Б. Житковтың шығармалары бойынша дауыстап оқу

«Южный» кітапхана-филиалында «Друзья природы» үйірмесінің қатысушыларына арналған Борис Житковтың «Про слона», «Беспризорная кошка» шығармалары бойынша дауыстап оқулар өтті.
Іс-шараның басында кітапханашы балаларды тамаша балалар жазушысы Б. С. Житковтың шығармашылығымен таныстырды. Жас оқырмандар жазушының әлемнің көптеген елдерінде болғанын, таңғажайып адамдармен танысқанын және әртүрлі жануарларды көргенін білді. Ол көргендерінен алған әсерлерімен кітаптарының беттерінде бөлісті. Дауыстап оқығаннан кейін балаларға «Про слона» әңгімесінен дәйексөздерді аяқтау, «Беспризорная кошка» әңгімесі бойынша тест-викторинадан сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Үйірме қатысушылары сұрақтарға белсенді жауап беріп, Б. Житковтың кітаптарымен танысты. Балаларға Борис Житковтың «Как я ловил человечков» әңгімесі негізінде анимациялық фильмді көру ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында көптеген балалар жазушының қызықты әңгімелерін оқыды.

Рухани келісім – әлемді өзгертудің кілті

18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Осы күнге «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері толерантты қоғамдық сана, конфессияаралық және этносаралық келісім мәдениеті идеяларын ашатын тарих, философия, дін, педагогика бойынша кітаптар ұсынылған «Рухани келісім – әлемді өзгертудің кілті» көрме-фактісін рәсімдеді.
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлидің «Ислам – религия мира и созидания» кітабы үш тараудан тұрады. Біріншісінде автор исламды дін және өркениет ретінде қарастырады. Екіншісінде ол Қазақстандағы исламның рөлі мен орны туралы айтады, үшіншісінде бірқатар сұхбаттар негізінде исламның адамгершілік, бейбіт, толерантты дін екендігі көрсетілген.
Лама Шариф Қайрат өзінің «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты кітабында діннің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына байланысты мәселелерді көтереді.
«Религия и общество», «Религия и традиции» атты екі бөлімнен тұратын «Исламдағы өзекті мәселелер жайындағы сұрақ-жауаптар» жинағында қазіргі қоғамдағы ислам мен қазақ дәстүрлерінің арақатынасына байланысты өзекті сұрақтарға жауаптар беріледі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!

Жанымен жас

1 қазанда «Дружба» кітапхана-филиалы «Дружба» тұрғын алабының зейнеткерлері үшін «Мирас» ҚМҮ № 2 филиалымен бірлесіп Қарттар күніне арналған «Жанымен жас» мерекелік бағдарламасын өткізді. «Жұлдыз» домбыра студиясының музыканттары Эвелина Цыкунова, «Жест» хореографиялық студиясының қыздары ата-әжелерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Әдемі өлеңдер шырқалды, құттықтаулар мен тілектер айтылды. Бағдарлама қонақтары би билеп, ән айтып, «Немерелеріне арналған құймақ», «Балық аулаудағы аталар», «Ән айтайық, достар», «Закидушка», «Түсіндірмелер» күлкілі ойындарына қатысты. Мереке өте жақсы өтті!

Жанып тұрған жұлдыз – ғалым Шоқан Уәлиханов

«Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ 5 «Б» сынып оқушылары үшін «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жанып тұрған жұлдыз – ғалым Шоқан Уәлиханов» әдеби визиткасын ұйымдастырды.
Іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Әсем Рахимқызы, «Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханашысы Бексұлтанова Рсалды Қасымханова қатысты.
Өз сөзінде олар жас ұрпақ арасында Ұлы ғалым мұрасын насихаттау жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуде, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ ғалымының өмірі мен қызметі туралы ақпаратты тыңдады. Оқушылар Шоқан Уәлихановқа арналған өлеңдер оқып, өмір туралы сұрақтарға жауап берді
С.Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасынан үзінді бойынша сахнаны көрсетті, математикалық ойындар ойнады және ойындарға қатысқаны үшін тәтті сыйлықтар алды.
Іс-шара соңында «Шоқан – жарқын жұлдыз! Шоқан – халқымыздың мақтанышы» кітап көрмесімен танысты.

