Н. Островский ат. ОҚК «Міндет. Абырой. Ерлік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі тарихи және әскери-патриоттық басылымдар қойылған.
Тарихты сүйетіндерді көшпенділердің әскери өнері туралы «Ұлы шайқастар» кітабы қызықтыратыны сөзсіз. Авторлар ұжымы деректі және тарихи дерек көздерден материал жинап, оны түрлі-түсті иллюстрациялар мен шайқас схемаларымен, сондай-ақ ірі шайқастар мен жорықтардың сипаттамасымен сүйемелдеді. Көрмеде Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттер ерекше орын алады. «Аңыздан шыққан қыз» жинағында мерген Әлия Молдағұлованың ерлігі сипатталған, ал «Штурм» деректі әңгімесінде Рахымжан Қошқарбаев Берлин үшін шайқас пен Рейхстагты басып алуды сипаттайды. Т. Жақыптың «Генерал Нұрмағамбетов» кітабы Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің жауынгерлік жолына арналған. Нақты оқиғалар негізінде А. Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ (Қара майордың мұсылман батальондары)» атты кітабы жазылды.
Қазақстанның әскери тарихына қызығушылық танытқандар үшін көрмеде әскери құқық, әскери педагогика бойынша кітаптар, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша жарғылар мен оқулықтар ұсынылған. Кітап көрмесі көптеген оқырмандар үшін қызықты болады.
