экскурсия соңында студенттерге «Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ақпараттық нұсқаулық, «Н. Островский атындағы ОКЖ-нің тарихы» буклеттері, «Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана әлеуметтік желілерде» атты бетбелгілер таратылды.

Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында № 15 ЖМ оқушылары үшін «Станционный» кітапхана-филиалы «Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы» атты бенефис өткізілді. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, жазушы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жазушының шығармаларын ұсынды, әйгілі әңгімелерге қысқаша талдау жасады. Оқушыларға Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша буктрейлер және фильмнен үзінді көрсетілді. Қарап шыққаннан кейін балалар өз пікірлерімен алмасты. Кітапханашы «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесіне шолу жасады.

Алтын күз

2024 жылғы 19 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз» үйірмесінің мүшелері үшін «Алтын күз» танымдық сағаты өткізілді.
Жүргізуші балаларға күз айының маңыздылығын түсіндіріп, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыды. Балалар Б. Әділовтың «Күздің бірінші күні» атты иллюстрацияланған кітабымен, Н. Төлепбергеннің «Бақшада не өседі?» балаларға жұмбақтар танысты. ұсынады. Үйірмеге қатысушылар көкөністер мен жемістердің күзгі егіні, табиғатқа ұқыпты қарау туралы білімдерімен бөлісті.
Қарым-қатынас танымды және қызықты өтті!

Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм

2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай облысындағы «Застава Тарландары» шекара қызметі ардагерлер Кеңесінің мобильді тобының құрамында Қостанай облысы Қарабалық шекара заставасының ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қызметкерлері үшін әскери-патриоттық сағатқа қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының мән-жайлары түсіндірілді. Іс-шара диалог түрінде өтті, Жолдаудың негізгі мәселелері талқыланды, кездесуге қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

Замана жыршысы

«Конай» кітапхана-филиалында Қазақстанның халық ақыны Омар Шипиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Замана жыршысы» тақырыптық сөре безендірілді. Тақырыптық сөреде кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімдік мақалалар қойылған. С. Мұқашевтың «Өлкетану» кітабы, С. Вечердің «Омар Шипин – ақын, ұстаз және сарбаз» мақаласы, т.б.
Сіздерді тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.

Қызыл кітапқа енген жануарлар

18 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қызыл кітапқа енген жануарлар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы айтты. Балаларға «Қазақстанның Қызыл кітабы» және Р. Малидің «Қызыл кітабы» ұсынылды.

Еңбек түбі – береке

18-қыркүйек күні «Западный» кітапхана-филиалында «Еңбек түбі –береке» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреге К. Укиннің «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлер», Б. Даниловтың «Выбор пути», И. Сикорскийдің «Сто одна профессия пилота» кітабы ұсынылды және «Мысль» «Костанайские новости», «Біздің Костанай» «Қостанай таңы» атты мерзімді басылымдардан мамандық таңдау, еңбексүйгіштік, жауапкершілік өзіне және өмірге шынайы адал көзқарасы нағыз үлгіге айналған адамдар туралы мәліметтер ұсынылды.
Тақырыптық сөремен толығырық танысуға «Западный» кітапханасына келіңіздер!

Абайлаңыз, балалар!

«Южный» кітапхана-филиалында №19 орта мектептің 2 «Б» сынып оқушылары үшін «Абайлаңыз, балалар!» құқықтық әліппе іс-шарасы өткізілді. Қостанай облысы ІІБ патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенанты Асқаров Жәнібек Болатұлы қатысты. Жәнібек Болатұлы жол бойында өзін қалай ұстау керектігін айтып, велосипедпен жүру ережелерін түсіндірді.
Шара барысында балалар жол қозғалысы ережелерінің пайда болу тарихын, алғашқы бағдаршамның қалай пайда болғанын біліп, «Рұқсат етілген және тыйым салынған», «Бағдаршамның үш жарығы» ойындарына және «Жасыл жарық» викторинасына белсенді қатысты. Балалар жол белгілерінің түрлері туралы білімдерін жол қозғалысы ережелері бойынша жұмбақ құрастыру арқылы бекітті.
Соңында «Жол қозғалысының ережелері құрметке лайық» атты тақырыптық сөре ұсынылды.

“Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм”

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті. Спикерлер Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ әрбір қазақстандыққа еліміздің болашағын айқындайтын маңызды тарихи оқиғаға қатысуға мүмкіндік беретін, алдағы референдум туралы түсіндірді.