Кәсіптер калейдоскопы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «Книгочей» үйірмесінің қатысушылары үшін № 25 ЖББОМ «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Кәсіптер калейдоскопы» іс-шарасы өтті.
Кітапханашы балалардың назарын әр мамандық өзінше қажет және қызықты екендігіне аударды. Балалар қандай мамандықтар бар екенін білді. Дж. Родаридің «Чем пахнут ремёсла» өлеңі оқылды. Балаларға өз жұмысында керемет нәтижелерге қол жеткізген еңбекқор адамдар туралы баяндайтын «Еңбек Ерлері» кітабы ұсынылды. «Сөзді аяғына дейін айтыңыз» ойыны өткізілді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алып, жұмбақтар шешіп, әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді.
Соңында балалар түрлі мамандықтағы адамдарды суреттеді.

Кітап – біздің досымыз

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Солнышко» клубының қатысушылары үшін «Кітап – біздің досымыз» ақпараттық сабағы өтті. Сабақты барысында балалар сөрелердегі кітаптарды қарап, өздерінің әсерлерімен бөлісті, көлемі, беттер саны, иллюстрациялардың болуы және ата-аналарымен бірге оқығысы келетін кітаптарды атап өтті. Балаларға кітаптар туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдер ұсынылды. Содан кейін, балалар ертегілерге арналған иллюстрацияларды қарап, қай ертегіден алынған батыр екенін білді.
Сабақ нәтижесінде балалардың кітапқа деген қызығушылығы артты.

Гербера гүлдері

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» үйірмесіне қатысушыларға «Гербера гүлдері» атты шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында қатысушылар түрлі-түсті қағаздармен, желі мен қайшыны пайдаланып, кішкентай бүршіктер жиынтығын жасауды үйренді, содан кейін гүл жапырақшаларды қайшының ыңғаймен жолақ, жапрақшалар Гербералар деп аталатын жарқыраған кемпірқосақ гүлдері пайда болды.
Бұл шеберлік сабағы балаларға қызығушылықтары мен шеберлік деңгейіне қарамастан, қолөнер әлеміндегі мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Ауа райы

2025 жылғы 10 сәуірде Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Ауа райы» тақырыбына байланысты кезекті сабақ өткізілді. Бұл кезекті сабақ ауа райы жайлы толық ақпарат бере білуге, машықтандыруға арналды.
Клуб қатысушылары осы тақырып төңірегінде боран, жел, салқын, ыстық, жаңбыр, бұршақ, найзағай т.б. жаңа сөздермен танысты. «Сиқырлы мәліметтер», «Мәтінге назар аударайық», «Жасырын сөз» сынды тапсырмалар орындады.
Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Жазушы – Кітапхана – Оқырман

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Жазушы –Кітапхана – Оқырман» атты дөңгелек үстел өтті, оған ақын, жазушы, ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серікбай Оспанов, ыбырайтанушы Б. Сүйінкина, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры К. Мешітбаева, сондай-ақ А. Байтұрсынов ат. НМ, А. Бірімжанов ат. №115 және «Qazbilim» ұлттық лицейінің оқытушыларымен оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқу әуесқойлары кітап туралы, оқудың пайдасы туралы, өзара ынтымақтастық туралы пікірталас жүргізді. Жазушы Серікбай Оспанов өз еңбектері туралы айтып берді, балалар ақын шығармашылығынан «Жеті ата», «Ахмет ата», «Күй аңыздар» өлеңдерін оқыды, ал кітапханашылар әдебиетке шолу жасап, балаларға ребустар мен шағын викторина ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар QR-код арқылы балалар әдебиетінің қазынасын толықтыратын құнды еңбектерін ұсынған кітапханашыларға алғыстарын білдірді.

Ақын адам – ақ көңіл

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым, әлем халықтары Жазушылар Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының Құрметті азаматы Серікбай Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ақын адам – ақ көңіл» кітапханалық журфиксін ұйымдастырды.
Серікбай Оспанұлын өзі жазған жан әнімен Ахмет Байтұрсынұлы ат. мектеп мұғалімі Данагүл Өтепбаеваның орындауында қарсы алды. Балалық шақтың қызықты естеліктері, әдеби жолдың басталуы, туған жерге арналған алғашқы өлең – ақынның балалармен кездесуі осылай жалғасты.
Кітапхана ұжымы атынан мерейтой иесіне сыйға тартылған естелік сыйлық пен гүлдер – шығармашылық талантты мойындау және жерлестеріне деген мақтаныш.

