Өмірдегі ең бастысы – денсаулық

2025 жылдың 15 сәуірінде «Книгочей» үйірмесінің қатысушылары үшін «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Өмірдегі ең бастысы – денсаулық» атты іс-шара өткізілді.
Кітапханашы су, ауа, жаттығу, күн тәртібі, күн, дұрыс тамақтану және т. б. адамның ұзақ уақыт бойы сау болуына көмектесетінін айтты. Балалар жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдерді еске алып, салауатты өмір салты туралы тест өткізілді.
Соңында салауатты өмір салты туралы суреттер салынды.
Іс-шараға «Дені сау болу өнері» көрмесі дайындалды.

Ер есімі – ел есінде!

«Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың туғанына 105 жыл толуына орай, қаламыздың Жеңіс Паркінде №28 МГ-ның «Жас шекарашы» ӘПК курсанттарына «Ер есімі – ел есінде!» атты еске алу кешін өткізді.
Іс-шара 1 минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы С. Баймағамбетов жайында толық ақпарат берді, ал қатысушылар батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Біз бар болғаны 23 жасында ерлік көрсеткен, Ленинград майданында шайқасқан 47-ші атқыштар полкінің пулемет бөлімінің командирі, аға сержант, қан майданда ыстық оқ атылып жатқан пулемет амбразурасын кеудесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетовті мәңгі есте сақтаймыз!

Вальстің ұлы патшалары

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары оқырмандар үшін «Вальстің ұлы патшалары» әдеби-музыкалық қонақжайың ұйымдастырды.
Кітапханашы қатысушыларды халық арасында «қазақ вальсінің патшасы» атанған ұлы композиторлар Н. Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен қызметімен таныстырды. Қалдаяқовтың романтикалық музыкасы естілді, ол қызға, анаға, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты ең жоғары сезімдерді қозғады және дамытты.
Сондай-ақ, қонақжайға қатысушылар ұлы даланың туған өнерін өмір бойы қастерлеп, оны сапалы жаңа деңгейге көтерген композитор, күйші, дирижер, домбырашы және педагог Нұрғиса Тілендиевтің қызықты тағдырымен танысты.
Қатысушылар ұлы композиторлардың музыкалық шығармаларынан үзінділер тыңдап, өлеңдерден үзінділер келтіріп, музыканттардың өміріне, қызметіне және олардың шығармаларына арналған кітаптар мен мерзімді басылымдармен танысты.
«С музыкой по жизни» көрмесінде ұсынылған кітаптардың ішінде оқырмандарды мыналар қызықтырды: «Ғасыр сазын тербеген» (Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктер), Шәкерім Ж., Тілендікеліні Д. «Нұрғиса Тілендиев», Әлімқұлов Е. «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы».

Кітап арқылы жақсылық пен жарқындылыққа

Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Кітап арқылы жақсылық пен жарқындылыққа» атты әдеби бенефис өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы, қазақ кеңес жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Егер бізге кітап оқуға тыйым салынса, бізге ойлануға тыйым салынар еді» деген дәйексөзін келтіріп, 21 ғасырда, ақпараттық технологиялардың даму дәуірінде кітап білім көзі болып қала беретінін айтты.
№ 9 орта мектептің жалпы білім беретін кітапханашысы Бексултанова Рсалды Қасымханқызы өз сөзінде өркениетті ел болу үшін болашақ ұрпақ білімді болуы керек, ал білімді болу үшін кітапты көп оқу керектігін айтып өтті.
Іс-шара барысында балалар М. Дулатовтың, А. Құнанбаевтың, Т. Әлімқұлов және т. б. шығармаларын мәнерлеп оқуда өз шеберліктерін көрсетті, оқығандары туралы өз ойларын ортаға салды, Б. Соқпақпаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» шығармалары бойынша көрініс қойды.