Ақылды қария – ағып жатқан дария

2025 жылдың 1 қазанында Н. Островский ат. ОҚК ұжымы кітапхана ісінің ардагерлер мен «Лада» және «Вдохновение» клубтарының мүшелеріне Халықаралық қарттар күніне арналған «Ақылды қария – ағып жатқан дария» мерекесін өткізді. Кітапханашылар мерекенің тарихымен бөлісті.
Жиналғандар «Мирас» МҮ әншісі Д. Ақтановтың, «Ақ-Дариға» тобының мүшесі Ж. Ишанованың, гитарист В. Цойдың музыкалық нөмірлерін тамашалады. Көрермендер мерекелік шараға белсенді қатысты. Ардагер кітапханашылар мен клуб қатысушылары шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Талант қыры

«Северный» кітапхана-филиалында ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Талант қыры» атты портреттік кеш өтті.
Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, презентация, оған арналған бейнеролик көрсетті. Оқушылар Жұбан Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапханашы тақырыптық сөре бойынша әдебиеттерге шолу жасады.

Ал жылдар өтіп барады

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Мирас» ҚМҮ № 1 филиалымен бірлесіп, оқырмандар үшін «Ал жылдар өтіп барады» кешін ұйымдастырды. Іс-шараға «Ескі тұрмыстық заттарды тап», «Сөйлемді аяқта», «Салауатты жан» викториналары және концерттік нөмірлер кірді. Қонақтар күз, махаббат пен достық туралы өлеңдер оқып, сүйікті фильмдерінен әндер шырқады. «Сіздің өміріңіздің алтын мезгілі» көрмесі қатысушыларды 2025 жылғы кітап жаңалықтарымен таныстырды. Мереке шай ішумен және жылы қарым-қатынаспен аяқталды. Аға ұрпақ ұйымдастырылған мереке үшін алғысын білдірді.

Қарттарым – асыл қазынам

Қарттар күні қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар мен «Золотой возраст» клубының қатысушылары үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты позитивті кеш өткізді.
Кітапханашы қонақтарға жылы құттықтаулар мен тілектер айтып, қарт адамдарға адал еңбегі, зор өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін терең құрмет пен алғыс сөздерін білдірді. Клуб қатысушылары «Ескі тұрмыстық заттар», «Дана сөз», «Әуенді тап» ойындарына белсенді қатысты.
№ 6 және 18 мектеп оқушылары А. Дементьев, Э. Асадовтың өлеңдерін оқыды. «Лира» ансамблінің қатысушысы В. С. Крайчинскаяның орындауында Ш. Қалдаяқовтың, С. Оспановтың әндері, А. Пушкин мен С. Есениннің өлеңдеріне романстар шырқалды. Кітапханашы «Жизни золотой листопад» тақырыптық сөресіне шолу жасады.
Барлық қатысушылар сергектік, позитивті көзқарас пен жақсы көңіл-күй алды.

Кітаптарда ғибадатхана бар – кітапхана

2025 жылғы 27 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері орталық алаңда «Кітаптарда ғибадатхана бар – кітапхана» акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты – кітапхана заманауи және қолжетімді мәдени кеңістік болып қала беретінін еске салу, онда әркім өз қалауы бойынша кітап таба алады, электрондық ресурстарды пайдалана алады және шығармашылық іс-шараларға қатыса алады.
Кітапхана жұмысы, қор және қызметтер туралы ақпараты бар жарқын буклеттер табысталды.
Қала тұрғындары мен қонақтары материалдармен қызығушылықпен танысып, сұрақтар қойып, кітапханаға шақырулар алды. Акция жылы және достық атмосферада өтті, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлады және кітаптарға жиі жүгінуге ниет білдірді.

Қазақстан табиғаты

2025 жылғы 26 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» кезекті сабақ өткізілді. Қатысушылар өткен тақырыпты қайталай отыра, «Қазақстан табиғаты» атты жаңа тақырыппен танысты. Бұл кезекті сабақта Қазақстан табиғаты туралы мәлімет айтылды, жаңа сөздер меңгерілді. Қатысушылар тақырып бойынша өз ойын ауызша және жазбаша жеткізді, «Бос орындарды толтыр», «Суретпен жұмыс» сөйлеу тапсырмаларын толық орындап шықты.
Сабақтың қызықты, әсерлі өтуі ойластырылып, тапсырмаларды орындауына, тіл үйренушілердің жаңа материалдарды игеруіне барлық жағдай жасалды. Тіл үйренушілер кезекті кездесуден алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, тарқасты.