Ұшатын зымыран

Ғарышкерлер күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» үйірмесінің мүшелері үшін «Ұшатын зымыран» оригами сабағы өтті. Кітапханашы балаларға мерекенің тарихы, алғашқы ғарышкерлер кім болғандығы туралы айтып берді. Содан кейін балалар оригами техникасында түрлі-түсті зымырандар жасап, коктейль түтіктерінің көмегімен оларды бірге ауаға ұшырды!

Бізбен бір толқында бол!

2025 жылдың 10 сәуірінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Туған жеріңе саяхат…» жобасы шеңберінде «Бізбен бір толқында бол!» үгіт-насихат бригадасын өткізді. Шараға Б. Момышұлы атындағы № 5 мектептің 9 «а» сынып оқушылары қатысты.
Вагин Юрий «РИТМ» жастар бірлестігінің жетекшісі және Ұлттық волонтерлік желінің жаттықтырушысы, жастарды игі іс жасауға шақырды.
Қостанай облысы облыстық ресурстық орталығының еріктілер секторының басшысы Иващук Анастасия таныстырылымның сүйемелдеуімен еріктілердің қызметі туралы айтып берді. Слайдтарға пікір білдіріп, сұрақтарға жауап берді, волонтерлердің түрлі бағыттардағы жұмысының жарқын мысалдарын келтірді. «Мы – волонтеры родной земли» өлеңі оқылды. Мамандардың сөзі оқушыларды адамдарға жақсылық жасау арқылы өзіңе де көмектесесің деген ойға алып келді.
Кітапханашы «Слова-ассоциации. Волонтёр – это?», ойынын өткізді. Балалар жақсылық туралы мақалдардың екі бөлігін жинады. Мейірімділік туралы, «Морская звезда» әңгімесін тыңдады.
Жобаға қатысушылар «Делая добро, ты меняешь себя и жизнь вокруг!» деген плакатпен көшеде өтіп бара жатқандарды волонтерлік қозғалыс қатарына кіруге үгіттеп, іс-шараны жалғастырды. Тілек білдірушілер «Давайте вместе делать добро!» буктемелермен танысып, әлеуметтік белсенділіктің пайдасы туралы стикер-үндеулер алды.

Дені сау болу – ұзақ өмір сүру ғасыры

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Собеседник» клубының мүшелері үшін «Дені сау болу – ұзақ өмір сүру ғасыры» атты өзекті әңгіме сағатын өткізді. Іс-шараға «Қостанай қ. №4 емханасы» КМК СӨС маманы Қ.С. Қуанышбаева шақырылды.
Құралай Сапарғалиқызы ағзаның негізгі көрсеткіштерін бақылаудың және салауатты өмір салты ережелерін ұстанудың маңыздылығын айтып берді: күн сайын қуану, қарым-қатынас жасау және белсенді болу, дұрыс тамақтану және көбірек қозғалу. Маманның айтуынша, ұзақ өмір сүру мен сұлулықтың құпияларының бірі – жақсы ұйқы, жақсы түнгі ұйқы иммундық жүйені нығайтады.
Іс-шараның барлық қатысушыларына қан қысымы өлшенді. Іс-шара барысында денсаулық туралы өлеңдер мен әндер айтылды. Клуб белсендісі А. Р. Кударова «Салауатты өмір салтына – ия!» тренингін өткізді.
Іс-шара соңында кітапханашы «Өмір салты – денсаулық!» тақырыптық сөренің кітаптарын ұсынды.

Эко-факт

2025 жылдың 10 сәуірінде Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері қаланың орталық саябағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Эко-факт» акциясын өткізді.
Кітапханашылар Қазақстандағы, және Қостанай қаласындағы экологиялық проблемалар туралы айтты. 2025 жылдың 22 сәуірі Жер күні ретінде атап өтілетіні айтылды. Қала тұрғындарына тек Қазақстанның ғана емес, дүниежүзінің экологиясы туралы деректер беретін «Эко-факт» ақпараттық буклеттер таратты.
Іс-шараның бұл түрі адамдарға экологиялық мәселелермен танысуға мүмкіндік береді және табиғатымызды қорғауға шақырады.