Біз осындай достармыз: кітапхана, кітап, мен

14 сәуірде «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғындарымен «Біз осындай достармыз: кітапхана, кітап, мен» атты book-selfie акциясын өткізді.
Кітапханашылар балаларға Халықаралық Балалар кітабы күні жыл сайын бір күнде – 2 сәуірде аталып өтілетінін айтты, бұл күн кездейсоқ емес – бұл тарихтағы ең танымал ертегілердің бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне сәйкес келеді. Балалар кітаптары, әңгімелер мен ертегілер – бұл біздің өміріміздегі алғашқы достарымыз, бұл өте қызықты және бейтаныс әлемдегі біздің көмекшілеріміз.
Іс-шара барысында олар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды және әркім оқу үшін үйіне кітап алғысы келді.
Бұдан кейін кітапханашылар тұрғындарға кітапшалар мен бетбелгілерді таратты.

Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ

Н. Островский ат. ОҚК «Жаңа ғасырға – салтанатты ұрпақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс уақыты, емдік дене шынықтыру, адамның гигиенасы мен экологиясы туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған.
«Жасару құпиясы» кітап-күнделікте адам баласының аурмай ұзак ғұмыр кешуі мен жаңару әдістерін қамтитын салауатты өмірсырлары теориялық және практикалық жақтарынан баяндалады.
Адам денсаулығы дегеніміз не, ол неге байланысты және адам өз денсаулығын сақтау үшін не істей алады деген сауалдардың жауабын «Денсаулық энциклопедиясы» оқулығынан табуға болады.
Доктор Уиллет «Салауатты тамақтану химиясы» кітабында көптеген оқырмандарға созылмалы аурулардың алдын алуға көмектесетін мәзір үлгілері мен соңғы рецепттерді ұсынады.
Көрмеге қойылған кітаптар денсаулықты бағалауды, сақтауды және нығайтуды үйренуге көмектеседі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

2025 жылдың 11 сәуірінде «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 6697 ә/б Ұлттық ұлан сарбаздарына «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға қостанайлық ақын-прозашы, педагог, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Қостанай филиалының орыс әдебиеті секциясының жетекшісі Александра Ильинична Суслова және ақсақал, кітапхананың белсенді оқырманы Абдрахманов Жұмағазы Сейітқалиұлы қатысты.
Жұмағазы Сейітқалиұлы «Ладная семья» халықтық астарлы әңгімесі туралы айтып, Алина Әбдірашитованың «Халықтар достығы» өлеңін оқыды, содан кейін А. И. Сусловамен әңгіме өтті, оның барысында біздің оқырмандар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қостанай Ассамблеясының құрылу тарихын білді. Сондай-ақ, ақын Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен Морис Симашконың 100 жылдығына және Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған әдеби жобалар туралы айтып берді, олар ағартушылық сипатқа ие және жастарды туған өлкеге, өз еліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу үшін маңызды.
Александра Ильинична Қазақстан халқының рухани келісімін бейнелейтін өз шығармашылығы туралы айтып берді. Оқырмандар назарына «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Жұлдыздарға ұмтылу

11 сәуірде «Дружба» кітапхана-филиалында Дружба жалпы білім беретін мектебінің бесінші сынып оқушыларына Байқоңыр ғарыш айлағының 80 жылдығына және Ғарышкерлер күніне арналған «Жұлдыздарға ұмтылу» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы ғалымдар К. Э. Циолковский, С. П. Королёв және басқалар, ғарышкерлер Ю. Гагарин, А. Леонов, В. Терешкова, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, адамзаттың ғарышта алғашқы қадамдарын қалай жасағаны, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы туралы әңгімеледі. Содан кейін балалар Дружба ауылында тұрып, оқыған ғарышкер Дмитрий Петелин туралы біліп, оның ғарыштан бейне хабарламасын көрді.

Гүлді қиял

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Радуга» шығармашылық клубының жұмысы жалғасуда. Бұл жолы қатысушылар үшін «Гүлді қиял» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Қарапайым қағаз сүйкімді гүл себеттеріне айналды.
Балалар сурет салды, қиып-кесіп қиялдады, бір сөзбен айтқанда – жасады. Шеберлік сағаты жас қатысушыларға көктемгі атмосфера, шабыт пен қуаныш сыйлады!

Тамсандырған тәттілер әлемі

А. С. Пушкин ат. балалар кітапханасының қызметкері «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушыларын «МАРТ» ойын-сауық сауда орталығында «Cookieskst» зімбірлі тәттілер кондитерлік ұйымы ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатына қатыстырды.
Үйірме мүшелері зімбір печеньесін жасауды үйренді.