«Северный» кітапхана-филиалында 22 ОМ 10 «Б» сынып оқушыларына арналған «Жасөспірім және заң» атты диалогтік платформа өткізілді.
Іс-шараға «Қостанай қалалық ІІБ Солтүстік полиция бөлімі» ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Кендирбаева Роза Бақытбекқызы және полиция капитаны Аксенкина Яна Витальевна қатысты.
Балаларға жасөспірімдерге арналған заң туралы ақпарат берілді.
Роза Бақытбекқызы оқушыларға қажетті ақпарат беріп шағын бейнеролик көрсетті. Оқушылар өздеріне маңызды сұрақтар қойып, керекті жауаптарын алды.
Жасөспірім және заң
