Менің күн тәртібім

«Южный» кітапхана-филиалында «Друзья природы» үйірмесінің қатысушыларына «Менің күн тәртібім» сабағы өткізілді. Кітапханашы өз күнін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін, күн тәртібін сақтау – денсаулыққа апаратын жол екенін айтты. Үйірменің жас қатысушылары өздерінің күн тәртібімен бөлісті. Дұрыс тамақтану, ұйықтау, дұрыс демалу туралы әңгімелесті. Балалар ойындарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында балалар «Как устроено тело человека» сериясынан: «Движение», «Мышцы», «Скелет», «Дыхание» кітаптарды тамашалады.

Пластилиннен жасалған ғарыш

«Западный» кітапхана-филиалында Ғарышкерлер күні қарсаңында «Умелые ручки» клубының қатысушылары үшін «Пластилиннен жасалған ғарыш» шебер сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларға ғарышты игеруге және дамытуға өз үлестерін қосқан көрнекті адамдар туралы айтып берді. Неліктен Марс бұл атауды алып жүретінін және қызыл реңкке ие екенін, Венера қалай айналатынын және Күннің қалай көрінетінін білді. Балалар түрлі-түсті қағазды, желімді, қарындашты, пластилинді, фольганы, қайшыны және маркерді пайдаланып күн жүйесінің планеталарының қолөнерін жасады. Жұмыстар жарқын және әдемі болып шықты.

Кітаптың үйі

«Почемучка» балалар клубының жұмысы аясында «Ақ желкен» балабақшасының үлкен тобының балаларына арналған «Кітаптың үйі» шеберлік сыныбы өтті. Іс-шара барысында кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы, «Кітаптың Айболиті» шеберлік сыныбы, «Кітаптың үйін саламыз» сайысы өткізілді. Балалар қуана қатысып, эмоцияларын білдірді, «Кітаптың үйін» салып, кітаптарды емдеді.

Ұлттық Құрылтай: дала демократиясының жаңа дәуірі

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттерімен «Ұлттық құрылтай: дала демократиясының жаңа дәуірі» кездесу сағатын өткізді. Жүргізуші Қазақ хандығынан бастап Құрылтайдың тарихын айтып берді. 2025 жылдың 13-14 наурызында Ақмола облысының Бурабай қаласында өткен Құрылтай мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚАУ тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шәукенов Жангелді қатысты. Бұл ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысы болды, онда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелері қозғаған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, «Қоғамдық этиканы реттеу», «Деструктивті үрдістерге қарсы іс-қимыл», «Алаяқтық түрлері» тақырыптары бойынша өз ұстанымын білдірді.
Соңында тақырыптық сөреге шолу жасалды.

Үй жануарлары

«Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Западный» кітапхана-филиалында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Балалар жануарларды ұстаудың негізгі ережелерімен танысты, сұрақтарға жауап берді, үй жануарларын дұрыс ұстауға көмектесетін кітаптар мен журналдармен танысты. Олар қандай жануарлардың үй жануарларына жататынын есіне алды, мысықтар, иттер және басқа жануарлар туралы сөйлесті. Сондай-ақ үйдегі достар туралы әңгімелерімен бөлісті. Үйірме қызықты әрі пайдалы өтті.

Табиғатты қорғайық

Экологиялық білім беру аясында ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында 5 сынып оқушыларына «Табиғатты қорғайық» экологиялық сабағы өтті.
Кітапханашы экология мен адам денсаулығына кері әсер ететін факторларды тізімдеді. Ол табиғи апаттардың басты себебі табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін адамның іс-әрекеті екенін айтты.
Оқушылар «Қоқыстың ыдырау мерзімі» презентациясын қарап, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді.
Сонында балалар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін тұжырымдады.

Ұлттық құрылтай

2025 жылы 09 сәуірде № 22 ОМ 11 сынып оқушылары үшін «Северный» кітапхана-филиалында «Ұлттық құрылтай» диалог алаңы өткізілді.
Шара барысында балалар «құрылтай» дегеніміз не, оның қашан құрылғаны туралы және Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында талқыланған тақырыптармен танысты. Сондай-ақ оқушылардың назарына «Важные заявления Токаева на Национальном курултае» бейнеролигі ұсынылды.

Жырдың жарық жұлдызы

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 9 сәуірде Қазақстан Республикасының халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевқа арналған «Жырдың жарқын жұлдызы» атты еске алу кешін өткізді.
Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы, Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы айтты. Т. Молдағалиев Республиканың алғашқы Әнұраны мәтінінің тең авторы деп айтылды. Сондай-ақ, Тұманбай Молдағалиев қазақ поэзиясына ең жарқын ақын-лирик ретінде ғана емес, Қазақстанның ең үздік балалар ақындарының бірі ретінде де танымал екенін атап өтті. Ол сондай-ақ көркем аударма саласында жемісті еңбек етті. Ол ТМД-ның шетел және көпұлтты әдебиет классиктері Байронның, М. Лермонтовтың, Р. Гамзатовтың және т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударды.
«Өлмейді махаббат», «Сен маган өлең жазбай кеттің дейсін», «Жыр–ана» және т. б өлеңдер шырқалды.
Іс-шара соңында «Тұманбай поэзиясы – мәңгілік мұра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Г.-Х.Андерсеннің ертегілері бойынша

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысының өткізуімен № 20 мектепте 4-сынып оқушыларымен бүкіл әлемге танымал дат жазушысы және ертегіші, шығармалары балалар мен ересектерді өздерінің сиқырлы әлеміне алып кететін атақты жазушы – Ханс Кристиан Андерсеннің туғанына 215 жыл толуына орай ертегілері жайлы әдеби жайлауы «Г.-Х. Андерсеннің ертегілері бойынша» өтті.
Іс-шарада Х. К. Андерсеннің өмірбаяны мен еңбек жолы жайлы ақпарат берілді. Оқушыларға ертегішінің «Гадкий утенок», «Дюймовочка», «Русалка» ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетіліп, алған әсерлері талқыланды.
Іс-шараның соңында ертегілер бойынша пазлдар құрастырып, кітапханашы дайындаған «Х. К. Андерсеннің ертегілер әлемі» атты кітап көрмесімен танысты.

Балалық шақтың кітап кемпірқосағы

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Халықаралық балалар кітабы күнін мерекелеу аясында № 13 ЖББОМ оқушылары үшін Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Х. Андерсеннің «Дюймовочка», А. С. Пушкиннің «Сказка о попе и работнике его Балде» және басқа кітаптардың мерейтойлық күндеріне арналған «Балалық шақтың кітап кемпірқосағы» атты әдеби вернисажын өткізді.
Балалар іс-шара барысында балаларда сияқты кітаптардың туған күндері болатындығы туралы білді. Балалар «Халық даналығы», «Ертегі граммофоны» көңілді конкурстар мен викториналарға қуана қатысты. Ұсынылған кітаптарға сәйкес олар ертегі кейіпкерлеріне сипаттама берді, шығарманың қысқаша сюжетін қайталады.
Қазіргі мектеп оқушылары әлі де сұранысқа ие және өзекті болып табылатын әлемдік балалар әдебиетінің сүйікті шығармаларын жақсы білетіндіктерін көрсетті.