Жер экологиясы

«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» клубының қатысушыларына «Жер экологиясы» тақырыбында сабақ өткізілді. Шара барысында балалар экологиялық проблемалар мен экологиялық апаттардың жаһандық ауқымын ашатын қызықты фактілер туралы білді. Қазақстандағы экологиялық проблемалар мектеп оқушыларының ерекше алаңдаушылығын тудырды. Балаларға «Жер экологиясы», «Қазақстан экологиясы» бейнефильмдері, сонымен қатар тақырып бойынша мультфильмдер көрсетілді. Балалар ойындар мен викториналарға белсенді қатысты. Іс-шара соңында кітапханашы жас қатысушыларды экология бойынша әдебиеттермен таныстырды: В. И. Коробкин, Л. В. Передельский «Сұрақтар мен жауаптардағы экология», К. Алишева «Экология».